29.01.2022
  266


Автор: НҰРЛЫБАЕВА ГАУҺАР

Күнде қаза...

Күнде қаза, күнде жайсыз хабарлар,
Өміріміз не боп кетті, адамдар?
Жақсылықпен атар таң бар, бұл сәтті
Жағымсыз бір түс деп қана санаңдар.

Қақтығыссыз болды майдан алаңы,
Аз халқымды вирус жалмап барады.
Аза тұту күні бүгін - қазақтың
Тарихында таңба болып қалады.

Айтамыз деп зарын кімге, ашына,
Қайғы жұтып қартамысы, жасы да.
Қорқынышпен ауыр азап арқалап,
Қаралы күн туды елімнің басына.

Әлі тажал қаһарынан танбады,
Аждаһадай кімге ауыз салмады?
Айырылдық асылдардан қаншама,
Аман болса екен енді қалғаны.

Бәрімізге ортақ - қайғы, ортақ - мұң,
Жігеріңді жинап, халқым, жол тапқын.
Қайтқандардың пейіш болсын мекені,
Әр пенденің қайғысына ортақпын.

Нәубет, соғыс....бұдан қиын күн де өткен,
Заманымды қайтем жөнсіз тілдеп мен?
Бір Алланың қалауымен, тезірек
Кұтылайық аты жаман індеттен!!!


 


НҰРЛЫБАЕВА ГАУҺАР өлеңдері, ұлттық аза тұту күні, 13 шілде





Пікір жазу