29.01.2022
7187
Қимаймын. Алла алдыңыздан жарылқасын, анашым! Жаныңыз жәннатта болсын!
Жарып өтті жүректі қанжардайын тілімдеп
Сіздің жансыз бейнеңіз таста тұрған күлімдеп.
Сене алмаймын, күтемін, қайта оралып өзіңіз:
"Жыламашы, қызым," - деп жұбатардай бүгін кеп.
⠀
Емдемейді екен-ау жан жарасын дәрі де,
Шарасызбын көтерем, көнем, ана, бәріне.
Біреу келіп оятса: "Мұның бәрі - жалған!!!" -деп,
Қорқынышты түс көріп жүргендеймін әлі де.
⠀
Мазаласам орынсыз, кешіріңіз, анашым,
Қандай ана назардан тыс қалдырар баласын?!
Қиналғанда қасымнан табыларсыз әрдайым,
Рухыңызбен жалғарсыз екі дүние арасын.
⠀
НҰРЛЫБАЕВА ГАУҺАР КӨПЖАСАРҚЫЗЫ
⠀
07.08.2020 ж.