29.01.2022
180
* * *
Әбден торлап алды ма сананы мұң?
Жүрегім - зіл, ал өзім - жаралымын.
Таң себелеп атқанда түсімде де
Сізді көріп ояндым, ана, бүгін.
⠀
Дендеді бұрынғыдан бетер мұңым,
Дәл солай сізге енді жетер ме үнім?
Жыладым ағыл-тегіл, ояндым да,
Білгенде бәрі түсім екендігін.
⠀
Сізге деген сағыныш басыла ма?
Кім құрғатар көзімнің жасын, ана?
Бүгінгідей түсімде тілдесейін,
Жиі келіп кетіңіз қасыма, ана.
⠀
Сізсіз, ана, мен қалай бақ табайын?
Сізді іздеймін қиналған шақта дәйім.
Жиі сұрап тұрыңыз жағдайымды,
Жан сырымды тек сізге ақтарайын.
⠀
Тым болмаса, түсімде шаттанайын....
⠀
НҰРЛЫБАЕВА ГАУҺАР КӨПЖАСАРҚЫЗЫ
⠀
12.08.2020 ж.