29.01.2022
4636
Ұстаздар байқауына таныстыру
Өмір осы, ақ қарасы бір жүрер,
Көп болсыншы кезіміз бұл дүркірер.
Сәлем бердім, баршаңызға иіліп,
Алдарыңда Айдын ұстаз, жұрт білер.
Ұстаздық бұл — жақсылықтың бастауы,
Ұстаздық бұл — қиындықта саспауы.
Шәкірттерге білім берер, тәрбие,
Ұстаздық бұл— сыйластықты растауы.
Келіп қалдым ат терлетіп сайысқа,
Ұстаздармен білімімді сынап мен.
Қате бассам бұйырмаңыз айыпқа,
Келген едім өлеңдетіп жыр атпен.
Орта жүзден шыққан ұстаз мен болам,
Ақмаралмын, керімдейін керілген.
Әкем аты Айдарғали болады,
Тектілігі бабалардан берілген.
Әріптестер сәттілік тек сіздерге,
«Жаратқаным жар болсын» деп біздерге.
Байқауымыз қызықты өтсін ендеше,
Қуанышын, шаттық сыйлап сіздерге.
Жібек Искакова
Таныстыру Ұстаздар байқауы Ұстаздар байқауына таныстыру байқауға таныстыру Ұстаздар сайысы ұстаз таныстыру ұстазға таныстыру мұғалімдер байқауына таныстыру мұғалімдер сайысы мұғалімдерге таныстыру