29.01.2022
2755
Ұстаздар байқауына
Жүрегімде махаббат бар, жалын бар,
Кезім осы оттай болып жалындар.
Армысыздар, әріптестер, ұстаздар,
Бұл сайысты шын жүректен қабылдар.
Балаларға білім беру, қуанту,
Мұңайғанда демеу беріп, жұбату.
Ұстаздардың міндеті бұл деп білем,
Керек кезде әнмен қоса жыр айту.
Бұл сайысқа шыңдалғалы келгенмін,
Көктемдегі бүршік жарған талдайын.
Жақсылардың соңдарынан еріп мен,
Жақсы сөзді жүрегіммен қармайын.
Арманқызы Айман ұстаз боламын,
Кіші жүзден тараған кең далама.
«Ұстаз болу жауапты іс» деп білем,
Болашағы үшін әрбір балаға.
Жібек Искакова
Таныстыру Ұстаздар байқауы байқауға таныстыру Ұстаздар сайысы ұстаз таныстыру мұғалімдер байқауы мұғалімдер байқауына таныстыру мұғалімдер сайысы мұғалімдерге таныстыру