29.01.2022
  4339


Автор: Таныстыру сөздері

Мұғалімдер сайысына, таныстыру

Армысыздар әріптестер, қазылар,
Әр уақытта қасымыздан табылар.
Мұғалімдер сайысына кеп қалдым,
Шамнан шырақ болып әркез жағылар.

Біз мұғалім — оқушыны оқытар,
Тәрбие мен білімдерін тоқытар.
Балалардың көңілдерін бағамыз,
Білімдерін бұлақтайын ағытар.

Бұл сайысқа бақ сынауға келгенмін,
Оң аяқпен ырым етіп енгенмін.
Жақсылардың соңдарынан қалмай мен,
Маржан сөзді теруге сөз бергенмін.

Айдарқызы Айжан ұстаз боламын,
Шәкірттерге шаттық болып қонамын.
Сөздерінде жалыны бар, дарын бар,
Орта жүзден келген ұстаз боламын.
Жібек Искакова





Комментарии

Жансауле
Жансауле 25.10.2022 03:26
психологпын

Пікір жазу