29.01.2022
  149


Автор: Қалихан Ысқақ

Нығыметтің екінші әңгімесі

Қонақ үйдің күңгірт залы. Әр тұстан жылтыраған ақсұр лампалардың ала-бұдыр сәулесі көз тентіретіп елеусіреп қана тұр. Арагідік шығар ауыздағы пружиналы есіктің сарт-сұрт еткені болмаса, бөгде дыбыс та, бөгде жүріс те тоқталған. Есік ысқырып ашылады да, сақ етіп қауып алады босағаны, кірген-шыққанның кейбіреуінің етегіне жармасып қауып жатыр. Сұр дермантинмен қапталған суық есіктің қатыгез ызғарынан темір пружина да дірілдеп, көпке дейін қалшылдап тұрып алды. Абажадай сарғыш стол, төрт сирағы төрт жаққа аяқтаған сарғыш кресло, етженді еңгезердей сары әйел үшеуі де бұрышқа тығылып апты. Есік сарт еткенде сары әйел басын бір көтеріп еді, тағы да бурыл сарғыш басы салбырап, омырауына түсіп бара жатыр. Стол белі қайысқандай анда-санда бір ыңырсып қояды, кресло жүгін ауырлағандай бақайы майысып барады. Қабырғадағы сағат он екіні ұрды. Әйел басын көтерді де, «ыссып» деп сілекейін бір сорып алып, столға тағы артылды.


Диванда жас келіншек отыр. Ала шәлісінің шалғайын ағытып тастапты. Самайынан қобырап төгілген қара шаш дөңгелек жүзін жартылай жасырып қапты. Бір қолтығында бес-алты жасар ұл бала қалғып барады. Жөргекке оралған екіншісі алдында, қыңқылдан жылай бергесін келіншек имене, қырындай отырып омырауын берді сәбиге.


Нығымет көп оралмай тез келді. Бізді шығарып салмақ еді, әуелі дивандағы келіншекке бұрылды:


— Сіз неғып отырсыз?


— Күршімнен келіп едік. Автобусымыз жол бойы жүз тоқтап жеті түнде азар жеткеніміз қалаға. — Келіншек шаршаған кейіп білдіріп күрсініп жіберді. — Қонақ үй біткенді түгел адақтап шықтым, орын жоқ деп зәрезеп болады. Енді қайда барарымды да білмеймін тіпті.


— Япырай, ә, сіздерде шынында орын жоқ па еді? Сары әйел жауап бермес бұрын аузын қолымен көлегейлей әуелі есінеп алды, сосын саусағымен мәнерлеп, жасаураған көзінің құйрығын сүртті.


— Орын болса мана жайғастырмаймыз ба. Біз де біліп отырмыз ол кісінің жайын. Жоқ. Жоқ болған соң амал қанша. Жалғыз орын бар еді, ол да ерлердің жалпы бөлмесінде.


— Онда біздің номерге жіберсеңіз қайтеді?


Кезекші әлденеден сезіктенгендей Нығыметке күдіктене қарады да, «осы не айтып тұр?» дегендей көзілдірігін танауының доғал жотасына ысырыңқырап қойып, тағы шұқшия қалды.


— Біздің номер екі-ақ кісілік қой, менің қасымдағы жігіт бір түнге жалпы бөлмедегі бос орынға ауыссын. Мен мына жігіттермен еріп бір жерге түнеп шығармын. Күн болса жауын, коридорыңыз салқын екен, жас сәбилерге обал ғой.


— Мұныңыз рыцарство ма, жоқ жанашырлығыңыз ба?


— Тіпті ешқайсысына жорымасаңыз да қателеспейсіз.


— Мейлі, мейлі... Тек қоналқы пұлыңды өзіңіз төлейсіз. Орын сіздікі. Мен сізді ғана білемін.


— Жақсы. Солай-ақ келіселік...


...Жаңбыр сіркіреп тұр. Қара барқыт аспан. Қара барқыт көше. Тым-тырыс. Көп үйлердің шамы өшкен. Кейбірінен жетім оттар сығыраяды. Кейбірі жалп-жалп сөніп жатыр. Тек баған басындағы шырақтар көз жанарын қала шетіне шығарып сап тұр. Су шылаған трамвай рельстері электр нұрына жалтырап, сырықтай созылып, ол да қала шетіне ирелендей қашып барады. Қала шеті жеткізер емес. Қара барқыт асфальттағы шеңбер-шеңбер қақтарға таласа-тармаса шіркейлер қонып жатқандай, жыбыр-жыбыр етеді. Өзен бойын селдір бу торлаған. Өзен бойынан салқын леп келеді, беттің түгін бедірейтіп, балақтан желпіп келеді.


Бір екеу бұрышта сүйісіп тұр. Қыздың бойы аласа ма, өкшесін қайта-қайта көтере береді. Бізді көріп, қалпақ киген жігіт көшеге ту сыртын берді, қыз қалпақ астына кіріп кетті. Жігіт біздің тез өткенімізді қалап-ақ тұр, қыз да оның иығынан асыла, ұрлана көз тастап қойды бір-екі рет. Кірпігін қағып-қағып жіберіп жеңіл машина зыр етті. Пристань жақтан пароходтың өкірген даусы естіледі. Нығымет селт еткендей болды, жүрісін баяулатып, қайта-қайта сол жаққа алаңдап келеді. Пароход тағы да өкіріп-өкіріп жіберді. Вокзалдан шіңк-шіңк етіп оған паровоз жауап қайырды. Тырп-тырп басқан үшеуіміздің аяғымыз тас көшені жаңғырықтырды.


— Әр уақыт пароходтың дауысын тұңғыш естігендей боламын да тұрамын. Естіген сайын көкірегімді бір нәрсе ашыла шымшып-шымшып алғандай болады да тұрады. Ойламайын дегенмен көңілге қайта-қайта орала береді құрғыр. Кеңірдегіңе ащы іркіттің өңезі тұрып қалғандай лықсып кеп қалады ар жағыңнан. Ол да бір жүрекке қаяу салған мезгіл еді ғой. Өтіп кеткеніне қуанасың. Бәрінен де өтіп кеткені қуаныш қой...


Қазір теңіз астында қалды, өздерін білетін Қызылжар пристанінде шешем, алты айлық қарындасым Қазимаш үшеуіміз бір апта пароход күтіп жаттық. Ойымыз әкемнің жай-күйін біліп қайту. Босанып шыға ма деген де үмітіміз бар. Екі-үш таба нан, бір қалта күрт алған едік жолға. Нан түгесіліп, қатты құртты қажай бастағанымызда Тополево-Мыстан зарықтырған пароход та келіп жетті-ау әйтеуір. Үш тәулік су үстінде сарғайып осы қалаға келдік. Үстімде көне-тоз шолақ шыт көйлек пен өзбек дамбал — тұттай жалаңашпын. Шешем іске татыр соңғы киімімізге дейін сатып, аз-мұз ақша қып шыққан. Әкеме септігі тиер ме екен деген ойы ғой баяғы.


Аспан айналып жерге түскендей, маңдайымды күн тесіп, тас көшенің ыстық жалыны табанымды қарып барады. Қала іші күйіп тұр. Шешем бірімізді көтеріп, бірімізді жетелеп, үлкен қаланың бұрыш-бұрышын сағалап ұзақты күнге қаңғырды. Таңдай кеуіп, өзек талып, ес кетіп жан шыққанда, шешемнің айтуынша, біздің елдің адамы, жамағайын бір таныстың үйін зорға таптық. Қас қарайған шақ еді. Есіктен бір әйел басын ғана қылтитты да:


— Бұ кім өзі?! — деп состия қалды.


— Біз ғой, аман-есенсіңдер ме? — деп шешем ілгері жылжып, амандасқан боп еді, әйел есіктің тұтқасын өзіне тарта түсті:


— Біз ғой, Қизатпын ғой, танымай тұрмысың? Қоналық деп кеп тұрмыз.


— Қизат дейді?.. Қизат?.. — Әйел танымаған кейіп білдірді де, қипақтап бөгеліп қалды. Сосын: — Қазір, — деп есікті жауып алды.


— Әй, бармысың, бері шықшы. Әлгі Қапшекердің жетімектері кеп тұр, — деп әлдекімге күбірлеп жатты ол.


— Не дейді? Қой, ойбай! Құрсын әрі! Бәле-жаласынан аулақ! Бір нәрсеге ұрындырып жүрер! — деген ер адамның үні шықты ар жақтан. Әйелдің селтиген басы есік жақтауынан тағы да жылтың етіп шыға келді.


— Үй иесі жоқ. Қондыра алмаймын!


...Жып-жылы тамшы бетіме тырс етті. Шешемнің көз жасы екен. Аузымдағы жетім малтаның суы да жұтылмай, өңешімнен өтпей қалды. Мен оның ашылған омырауын көрдім, бауырына Қазимашты қысып апты. Үстінде жұқа көйлектен басқа киімі де жоқ, бешпетін менің жамбасыма төсеп берген. Жалаңаш кеудесін Қазимашпен жылытып отырғандай. Аспанға қарап отыр екен. Түнерген түпсіз аспан. Көшкен бұлттың жыртық-жыртығынан жұлдыз сығалап қалады. Түнерген бақ іші. Қалың ағаштың саңылауынан жылт-жылт от сығалап қояды. Оттар бірде бұта- бұтаны тасалап, бізді қаумалап кеп қалады, бірде алыстап, көше-көшені қыдырып кетеді, көшеден үй-үйдің терезелеріне секіріп-секіріп шығып алады. Пристаньнан пароходтың өкірген даусы естілді. Менің көз алдыма көмірдің күлі басқан пароходтың төртінші класы, түйіншек- қаптарға сүйеніп -сүйеніп қалғып отырған жолаушылар, ала тельняшка киген, едірейген қияқ мұртты, мығым денелі кеменің шкипері елестеді. Сәл мақтаншақтау, осы бір орта жастағы ақ көңіл адам маған қатты ұнап қалған еді. Үш тәулік бойы ол өзінің қызметін, тіршілігін, пароходын, өзен-суды, бала-шағасын мақтанышпен әңгіме қып жалықпай айтып берген-ді. Үш тәулік бойы балық біженнің сан түрін аузының суы құрыш саусағымен санап шығып:


— Әй, өзің түк білмейді екенсің ғой. Менің сенімен жасты балам жердің жыртығын жамамағанмен, балыққа келгенде алдына жан салмайды. Оған да үйреткен мына өзіміз, — деп бөскені бар.


— Тегі, түкке үйретпеген әкең нашар ғой.


Көз алдыма әкем келе қалды. «Жоқ, менің әкем жаман емес», — дегім келді. Бірақ үндегем жоқ. Ол бір пристаньде базарға шығып, қақтаған екі-үш балық ап келді. Менің алдыма қойып:


— Же, балам, же! Бұ бізден қалған дәм ғой, — деп тықпалағаны да есімнен кетпейді. Өзі сілекейін жұтып, тамсанып қойып қасымда отыр. Осындай әкесі бар балалар қандай бақытты екен деп ойладым.


— Әкең қайда? — деді ол.


Мен әкеме келе жатқанымды айттым.


— Ә, қалада жұмыс істейді екен ғой. Жөн-жөн. Табысы көп пе?


Мен тағы да үндей алмай қалдым. Ол басқаға жорыса керек, менің жадау киімімді, жүдеу өңімді шолып шығып күрсінді.


— Ауыл тұрғанда қаланың кәсібін қуалап не бар? Қала деген қымбатшылық қой. Бәрі сатулы, қанша табысты бір апта пароход күтіп жаттық. Ойымыз әкемнің жай-күйін біліп қайту. Босанып шыға ма деген де үмітіміз бар. Екі-үш таба нан, бір қалта құрт алған едік жолға. Нан түгесіліп, қатты құртты қажай бастағанымызда Тополево-Мыстан зарықтырған пароход та келіп жетті-ау әйтеуір. Үш тәулік су үстінде сарғайып осы қалаға келдік. Үстімде көне-тоз шолақ шыт көйлек пен өзбек дамбал-тырдай жалаңашпын. Шешем іске татыр соңғы киімімізге дейін сатып, аз-мұз ақша қып шыққан. Әкеме септігі тиер ме екен деген ойы ғой баяғы.


Аспан айналып жерге түскендей, маңдайымды күн тесіп, тас көшенің ыстық жалыны табанымды қарып барады. Қала іші күйіп тұр. Шешем бірімізді көтеріп, бірімізді жетелеп, үлкен қаланың бұрыш-бұрышын сағалап ұзақты күнге қаңғырды. Таңдай кеуіп, өзек талып, ес кетіп жан шыққанда, шешемнің айтуынша, біздің елдің адамы, жамағайын бір таныстың үйін зорға таптық. Қас қарайған шақ еді. Есіктен бір әйел басын ғана қылтитты да:


— Бұ кім өзі?! — деп состия қалды.


— Біз ғой, аман-есенсіңдер ме? — деп шешем ілгері жылжып, амандасқан боп еді, әйел есіктің тұтқасын өзіне тарта түсті:


— Біз ғой, Қизатпын ғой, танымай тұрмысың? Қоналық деп кеп тұрмыз.


— Қизат дейді?.. Қизат?.. — Әйел танымаған кейіп білдірді де, қипақтап бөгеліп қалды. Сосын: — Қазір, — деп есікті жауып алды.


— Әй, бармысың, бері шықшы. Әлгі Қапшекердің жетімектері кеп тұр, — деп әлдекімге күбірлеп жатты ол.


— Не дейді? Қой, ойбай! Құрсын әрі! Бәле-жаласынан аулақ! Бір нәрсеге ұрындырып жүрер! — деген ер адамның үні шықты ар жақтан. Әйелдің селтиген басы есік жақтауынан тағы да жылтың етіп шыға келді.


— Үй иесі жоқ. Қондыра алмаймын!


Есік сарт жабылды. Тырс еткен ілмек даусы естілді. Үшеуіміз телміріп босаға алдында қала бердік. Сұр есік. Бетбақ сұр есік. Маңдайымнан сарт еткізіп ұрып жіберді. Ұрып жіберді де міз бақпай мелшиіп тұрып алды. Сосын барып темір торлы терезенің шамы өшті. Ар жағынан үңірейіп әлдебіреулер қарағандай болды. «Кетті ме, кетпеді ме?» дегендей. Аула іші де үңірейіп, жұтып қоятындай суық тартып барады. Шынжырда байлаулы жатқан сұр төбет «ыр-ыр» етті. «Кетемісің, кетпеймісің?!» дегендей. Темір торлы сұп-суық терезе. Мелшиген сұп-сұр есік. Үңірейген сұп-суық аула. Шынжырын шайнаған сұр ит. Енді менің маңдайымды суық шанышқылап, табанымды ызғар қарығандай болды. Денем түршігіп, өне бойым мұздап барады. Тезірек кетейікші деп шешемнің өңірінен тартқыладым. Аяғыма бір пұт қара тас байлағандай жамағайынымның ауласынан созылып азар шықтым. Иығымыз салбырап, құдды сол жерлеп қайтқандай қасірет жұтып шықтық..


— Ә, айтқаным келді ме, қонақ үйден орын таппайсыңдар дегенім қайда. Жақсы атақпен мана қона кетулерің керек еді, — деп жылы ұшырай сөйледі. — Әй, кемпір, қайныларың кеп қалды, төсек-орныңды сала бер. Алдымен тағы бір шай-пайыңды жабдықтап жіберемісің, қайтесің.


— Ә, қу тентек-ай, менің дәмім жіберсін бе. Қайтып келетініңді біліп ем. Бәсе, кәстинитсә, кәстинитсә деп келген сайын тұра-тұра ыршуың жаман еді, өзіңе де сол керек, пұшпағыңа дейін су болған шығарсың, — деп жеңгей Нығыметті қағыта сөйлеп төргі бөлмеден шықты. Ақ сұр ашаң жүзі күлімсіреп, жып-жылы қоңыр қой көздерінен мейір төгіліп тұрғандай. Бұл үйдің үлкені де, кішісі де күлімсіреп тұратын көрінді. Жазулы дастарханынан бастап, әрбір затына дейін жылылық, көңіл елжіретер мейірім танытқандай. Ағай кителін шешіп, орындыққа кигізе салды да, шапан жамылып стол басына кеп отырды. Сүр кительдің иығынан екі қызыл жолақ пен қос жұлдызды подполковник дәрежесінің погоны көріңді. Ол түннің бір әлетіне дейін қою шайды сораптай отырып, Нығыметтен күндіз ести алмай қалған ауыл-аймақтың амандығын, саулығын қазбалап сұрап жатты...


...Тамшылар үй шатырын тырс-тырс дамылсыз ұрғылап тұр. Бөлме іші ала көлеңке. Көшедегі баған басындағы электр нұры терезеден жамырай төгіліп қапты еденге. Қала шетінен паровоз шыңғырып-шыңғырып жіберді. Доңғалақтардың тарсылдаған даусы естілді. Күннің лайсаңына да қарамай, «Кеп қалдым! Кеп қалдым! Кеп қалдым!» деп әлдекімдерді асықтыра, суып келе жатқан тәрізді. Пристань жақтан еріншек пароходтың ұйқысыраған қою баритоны күңк ете қалды. Қала әлі ұйықтаған жоқ, ұйықтайтын да емес. Қаланың түнгі тіршілігі бір-бірін әдейі түрегеліп тұр.


Нығымет те ары аунап, бері аунап, біраз уақытқа дейін ұйықтамай жатты. Екі қолын төбесіне қойып, қарсы алдындағы китель жамылған орындықтан көз алмады. Терезе тербеліп тұр, тыстағы күңгірт сәуле тербетіп тұр. Бүлдір сәуле бұрыш-бұрышы тінткілеп жүр. Қабырғадағы үлкен сағаттың ұзын тілі жылт-жылт, жылт-жылт етеді. Уақытты санап тұр. Қанша уақыт болды екен?..


— Он жеті жыл болды, — деді Нығымет. — Қарасирақ бала едік, енді міне кейбіріміз іс басқарып, ел басқарған боп жүрміз. Бірақ осы үйге келген сайын, осы шаңыраққа бас сұққан сайын осыдан он жеті жыл бұрынғы қарасирақ кезім есіме түсе береді. Үнемі осы үйге алғашқы келгенім көз алдымда тұрады...


...Біз бұл үйде бір айдай жатып қалдық. Ағай күллі инстанцияларды қағып шыққанымен әкемді босатып ала алмады. Әйтеуір сізге бимағлұм тағылған айып, бимағлұм істің алды да, арты да көрінбейді. Ақыры сол күйі бұл қаладан да бимағлұм сапарға шығып кетті.


Аға-жеңгей жата жабысып, бізді ауылға қайтармай тағы біраз ұстады. Қамыққан көңілімізді аулап, қайткенде де жұбатуға тырысады екеуі де. Әуелі менің аяқ-басымды бүтіндеді. Бәтеңке әпергенде құр атқа мінгендей болдым да, көйлек-шалбар кигізгенде ауылға әкемді ертіп қайтқандай қуанып ем. Балалығымның қуанышты бір сәтін, көңіл шіркіннің өрекпіген бір медеті мен үмітін қайтарып бергендей боп еді бұл адамдар. Сол үшін де күні бүгінге дейін қарыздармын.


Әмір де қызық қой. Сен жан-тәніңмен біреуге қулай түсіп, жақсылық етесің, қайырым жасайсың. Сол адамнан қайтады-ау деп ойламайсың да. Тіпті қайтпайды да, қайтпағанына өкінбейсің. Саған енді біреу бар жақсылығын шамасы келгенінше аямай-ақ пейілмен үйіп-төгеді. Сен де соны қайырыммен қайтарғың келеді. Бірақ, қайтара алмайсың. Не реті келмейді, не кезі келмейді. Қайтара алмағаныңа өкінесің, қарыздар боп қала бересің. Сол ретін келтіре алмай жүрген адамның бірі менмін. Бұл кісілердің ағайыншылық қарызы бар менің мойнымда. Екі туып, бір қалғаным болмаса да, қиын кезде бауырына тартқан ағалық қарызы, адамгершілік қарызы бар менің мойнымда. Бір ойдан қарыздар болғанында жақсы ғой, ағайыншылық, адамгершілік борышыңды үнемі еске салып, міндеттеп отырады.


Арқа сүйер, көңіл жетер ағайынның, қарыздар адамыңның көп болғаны қандай жақсы, көбейгені қандай жақсы...


...Терезе тербеліп тұр, тыстағы күңгірт сәуле тербетіп тұр. Сыртта желемік бар. Желемік баған басындағы шырақты теңселтіп тұр. Тамшылар үй шатырын тық-тық ұрғылап жатыр. Бұлдыр сәуле бұрыш-бұрышты тінткілеп жүр. Ағаш жапырақтары жыбыр-жыбыр етіп желпініп қалады. Ағаш жапырақтары жыбыр-жыбыр етіп қабырғаға өрмелеп барады, көңілге жып-жылы қиял әкелетін, көзге жып-жылы елес жетелеп келетін сүйкімді ала-бұлдыр сағым дүниесі. Осындайда жып-жылы төсекте жатқаның қандай жақсы. Нығымет жып-жылы төсекте көкірегін ашып тастап, әкесінің төрінде жатқандай шәниіп, шалқасынан түсіп ұйықтап кетіпті. Ұйықтап жатыр ма, жоқ әлде көп ағайындарын, көп қарыздарын ойлап жатыр ма, кім білсін.





Пікір жазу