28.01.2022
  256


Автор: Қалихан Ысқақ

Бұқтырма сарыны





повесть


1


Тау.


Орман.


Шатқал түбінде жыландай ирелендеген жіңішке ақжолақ тұман; тұман астынан көкжасыл шыршаның, қуарған қарағайлардың ұшар басы сойдиып-сойдиып тесіп шығып тұр; тұман астынан тұншыға құмыққан су сарыны естіледі. Тек өзеннің бір қалыпты баяу сарыны, баяу ескен самалдан дүр сілкініп, маржан төккен ағаш жапырағының сыбдыры ғана болмаса, таңғы селдір тұманнан, таңғы шықтан тайга әлі ұйқылы-ояу маужырап жатыр. Әлде қайдан мұңдана созған марал даусы талып жетті.


Таңғы шық, таңғы селдір тұман жар жағасындағы жалғыз үйді де тұмшалап, тұншықтырып тастағандай еді; тақтайдан жасалған саңылаусыз қорғаны, тақтайдан жасалған тас саңырау сұр қақпасы мелшиіп, селт етпестен үнсіз жатыр. Үй іргесінде қоршалмаған шағын ғана бақша, үй іргесінде жалпайып, есік - терезесін ыс басқан мешел қара монша тұр, онан әрменірек, жар жағасында тоңқайған қара - қожалақ ескі қайық қарауытады. Тірі мақұлықтан, жылап аққан кішкентай тума басындағы өлі жүні түспеген жауыр торшолақ ат қана; оны әрі тұсап, әрі арқандап тастапты, тырақы жануар созылып, төңірегіндегі қурай басын шалған болады; бірақ шөп дейтін шөп те жоқ, ылғи бір жерге арқандағандықтан маңайдың оты қашып, тұяқ жаншыған сыздау жерден су шыға бастапты. Оның үстіне ала сауысқан қыр арқасындағы жауырға қайта - қайта тап беріп, маза беретін түрі жоқ, сояудай шолақ құйрығын шолтандатып, тепкіленіп, тыржиған қабырғасын әлсін-әлі ырсылдатып әлекке түскенімен сауысқаны құрғыр да кете қоймай, айналып кеп қайта қонады; тек шиқ етіп қақпа ашылғанда ғана тоғай ішіне сымп берді.


Ауладан сақалы қауғадай мыж-мыж шал шықты: жас шамасы жетпістен асыңқыраған, құйқасы жұқарған жартылай қызылшақа бастың самайы мен желкесінде ғана ақшулан селдір қылшық қалыпты. Ол солбырайған иығынан сыпырылып түсуге жақын ескі брезент сулығын қауысырыңқырап қойды.


Шал әуелі сабалақ қырқадан көтеріліп келе жатқан күнге қарады; маңайды қоршаған самаладай қалың ағаштың арасынан прожектордай шаншылып күн сәулесі жамырайды; шалдың кішкентай тұнық жанары мүлде жұмылып, бетінің қатпар - қатпар әжімі бұрынғыдан да молайып, бір ғасырға қартайып кеткендей болды. Үй маңындағы бұта қарағанды көзімен тінткілеп шықты да ол ақыры тұма басындағы торшолақ атын тауып алды. Ат шалға қарады, шал атқа қарады. Ат ішін тартып, аузын арандай аша есінеді, шал да аузын алақанымен басып есінеп алды.


Ол сәлден соң бұрылып, батыс көкжиекке көз қиығын тастады; бұл оның жол бойын шалғаны еді. Жол үлкен еді; тас - қиыршық сепкен қасқа күре жол тау-тасты тесіп, жыланша ирелеңдеп көз ұшындағы қырат басынан таусылатын. Жол да тып-тыныш, күн көзіне бусанып, қалың шықтан бу көтеріліп жатыр. Әлдебір жолаушысын күткендей ұзақ сүзілді де, сосын ол қада басында кептірулі тұрған мордушкасын алып, үлкен башпағын тырп-тырп сүйрете, шөп басқан жалғыз аяқ жолмен асықпай - үсікпей өзенге беттеді. Төңкерілген ескі қайыққа жете бере сәл кідіріп, смоласы қашқан жік - жіктегі жыртық -тесікті санағандай шұқшитып қалды, басын шайқады, басын шайқады да тағы да тырпылдап ілгері тартты.


Бұқтарма күндегісіндей емес, құла тартып, ортасы дөңейіп, өркештеніп кетіпті. Ағаш арасынан түскен күн сәулесі су бетінде қуқыл сары діңгектей көлденең сұлап жатыр. Шатпыған ақ көбікті жалдарда қызыл сарғыш тас моншақтар сапырылысқандай. Қуқыл сары діңгек қарсы жағаға таянған сайын жалпайып, жиектегі бакенге барып тіреліпті; бакен су бетінде қылт - қылт етіп әткеншек теуіп тұр.


Ол өзеннің түйетайлау жағасына тау-тау қып үйген бөренелердің қасына кеп тоқтады. Аударып-төңкеріп мордушкасын қарап шықты. Сосын оны былай қойып, екі тастың арасындағы иірімдеу ағыста үлкен балықтың желбезегіндей жалп-жалп көтеріліп жатқан екінші мордушканы судан көтеріп алды. Мордушка толы ақ форельдерге назар да аударған жоқ, жағаға суын сорғалата былш еткізіп тастай салды да жерге отырып башпағын шешті, балағын түріп, жүн-жүн балтырын сүйсіне отырып қасып - қасып қойды, тырнағы да өсіп кеткен екен, шал таңдайын қағып, басын шайқады.


Жуық маңнан шауқарға шаңқ-шаңқ ете қалды; шаңқылдаған дауыс екінші рет алыстан естілді, бұл өңірге әлдебіреудің келе жатқанын күні бұрын хабарлағандай. Іле-шала мотор гүрілі естілді де маңайы бензин сасып кеткендей шал танауын тыжырына тартып, түкірініп жіберді. Түкірінсін түкірінбесін, машина бәрі бір жақындап қалды; салдыр -гүлдір кузовтың сықыры келді құлағына. Әрбірден соң өкіріп - бақырып, пысқырып -түшкіріп машина алыстап кетті. Үлкен жолмен ары өткен, бері өткен бейсауат транспорт болғаны ғой. Болсын болмасын, шал бәрібір оған бұрылып қараған жоқ. Орнынан тұрды да бос мордушкасын алдына өңгеріп, кемерге таянды; ол алдымен бір аяғын суға тықты да тітіркеніп, жаурыны құржың ете қалды, екінші аяғын тықты да тамағын қырнай қақырынып жіберді. Су тастай болса керек, мордушканы тас арасына тез қыстырып, жағаға тез шықты.


— Сәлем, қария!..


Шал өз әбігерімен жүріп бұрылыстан шыққан салды байқамай да қалған екен. Төрт адам қуып келеді: екеуі алдында, екеуі артында; алдыңғы екеуі ұзын сырықпен салдың басын жағаға жеткізбей өзен ортасына қарай кейін серпіп қояды, артқы екеуі ескекпен сал құйрығын бірде оңға, бірде солға бұрып тыпырласып жатыр. Бәрі де соқталдай -соқталдай жас жігіттер, бәрінің де сақал-мұрты қауғадай.


— Отырмысың?


Шал үндеген жоқ, күресінді де қойды. Тасыған өзен төрт адам мен шұбырған ұзын салды аяқ астынан айдап алып кеп, аяқ астынан, бұрылыстан құйрығын қылт еткізіп қуалап алып кетті, өзен үстінде толқын ғана қалды; толқын үстінде қылт - қылт әткеншек тепкен бакен қалды; толқын лық-лық жағаны соғып жатыр, жағадағы малта тастардың үстіне ағаш қабығын, шөп-шалам мен ұсақ көпіршіктерді іркіп тастап жатыр.


Шал тағы күрсінді. Сосын әлдебір ұмыт шаруасы есіне түскендей башпағын тасқа салып-салып қалды да кие бастады. Кенет үй жақтан тауық қаңқылдады, артынша далпылдаған қанат даусы естілді. Шал башпағын тастай беріп үй жаққа үңілді, шұбар тауық қаша басында ойбайын салып бақылдап тұр екен, шал да өмірінде алғаш рет тауық көргендей -ақ омырық сарғыш тістері ырсиып, үңірейіп үнсіз қалды. Шұбар тауық далпылдай ұшып, қалақай ішіне қонғанда барып әлдебіреу бөксесіне жуалдыз тығып алғандай:


— Дунька! — деп баж етіп бақырып жіберді.


Тас керең сүр қақпа көпке дейін дыбыс берместен мелшиіп тұрып алды. Шал да міз бақпастан әлі андып отыр. Әлден уақытта барып қақпа ыңырсып ашылды да, аржағынан дудыраған жирен шашты, жалаңаяқ - жалаңбас, ұзын сарафан киген ұйқылы-ояу он алты, он жетілер шамасындағы қыз шықты.


— Әне, — деп шал үй артын нұсқап саусағын шошайтты.


Қыз пәлендей тілге келіп жатпастан шал сілтеген бағытқа жөнеле беріп, артына бір қарап алды да шоқаң етіп бұта түбіне отыра кетті, сосын кешікпей қайта тұрып, тағы да бір дүркін шалға көз қиығын тастады. Шал қалақай ішіндегі қыздың қылтылдаған төбесін бағып отыр. Сәлден соң баж - бұж тауық бақырды. Биік қаудың ішінен тағы да қыздың төбесі көрінді, сосын өзі шықты. Қалақай шақса керек, ол бесіктей тоқ балтырын қасып -қасып алып, асықпай - үсікпей қолтығындағы шұбар тауықтың құйрығын теріс қаратты да, саусағымен жұмыртқасын тексерді.


— Түк те жоқ, — деді ол.


— Тағы да далаға тапқан ғой, — деп шал кіржің етті.


— Әтеш жоқ болса несін табады, — деді де қыз қайтадан аулаға кіріп кетті. Іштен бақылдаған тауықтардың қаңқылы естілді.


— Әтеш!...әтеш... — Шал кіржіңдей күңкіл деп орнынан тұра бастады.


2


Күн сәскеге тырмасып қалған. Үп етіп жел қақпайтын қалың бүктің іші тымырсық тартып қайнап тұр; гүлден гүлге қонған ара, ызылдап ұшқан бөгелек, қызылды-жасылды көбелектер: тайга гу-гу етеді. Тал арасынан шыбын-шіркейді жасқаған торшолақтың сабаудай шолақ құйрығы ербеңдейді. Жар басындағы жалғыз үйдің қасындағы, өзен жағасындағы тау-тау үйілген бөрене деңгейі бұрынғыдан да молая түскен тәрізді. Тіркеме сүйреткен екі-үш машина ағашын түсіріп тастап кетіп барады.


Үлкен жол да у-шу: үздік-создық шұбырған машина керуені, машина керуені қаздай тізіліп, бір легі ышқына тау басына көтеріліп барады, бір легі қаңқ-қаңқ сигнал беріп, тау басынан түсіп келеді. Ара кідіріс бұрылыс - бұрылыстарда жолға таласқан шоферлардың айқайы естіліп қалады.


Өзен жағасындағы төңкерілген ескі қайықтың қасында шоңқиып шал отыр. Бір қолында балға, бір қолымен қобдишадағы тот басқан ұсақ шегелерден тандап алып, қайықтың жыртық - жыртығына сыналап жамаған жіңішке тақтай жаңқаларын шегелеп жатыр. Анда-санда төбесіне үймелеген сары маса мен сіркедей ұсақ шіркейлерді қолымен жасқап қояды. Самайынан, танауының ұшынан мөлдіреп тер шыққан, қызылшақа жылтыр шекесі де жіпсіп қапты.


Ол балғасын тық – тық ұрып, шегені баптап отырып сіңірді де танауының ұшына мөлдіреп кеп, үзілейін деп қалған бір тамшы терді саусағымен сары майдан қылшық суырғандай шымшып алып тастады. Бұтында ақ кенеп шалбар, желбегей ақ кенеп көйлектің өңірінен ақ шулан түк басқан төсі көрінеді; алқымынан қыр желкесіне дейінгі айқыш-ұйқыш терең әжімдері сырмалы көрпеге жүргізген машина жібінің ізін еске түсіргендей.


Шал ерніне қыстырған шегені алып, тағы да қайық жықпылына сүңгітіп жіберді. Ту сыртынан ағыл-тегіл машина гүжілі естіледі. Ол үлкен жолдың әдепкі жаңғырығы болар деп ойлаған еді, бірақ артынша пыш еткен газдың, шиқ еткен тормоздың ащы шиқылы сай-сүйегін тітірентіп жіберді де:


— Тағы жетті ме, — деп күңкілдеді. Мотор біраз уақыт бырқ-бырқ лықылдап тұрды да кілт өшті; сарт етіп машинаның есігі ашылды, сарт етіп қайта жабылды.


— Ей, жөгөр!..


Шал балғамен қолын ұрып алды да жаншылған саусағын аузына апара беріп:


— Ө, ит - ай! — деп кіжінді. Өзі емес, әлде біреу кінәлідей белгісіз жанды балағаттаған сыңайы бар.


— Ей, Жөгөр!.. Немене, құлағың керең боп қалған ба?!.


Шал асықпай отырып тағы бір шеге сіңірді де артына бұрылды. Лықыта ағаш тиеген тіркеуішті "ЗИЛ-155" жүк машинаның капотын тұрып қойып, мығым денелі едірек мұрт қара жігіт мықынын таянып тұр екен. Бырқ-бырқ етіп радиатор ыстық суды бүркіп тастап жатыр.


— Мынау жиһазыңды қабылдап ал, — деді жігіт.


— Сен әуелі төксей, — деді шал.


— Мүмкін, көмектесерсің. Үш сом жеті тиын берем.


— Түкіргенім бар сенің үш сомыңа — деді шал жігіттің кекеткенін аңғарып. Сосын қайтадан теріс айналып, өз шаруасына кірісті.


— Қанша текшеметр екенін есептеп алсай, тым болмаса! — деп дауыстады жігіт.


— Қанша әкелсең, сонша болат та, — деді шал.


— Тфу!.. атаңа нәлет ит кержақ! — жігіттің ызалы үні естілді де сіріңке шырпысы быж етті.


Қазақша сыбаған жігіт сөзінен "кержақ" дегеннен басқа не айтып, не қойғанын түсінбеген шал бұл жолы қару қайтарған жоқ. Ту сыртынан шыққан шынжыр салдыры мен дөңбек дүрсілінен оның енді қайтып мазаламайтынын сезді де өз әбігерімен боп отыра берді.


Аян терлеп - тершіп, өлдім-талдым дегенде дөңбектерді зорға құлатып түгетті. Үстіндегі қалың комбенезоны да қапырық күнде буындырып әкетіп бара жатқандай болды. Ол қолындағы ағаш сүйменді лақтырып жіберіп, секіріп жерге түсті, қалтасынан орамалын алып маңдайын сүртті. Сосын машинасын бір айналып шықты да артқы доңғалақ аяғымен теуіп - теуіп жіберді. Желі босамағанына көзі жеткен соң темекісін тұтатып, бөренелердің үстіне келіп отырды.


Дамылсыз гүжілдеген тас жол мен дамылсыз гуілдеген тайгадан, бір қалыпты баяу ысқырған өзен сарынынан басқа бөтен ала дыбыс жоқтай еді. Үлкен жол мен өзеннің екі ортасындағы бытқылға тығылған жар басындағы жалғыз үйдің артынан еміс-еміс тықылдаған тесе даусы келді. Огородтың шеті көрінеді; салпайған күнбағардың сарғыш табағы, гүл жарған картоп басы ағараңдайды. Тесе тықылы сол жақтан талып жетіп тұр; әлдекім картоп түптеп жатса керек. Аян мойнын созды, көзіне ешкім шалынбаса да:


— Ей, Птичка! — деп айғай салды.


Жігіт айқайына жауап бола қойған жоқ, бірақ оның есесіне манадан бері молаға қонған жапалақтай қайық қасында құнысып отырған шал орнынан тұрып кетті; балтасын, балғасын, қобдишасын қолына алды, сосын Аянға қарады, Аян шалға қарады; арбасқандай екеуі де бір сәтке үн-түнсіз тіктесіп қалды; шал жүзінде жақтырмаған шырай бар, жігіт өңінде кекесін күлкі жыбырлағандай болды. Шал башпағын тырп-тырп сүйретіл, биік қашаға жете бере үй артына мойын бұрды да:


— Дунька! — деп шаңқ етті. —Анау пәлеге қол қойып берші!..


Аян езуіндегі шылым тұқылын ыршытып жіберді де орнынан тұрды. Шал жылауық қақпаны шиқ еткізіп ашты да шиқ еткізіп жауып алды.


Капот астынан Аянның бөксесі ғана көрінеді. Ол моторды шұқылап жатыр еді, майқұйрықтан әлдекім шапалақпен тартып жіберді. Жігіт басын кілт көтеремін деп капотқа соғып алды да мандайын алақанымен баса артына бұрылды. Қыз сықылықтап күліп тұр екен.


— А-а, Птичка... жұрттың бәрімен осылай амандасушы ма едің?


— Енді қалай.


— Көп пе оларың?


— Ондағы сенің шаруаң қанша.


— Жәй, әншейін... борсықша быртиып семіріп барасың. Осындай бой жетіп тұрған шағыңда біреуінің етегінен алмаймысың дегенім ғой...


— Онда саған жармасайын да...


Аян буферден қарғып түсті де қызға төніп кеп тоқтады; алдымен мөп-мөлдір көкшіл жанарына, сосын сарафанының өңірін теуіп тұрған омырауына, омырауының ортасындағы дір ете қалған науалы жықпылға үңілді, үңілді де мұртын сылап күрсініп жіберді.


— Немене, тоныңды ит жеді ме, — деді қыз көкірегін қымтай түсіп.


— Ит қайдан жесін, құрт тесіп барады, — деді Аян ыржия күліп.


— Дурак!..


— Жалпы мен... әлгі неге қарсы емеспін...


— Неменеге?


— Жармасу мәселесін айтам да...


— Тым сүбелі шығып жүрмесе...


— Ештеңе етпейді. Әуелден мықтап тұрып разгон берсек бәрі де өз орнына түседі. Май да сылынады, иіс-қоңыс та кетеді...


— Ол қандай иіс-қоңыс екен?...


— Кержақтың иіс-қоңысын айтам да.


— Дурак!


— Қой, қой, сөйте ме екен кісі, тәп-тәуір шүйіркелесіп тұрғанда.


— Енді қайтушы еді?


— Әуелі үйленіп алалықшы. Ұрыс - төбелеске онан соң да уақыт жетеді.


Аян тағы да қалтасынан темекі алып тұтатты; көзінің қиығымен Дуняның быртиған семіз бақайына, бір тұтам борсиған аяғына қарады. Қыз қолымен темекі түтінін желпіп, Аяннан шегініңкіреп кетті.


— Егер қаласаң шіркеуге баруға да қарсы емеспін. Ал комсомолдық той дегенді тіпті жаным сүйеді.


— Мылжың! — деді қыз.


— Жоқ мен шындығын айтып тұрмын... тегін той, тегін жиһаз... Жасау іздеп әуре болмайсың. Пәтер де береді дейді. Бірақ, енді... пәтер өзімде де бар...


Аян тағы да қызға ентелей түсіп, ортасы шұңқыр, бұтақтылау сүйір иегінен ұстады. Дуня оның қолынан қағып жіберді де:


— Сумаңдатпа! — деді.


— Леспромхоздың начальнигі ме, жоқ әлде аудандық комсомол комитетінен бе, әйтеуір бір дөкей келіп тойымызда сөз сөйлейтін болады, а?..


— Давай! — деді қыз қатқыл үнмен.


— Не? — деді жігіт әрі күле, әрі таңдана.


— Қағазыңды әкел!


— Е-е, мен тұра сельсоветке сүйреді екен десем...


— Қорқып қалдың ба?


— Жоқ-ә. Несіне қорқайын.


Аян комбенезонының төс қалтасын ақтарып, әлденені іздей бастады; сынық сигареттің тұқылы, қоқым-соқым, ескі бір газет қиқымдарынан басқа дым таба алмай ойланып қалды.


— Дунька!..


Шар еткен шал дауысы тұншығып жер астынан естілгендей болды. Жігіт те, қыз да селт етіп жар басындағы жалғыз үйге қарасты; баяғы сол мелшиген дарбаза, мелшиіп мешел қара монша жатыр; шал еш жерден көріне қоймады...


...Жерошақ басында, құйрығына томар қойып қаннен - қаперсіз шал отыр. Мосыға асылған қара - қожалақ темір шелекте смола бырқылдайды. Аула сыртында сапырылысқан үлкен жолдың гүрілі, аула сыртында бір қалыпты баяу ысқырған су сарыны; анда-санда шелек ішіне шұқшия үңіліп, былғауышты толғап қойғаны болмаса шал тыстан сонау шуға да, сарынға да құлақ аспай керең отыр.


Іргедегі үйшіктің аузынан торай сығалап жатыр; су секілді жыртиған сарғыш көздері шалдың қасаңсып кеткен тарамыс саусақтарының әрбір қимылын қалт жібермей аңдып жатқан тәрізді, әредік - әредік қорс етіп, қоң - қоқырға сүре тыққан кертік танауын рахаттана тартып қояды. Екінші бұрышқа балық аулайтын қырық жамаулы ескі ау керіліпті; тор ішінде тыным таппай бес тауық жүгіріп жүр, қашып шығатын тесік іздейтін тәрізді, сумаң еткізіп торға бастарын кезек-кезек сұғып алады да тырбаныш - тырбаныш, сілесі қатқан соң аядай қуысты шырқ айналып тағы безектей жөнеліседі. Жалғыз өскен тырбық талдың астында араның ұясы тұр; кішкентай жыртықтан бірлі - жарым аралар еріне ұшып кетіп жатыр, әлде қайдан еріне ұшып кеп қонып жатыр. Үйге кіре берісте бастырма, бастырмада ағаш шабатын жаңғырық, үстіріктелген тақтайлар; қабырғаға балта мен үстіріктің сан түрі, буаз ара, қол ара, тағысын тағы саймандар ілініпті. Аула түкпіріндегі ақсақ орындықта бүйірі қабысқан ескі шелек; ескі шелекке қадаға шегеленген қолжуғыштың кіндігінен сылп-сылп су тамшылайды.


Шал шелекке тағы бір үңіліп, сатырлап жанған шалаларды кейін сырды да әр қайсысын жерошақтағы күлге тығып - тығып алып, өшіріп тастады. Бықсыған шала түтінінен қашқақтай отырып, шелекті молынан түсіріп былай қойды. Аула сыртынан дыбыр-дыбыр сөз, жарыса күлген қыз бен жігіттің даусы естілді. Шал жақтырмай кіржің ете қалды да:


— Дунька! — деп шажылдай орнынан көтерілді...


Аян кабинадағы кішкентай багажникті ақтарып әбігер боп жатқан-ды. Дуня қылмыңдап мойнын созып, қарақшы айнаның бетіне жапсырған киноактриса Моника Витидің суретіне қайта-қайта қарай берді. Газет қиқымдарын, "Советский экран" журналын қобыратып тастай берген жігітке қыз:


— Мынауың кім? — деді.


Аян әуелде оның кімді сұрап тұрғанын аңғармай қалды да қыздың бетіне, сосын тысқа үңілді де ақыры айнадағы суретті көзі шалып, мырс етіп күліп жіберді.


— Ә-ә, мынау ма... Саған не десем екен... Менің қалыңдығым ғой, — деп шімірікпестен журнал парақтарын бір-бірлеп аудара берді.


— Суайт, — деді қыз.


— Мен сені неше рет алдап едім?


— Қайда істейді? — деді қыз жігіт жүзінен қалжың нышанын таппаған соң әрі-сәрі, сенерін де, сенбесін де білмей.


— Қайда істейді?.. Бізде... Леспромхозда... асханада...


— Суайт!


— Не сен, суайт... Суайт... Өтірік айтып мені не зор қысыпты... Қап, мына құрғыры қайда кеткен, ә!..


— Өзі де бір оңбаған шығар? — деді қыз.


— Неге?


— Сұлу әйелдердің бәрі оңбаған болады дейді ғой.


— Жоқ, керісінше, ғажап адам... Сайтан алғырды жер жұтып кетті ме?!.


— Онда неге үйленбей жүрсің?


— Неге деймісің... шілпиген тым арық, сосын, өңірі ылғи сыра бөкшесінің өңезі сасып тұрады... Қап, мынаның қырсығын - ай, ә!.. Қайда жүріп жоғалта қойдым екен?


— Не іздеп жанталасып жатырсың?


— Ойбай-ау, әлгі қол қойғызатын қағаз ше.


— Әне жатқан жоқ па.


— Кәне?


— Аяғыңның астында.


Аян баранка түбіне түсіп қалған бір жапырақ қағазды көтеріп алды да қызға бұрылды.


— Манадан айтпай аузыңа маржан салып тұрмысың.


— Е-е, сайтан біліп пе, сенің не іздеп жатқаныңды.


— Мә, қолыңды қой, — деп Аян қағазды қыз алдына, көпшік үстіне қойды да төс қалтасынан авторучкасын алып ұсынды. Дуня қаламды ебдейсіз, шымшып ұстап қағазға арбайтып птичка соқты.


— Эх, птичка, Птичка!... — деп күрсінді Аян — қартайғанша әліпті таяқ деп білмей дүниеден өтесің - ау!..


— Үйретсей.


— Пожалыста, үйретейін, өзің құлық қоямысың?


— Қиын шығар, — деп Дуня күмілжіп қалды.


— Онда тұрған еш қиындық жоқ. — Аян көпшік үстіндегі бұрқыраған қағаз қиқымдарын багажникке бүктеп - бүктеп қайта тығып жіберді де қолына "Советский экранды" алды.


— Мынауың не кітап?


— Бұл ма? Мұнда кіл әдемі келіншектердің суреті басылады, - деді Аян журнал бетін ақтарып жатып. Дуня жігіт иығынан асыла, аударылып түсіп жатқан актрисалардың портреттеріне аңыра үңіліп тұр.


— Бұларды неге сонша тізе берген?


— Жұртты қызықтыру үшін... Реклама... ұқтың ба?


— Реклама дегені тағы не пәле?


— Саған қалай айтсам екен... — Аян ақтарып отырып, декальте киген жалаңаш төс әдемі келіншекті тауып алды да төс қалтасынан қаламын шығарды. — Әуелі бұларды суретке түсіреді... — Ол келіншектің бетіне арбайтып "кержак" деп жазып қойды. — Сосын, егер әдемі болса киноға алып кетеді.


Аян журналды қызға ұсынды да:


— Мінеки, қолды өстіп қояды, үйреніп ал, — деп жымиды.


Дуня журналды олай бір, былай бір төңкеріп қарап шықты.


— Сен не деп жазып қойдың?


— Сенің фамилияңды жаздым да. Не деуші едім, — деді жігіт, қыз сезбесін дегендей езуіне үйіріліп кеп қалған күлкісін жиып ала қойды. Бірақ, оған мән беретін Дуня жоқ, жалаңаш төс келіншектің тұрпатын қызықтап, оның таңқита кесілген тұлымына, тебіңгідей сырғасына, қос омырауының дін ортасындағы жықпылға бадырайта қадаған түйреуішіне тамсана қадалып тұр еді.


— Егер сұлу болсаң сені де алып кетер еді, — деді жігіт.


Сосын езіне томсырая қадалған қыз жанарын байқап қалды


да, әлде көңілін аулай салғысы келді ме, әлде шыны сол ма;


— Общым, сен де әдемі боп кетіпсің... құдай ақы! — деді.


Қыздың албыраған екі бетінің ұшы қызарып сала берді.


Онысынан өзі ыңғайсызданып:


— Осының бәрі сенің таныстарың ба? — деп албаты сөзге жықты.


— Баяғыда таныс болғаным бар-ды, Алматыда болғанда...


— Кәзір ше?


— Кәзір киноға алып кетті дегем жоқ па.


Ыңырсып дарбаза ашылды. Смола құйған қара шелегін көтеріп шал шыққан екен ауладан. Дуня қолындағы журналын артына жасыра қойды да Аяннан шегініңкіреп кетті. Башпағын тырп-тырп сүйретіп, өзен жағасына қарай аяңдап бара жатқан мыж-мыж шалдан жасқанатын тәрізді. Аян қызға тағы да білдіртпей жақындап кеп, майқұйрықтан шапалақпен тартын жіберді.


— Шіркін, мынау буферді айтсаңшы бәрінен!..


— Бәдік! — қыз оған ала көзімен ата бір қарады да ыржалақтаған жігітті мазақ еткендей тілін шығарды. Сосын еңкейіп, бесіктей аппақ тоқ балтырына жабысқан сары масаны езіп тастады. Еңкейіп тұрып ту сыртындағы жігітті көзімен іздеді. Аян да күлімсірей қадалған күйі әлі орнынан қозғалмапты. Дуня басын көтерді де мықынына іркілген сарафанын етегінен тартып қылтасына түсірді. Жар жағасынан, ескі қайықты смоламен баттастыра майлап жатқан шал қақырынып дыбыс берді. Бұл оның: "жеткен жоқ па енді" — дегені еді.


Аян әуелі машинасын ажылдатып - ажылдатып алды да прицепін салдыр-сұлдыр даңғырлатып, жар басындағы жалғыз үйді басына көшіре жаңғырықтырып тайып отырды. Былай шыға бере күндегі әдетінше клаксонды екі-үш қайтара тағы басты. Қыз оның әйнектен сығалаған басын көрді. Ол бірте - бірте алыстап, үлкен жолға түсті де сабылысқан көп машинамен, сапырылысқан көп салдыр - күлдірмен араласып кетті. Жол бойында шұбатылып иірім-иірім шаң қалды; шаң астынан ағаш тиеген прицепті екі жүк машинасы осылай қарай, тағы да жар басындағы жалғыз үйге бұрылды.


3


Тас қауып, шақ - шұқ шаңқылдаған осы бір қара кетпен - ақ оның миын жеп бітірді. "Күнде қалай аңғармай жүргем" — деп ойлады қыз. "Жүйкені құртатын неме екен ғой өзі".


Бірақ, аңғарды не, аңғармады не, ақыры ауыртпалығы өзіне түсетін шаруадан қайда қашып құтылсын. Ол тағы бір-екі шоқ картоптың түбін қопсытып еді, тіпті шыдамы таусылып, зіл кетпен әбден қажытып жібергендей көрінді де арық ішіне лақтырып тастап, шалғын үстіне отыра кетті. Шөп сыз тарта бастапты. Терістен самал тұрып, әлгінде ғана бұлтша буған сары маса мен ұсақ шіркейді өзен бойына қуалап әкетіпті. Қоламта басып отырғандай жалаң аяқ табаны ысып, шыдатпай бара жатқан соң салқын дым топырақты көсіп - көсіп аяғының үстіне шоқайта үйіп қойды. Үй жақтан тық-тық бажа дауысы естілді. "Жалықпайды екен тіпті" — деп атасын да сөгіп алды. Неге екені белгісіз, бүгін түстен кейін ол тамағы тоймаған баладай бұртиып көңілсіз жүр. Онда да өзіне өзі бұртиады да, әйтпесе бұртиярлық кімі бар дейсің. Бұрын жалығып көрмейтін үй шаруасына бүгін құлқы жоқ; тұла бойы дәл сал боп ауыр тартып, әлденеге көңілі құлазып отыр. Бір нәрсені ұмыт қалып, енді соның не екенін есіне түсіре алмай әлек болған адамдай мәре-сәре. Бау көркі деп көктемде әдейі сеуіп, ала жаздай мәпелеп өсірген мынау қызын - ала апиын гүлі көзіне қан сияқты боп көрінді де тарпа бас салып жұлып тастағысы келді. Ол күнге қарады, кешкі асты қамдайтын уақыт та боп қалған екен, созылып орнынан тұрды. "Шіркін, адам тамақ ішпейтін болса ғой... қандай рахат!..." — деп ойлады. "Ойыңа келгеніңді істейсің... көңілің қаласа айдалаға, не қалың орманға қаңғырып та кетесің... Бірақ, сонда не істемекпін?.. Ішім - жемге болмаса мынау дүниенің кімге керегі бар?.." Қыз өз ойынан өзі шошынып, құдайға күнәқар болдым ба дегендей жалма-жан шоқына бастады. Сосын бір бума пияз қазып алды, күндегіндей топыраққа қол жүгіртіп жатпай-ақ, бір түп картопты сабағынан ұстап батыр-бұтыр қопарып тастады да даңғыр-дұңғыр еткізіп темір шелекке бір-бірлеп ата бастады.


Ол қабағы қатаймаған жас картопты қолымен ысқылап ұзақ жуды. Өмірі сылау - сипау көрмеген, сәби қолындай білеу - білеу, буынтық-буынтық саусақтары мен кедір-бұдыр шырыш басқан алақанының тым рабайсыз, әрі қасаң екенін жаңа аңғарғандай. Суық суға тиген соң онан сайын баржиып, шиқандай боп қызарып кетіпті. Құрт жеген шұрық-шұрық қызыл картоптан айырмашылығы шамалы еді. Қыз ары уқалап, бері уқалап қара-құра дағын кетіре алмады да картопты шолп еткізіп суға лақтырып жіберді.


Өзен жағасы да құлазып қалғандай көрінді оған. Көлеңке басы ұзарып, жиектегі ағаштардың ұшар бастары серейіп - серейіп қарсы беттегі құз жартастың қиясына өрмелей тармасып барады екен. Су беті қарақұрықтана тұңғиық тартып, қара жанның жөн арқасындай жыбыр-жыбыр мөңкіп жатқандай болды да жауырынын белгісіз бір ызғар шымшылап, тұла бойы тітіреніп кетті. Арса-арса мұздай суық көкшағыр тастың түбінде қылт - қылт әткеншек теуіп бакен тұр. Оның әткеншек тепкеніне де қай заман? Әйтеуір, Дуня ес білгелі бұл бакенді ешкім жаңартқан да емес, орнынан қозғаған да пенде жоқ. Қылт - қылт секіріп, ары өткен, бері өткен сал айдаушыларға белгі боп тұра береді. Тозбайды да, жоғалмайды да, төбесі шошайып су бетінде изең-изең етіп тарбайып жатқаны. Жылына екі дүркін, көктем мен күзгі тасқынның кезінде қалтырауық көне қайықпен атасы екеуі ғана алқымына тығылған саландыны аршып қайтады. Дуня да жылына екі-ақ дүркін атасына ілесіп арғы бетке барып қайтады. Бүгінде өлмелі шалды осы бакенге байлап қойған не сиқырдың барын қыз білмейді. Жаз шықса су алып кетпесін деп әлек, қыс түссе көкшағар мұзды сүйменмен ойып, тұра соның төбесінен үкі қазып алып ұзақты күнге қармақ салып отырғаны. Ал Дуня жөні бір басқа. Бала жасынан оның бар арманы арғы жағаға өту еді. Оның балалық тәтті қиялының белгісіндей еді бұл бакен. Енді сол қиял да бірте - бірте көмескі тартып, семіл бара жатқандай. Осы өзеннің ар жағында да ел бар-ау, жер бар-ау, барсам, көрсем дейтін арманы да әншейін бос бала көңіл екен де. Мүмкін, ересек тартып, бой түзеп, ой тоқтатқандықтан шығар... Кейде ол өзін осынау матап тастаған бакенге ұқсататын. Бұл өңірде өзгермеген осы бакен, өзі, сосын атасы ғана тәрізді. Баяғыда мынау тынымсыз гүжілдеген үлкен жол да жоқ еді, орман да қалың болатын, міз бақпайтын мұздай көк шағар құздар әлде қайда биік сияқты көрінетін. Бұқтырманың да ені жалпақ суы мол болатын-ды. Мүмкін, бұл да әншейін бала көңілі шығар. Қайткенмен де, бүгінде арман сиреп, такаббар құздар пәсейіп, әлі де аттылыға өткел бермейтін асау өзен сарқылып бара жатқандай болады да тұрады. Осыдан шығар, ол өзеннің тасығанын жақсы көреді, өзен тасыса, Бұқтырма баяғысындай көрінеді. Күні бойы жағада отырып, қылтылдаған бакенді қызықтап, малта тастарды шолып - шолп лақтырудан жалыққан емес. Кейде тіпті, түн ішінде өзеннің қатты сарынын естіп қалса жүгіріп жететіні бар. Бакенді су алып кеткен жоқ па деп қорқады. Артынан, кемерден шыққан суды, қылтылдаған қара ноқатты көреді де қуанып, кеуілін әлдебір шат күлкі кернейді, жаңа киім кигендей бойы бір елі өсіп қалатын.


Айлы түндері ұзақ отырып, түн ортасы бола үйге бірақ оралатын еді. Бір ғажабы, қай уақытта оралса да шал ылғи ояу жатады. "Деда, өзен тасып жатыр" — дейді бұл. "Бакен орнында ма?" — деп шал нар үстінен басын көтерместен күңк ететін. Бірақ, бұл неге бакенді сұрай береді осы деп қыз ойлаған емес... Ол ұйқыға бас қойып та көзі ілінгенше бір қалыпты баяу ысылдаған өзен сарынына ұзақ уақыт құлақ түріп жататын. Қылт - қылт еткен бакенді, ағынмен ертеңді - кеш сал қуған кіл қауға сақалды адамдарды көз алдына елестетеді; қауға сақалды бір адам көрсе плотогонщик деп ойлайтын да, плотогонщик атаулының бәрін мылқау деп түсінетін, әрі ит етінен жек көруші еді. Мылқауға балайтыны - артық сөзге келмейтін томырық халық та, жек көретіні — спиртке тойып алып, ғұмыры шала мас боп жүргендері, мас болса тілі шығып, балпылдап, ретсіз тиісе береді; оның үстіне ауыздарынан құрықтай - құрықтай смосавд түспейді де маңайынан қия өтсең қолқаңды қауып, теке сасып тұратыны тағы бар. Шоферлар деген олардың қасында иман жүзді адамдар ғой...


Қыз жағадағы ұмыт қалған жалғыз бакенге қарады; манағыдай емес көлеңке аумағы молайып барады екен, әр уақыт көңіліне әлдебір медет беретін қалтылдақ қара ноқат та бұл жолы мұң әкелгендей. Неге екені белгісіз, ол мұң үстінде Аяңды есіне алды, жүрегі лық етіп аузына тығылғандай болды да қарағаннан қарап отырып екі беті дуылдап өртеніп кетті.


Дуняның Аянды көргеніне бар-жоғы бір-ақ жыл болды; мұның қол қоя білмейтін сауатсыздығын келемеж, дейтін Птичка деген есімнің лақап болуы да ос Аянның келуіне байланысты. Әуелде қыз біраз күн шамырқанып жүрді де, артынан еті үйреніп кетті, енді кәзір әлдекім атасының дауысына салып: "Дунька!" дей қалса жатып ашуланатынды шығарды тіпті. Сан келіп, сан кетіп жатқан сапырылысқан көп шофердің қайсысының есімін жадыңа сақтарсың; керек десең жүзін ұстап қалудың өзі қиямет. Бірақ, Дуня сырт пошымының онша тартымы да жоқ сол бір құбақан ғана жігіттің есімін алғаш танысқан күні-ақ жаттап алған-ды. Мүмкін, көп сөйлеп, көп қалжыңдасатын мінезінен, адамға деген үйірсектігінен шығар. Ол сайқымазақ бола тұра, осындағы кейбір бәдік шоферлердің біріне де ұқсамайтын. Неге ұқсамайды, ол жағын Дуняның өзі де білмейді. Әйтеуір ұқсамайды. Ұқсамағанына іштей қуанады. Неге қуанатынын тағы білмейді. Оның осы он алты жасына дейін өмірден бар тірнектеп түйгені, білгені - адамдардың үш-ақ сорты; бір серейіп қарсы беттегі құз жартастың қиясына өрмелей тармасып барады екен. Су беті қарақұрықтана тұңғиық тартып, қара жанның жөн арқасындай жыбыр-жыбыр мөңкіп жатқандай болды да жауырынын белгісіз бір ызғар шымшылап, тұла бойы тітіреніп кетті. Арса-арса мұздай суық көкшағыр тастың түбінде қылт - қылт әткеншек теуіп бакен тұр. Оның әткеншек тепкеніне де қай заман? Әйтеуір, Дуня ес білгелі бұл бакенді ешкім жаңартқан да емес, орнынан қозғаған да пенде жоқ. Қылт - қылт секіріп, ары өткен, бері өткен сад айдаушыларға белгі боп тұра береді. Тозбайды да, жоғалмайды да, төбесі шошайып су бетінде изең-изең етіп тарбайып жатқаны. Жылына екі дүркін, көктем мен күзгі тасқынның кезінде қалтырауық көне қайықпен атасы екеуі ғана алқымына тығылған салаңдыны аршып қайтады. Дуня да жылына екі-ақ дүркін атасына ілесіп арғы бетке барып қайтады. Бүгінде өлмелі шалды осы бакенге байқап қойған не сиқырдың барын қыз білмейді. Жаз шықса су алып кетпесін деп әлек, қыс түссе көкшағар мұзды сүйменмен ойын, тұра соның төбесінен үкі қазып алып ұзақты күнге қармақ салып отырғаны. Ал Дуня жөні бір басқа. Бала жасынан оның бар арманы арғы жағаға өту еді. Оның балалық тәтті қиялының белгісіндей еді бұл бакен. Енді сол қиял да бірте - бірте көмескі тартып, семіп бара жатқандай. Осы өзеннің ар жағында да ел бар-ау, жер бар-ау, барсам, көрсем дейтін арманы да әншейін бос бала көңіл екен де. Мүмкін, ересек тартып, бой түзеп, ой тоқтатқандықтан шығар... Кейде ол өзін осынау матап тастаған бакенге ұқсататын. Бұл өңірде өзгермеген осы бакен, өзі, сосын атасы ғана тәрізді. Баяғыда мынау тынымсыз гүжілдеген үлкен жол да жоқ еді, орман да қалың болатын, міз бақпайтын мұздай көк шағар құздар әлде қайда биік сияқты көрінетін. Бұқтырманың да ені жалпақ суы мол болатын-ды. Мүмкін, бұл да әншейін бала көңілі шығар. Қайткенмен де, бүгінде арман сиреп, такаббар құздар пәсейіп, әлі де аттылыға өткел бермейтін асау өзен сарқылып бара жатқандай болады да тұрады. Осыдан шығар, ол өзеннің тасығанын жақсы көреді, өзен тасыса, Бұқтырма баяғысындай көрінеді. Күні бойы жағада отырып, қылтылдаған бакенді қызықтап, мажа тастарды шолып - шолп лақтырудан жалыққан емес. Кейде тіпті, түн ішінде өзеннің қатты сарынын естіп қалса жүгіріп жететіні бар. Бакенді су алып кеткен жоқ па деп қорқады. Артынан, кемерден шыққан суды, қылтылдаған қара ноқатты көреді де қуанып, кеуілін әлдебір шат күлкі кернейді, жаңа киім кигендей бойы бір елі өсіп қалатын.


Айлы түндері ұзақ отырып, түн ортасы бола үйге бірақ оралатын еді. Бір ғажабы, қай уақытта оралса да шал ылғи ояу жатады. "Деда, өзен тасып жатыр" — дейді бұл. "Бакен орнында ма?" — деп шал нар үстінен басын көтерместен күңк ететін. Бірақ, бұл неге бакенді сұрай береді осы деп қыз ойлаған емес... Ол ұйқыға бас қойып та көзі ілінгенше бір қалыпты баяу ысылдаған өзен сарынына ұзақ уақыт құлақ түріп жататын. Қылт - қылт еткен бакенді, ағынмен ертеңді - кеш сал қуған кіл қауға сақалды адамдарды көз алдына елестетеді; қауға сақалды бір адам көрсе плотогонщик деп ойлайтын да, плотогонщик атаулының бәрін мылқау деп түсінетін, әрі ит етінен жек көруші еді. Мылқауға балайтыны артық сөзге келмейтін томырық халық та, жек көретіні — спиртке тойып алып, ғұмыры шала мас боп жүргендері, мас болса тілі шығып, балпылдап, ретсіз тиісе береді; оның үстіне ауыздарынан құрықтай - құрықтай смосад түспейді де маңайынан қия өтсең қолқаңды қауып, теке сасып тұратыны тағы бар. Шоферлар деген олардың қасында иман жүзді адамдар ғой...


Қыз жағадағы ұмыт қалған жалғыз бакенге қарады; манағыдай емес көлеңке аумағы молайып барады екен, әр уақыт көңіліне әлдебір медет беретін қалтылдақ қара ноқат та бұл жолы мұң әкелгендей. Неге екені белгісіз, ол мұң үстінде Аянды есіне алды, жүрегі лық етіп ауызша тығылғандай болды да қарағаннан қарап отырып екі беті дуылдап өртеніп кетті.


Дуняның Аянды көргеніне бар-жоғы бір-ақ жыл болды; мұның қол қоя білмейтін сауатсыздығын келемеж, дейтін Птичка деген есімнің лақап болуы да ос Аянның келуіне байланысты. Әуелде қыз біраз күн шамырқанып жүрді де, артынан еті үйреніп кетті, енді кәзір әлдекім атасының дауысына салып: "Дунька!" дей қалса жатып ашуланатынды шығарды тіпті. Сан келіп, сан кетіп жатқан сапырылысқан көп шофердің қайсысының есімін жадына сақтарсың; керек десең жүзін ұстап қалудың өзі қиямет. Бірақ, Дуня сырт пошымының онша тартымы да жоқ сол бір құбақан ғана жігіттің есімін алғаш танысқан күні-ақ жаттап алған-ды. Мүмкін, көп сөйлеп, көп қалжыңдасатын мінезінен, адамға деген үйірсектігінен шығар. Ол сайқымазақ бола тұра, осындағы кейбір бәдік шоферлердің біріне де ұқсамайтын. Неге ұқсамайды, ол жағын Дуняның өзі де білмейді. Әйтеуір ұқсамайды. Ұқсамағанына іштей қуанады. Неге қуанатынын тағы білмейді. Оның осы он алты жасына дейін өмірден бар тірнектеп түйгені, білгені — адамдардың үш-ақ сорты; бір сорты — атасы, екінші сорты — мылқаулар, үшінші сорты — бәдіктер. Әрине, оның ішінде атасы ақылдылар тобына жатады да, қалған екі сорты — қарам дүниенің "құдайдан берген" пенделері. Ал бар қиналатыны, Аянды осы екі топтың қайсысына сиғызарын білмей дал...


Дуня аяғын суға матырып жуа бастады; еті үйренді ме, әлде қызып отырған табаны мұздай суға тиген соң бойы сергіді ме, әйтеуір әлдебір бой күйез рахатқа батты. Бірақ, су ішіндегі баржиған мыртық бақайлары бұрынғысынан да жуан, әрі тым қысқа секілді көрінді. Кенет оның есіне Аянның "обшым, сенде әдемі боп кетіпсің... құдай ақы..." деген сөзі түсті де жымиып күліп жіберді. Сенген жоқ. Сенбесе де көңілі өсіп қалды. Бұл оның алғаш естіген жылы сөзі еді. Соны біреу айтады - ау деп ойламаса да, айтуын іштей көптен күткендей сезінді. Тағы да су бетіне үңілді; жыбыр-жыбыр ұсақ толқын, ұсақ толқында бір көтеріліп, бір батып желпініп тұрған өз жүзі: мұрыны толқын лықсыған сәтте бір есе сопайып, біресе жалпайып, енді бірде қисайып мың құбылады, аузы да кейде жаялықтай созылып, кейде қырық бұралып өзін мазақтап тұрған тәрізді. Ол судағы көлеңкесін аяғымен шап еткізіп теуіп жіберді де, жағадан кейін шегініңкіреп отырды. Сосын сарафанының өңіріне тыққан "Советский экранды" қолына алды, үңіліп жартылай жалаңаш әйелдің портретіне қарады. Портрет те ырбалаңдап мұны мазақ қылғандай көрінді. Қыз келіншек бетіндегі арбитып жазған "кержак" деген сөздің әр қарпін сұқ саусағымен түртіп санап шықты да әлденені іздеп жан-жағын шолды, ақыры жаңқа сынығын тауып алып, майда құмға рабайсыз етіп "к" әрпін салды, онан соң "а"- ны, одан кейін "ж"-ны бір-бірлеп тізіп, "кержак" деген сөзді оңнан солға қарай арапша теріс иректеп, шимайлап қойды.


Бұта - бұтаның түбінен шілделіктің шырылы келеді құлаққа. Қыз жерден басын көтеріп жол жаққа көз тастады: етектен ұшар биікке дейін аш ішектей қырық бұрала иіріліп жатқан үлкен жолда иіріліп шаң ғана қалыпты, үп еткен жел де жоқ болса керек-ті. Сапырылысқан машиналар да сарқылып, тайга құлаққа ұрған танадай тұнып тұр. Көкжиектен жаңа байыған күннің қызыл жолақ шапағы балқиды. Ысқырған шілделік шуылына әлде қайдан оркестр үні қосылды. Леспромхоз орталығынан болса керек. Вагнер... "Гибель богов..."


— Дунька!..


4


Қолды бос қойып, қыбырсыз қарап отыра алмайтын өлермен шал уақ-түйек майда шаруасын құлқын сәріден бастап, тырпылдап жүріп күн қызбай бітіріп тастайтын. Оның үстіне, қартайғандікі ме, ұйқысы қалып, түнімен тысқа сан қайтара жүгіреді де таң бере жамбасы шыдамай тұрып кететін әдеті еді. Шаруа дейтін шаруа да бар ма бұл күнде. Әйтеуір, жоқтан барды түрткілеп, жоқ-жұқананың басын құрастырып өзін өзі алдаған болады. Жалғыз торай мен бес тауықтың, үй іргесіндегі шағын огородтың күйбеңі Дунядан да артылмайды. Мынау леспромхоздың ағашы мен аяқ арт деп берген жаман тор шолақ тырысқысы болмаса. Осы да кесіп боп па. Ағашты ертең-ақ плотогонщиктер айдап алып кетеді. "Әкетсе екен өзі, — деп ойлады ол. — Нағып кешігіп жатыр?.. Кәззәптар!.. Жүрген шығар, қаланың қабақ біткенін адақтап!.. Шал осыдан біраз күн бұрын сал айдап кеткен плотогонщиктерді іштей бір сыбап алды. "Осындай да шаруа болады екен-ау, тфу -у!.."


Соңғы бір-екі жылда орман қоры азайып, жұмыс нарқы да арзандап кеткен. Леспромхоз әне жабылады, міне жабылады деп қопаңдаған жұрт жан-жаққа бытырап, бірі көрші бұғы совхоздарына, бір тобы алтын рудниктеріне кесіп қуалап шөре - шөремен жүр. Бірақ, ағаш дегеннің қаны әлі де жерге тимейді, шахталар, онан кетсе қаланың зауыттары мен фабректері бірін бір, екісін екі қылғып жұтып жатыр. Жұмыс қолынан айырылып қалған басшылар қыс бойы қарап отырса да, жаз шыға шарқ ұрып әлекке түседі. Осыдан дәніккен қаланың онан қашты, мұнан қашты ел кезбе қулары бықытын тауып сарт ете қалады да екі есе, үш есе қымбатқа жалданып мұндағы аңқау жұртты сүліктей сорады. Тындырып жатқан жұмыс та, береке де шамалы. Айтып айтпады, қалаға сал айдап бір кетсе, жарты ай, бір ай жоғалып, тапқан-таянғандарын тақыр-таза сілкіп қайтпай оралған емес. Тірлікке шорқақ болғанмен тілге пысық, осы өңірдің тақуа жұрты бұндайларды "калымщики" деп атап кеткенді. Жартылай қазақша, жартылай орысша дүрегей сөзде тайга жұртының аламандығы мен беремендігінің, даңғаза дарақылығы мен парықсыз кезбелігінің тоқайласқаны рас та... "Осы да шаруа боп па! Тфу - уу!" — деді шал іштей кіжініп. Бірақ, артынша тағы да ойланып қалды. "Осы менің шыққан шығыным қанша?.. Пұл болмаса құл болсын!.."


Ол әуелі әдетінше сығырайып күнге қарады: арқан бойы көтеріліп қалған күннің қызғылт шар айнасы құлақтанып, жиегіне кемерлене кемпір қосақ қырсауланған екен, тұманнан болса керек. Таң алдында селдетіп өткен нөсерден ағаш басы солбырайып мүлгіп тұр. Бұта - қарағанды көзімен тікелей келіп, мүлгіп тұрған тор шолақты тауып алды: белі аспанға шығып, сабаудай бір тұтам құйрығын бұтына қысып апты, шұрық - тесік жауыр қапталынан бу бұрқырап, тірсегі дір-дір етеді. Ол да бүгін шалды салқын қабақпен жақтырмай қарсы алғандай болды.


Шалдың бұл дүниеде тағы бір жек көретіні осы торшолақ. Неге екені белгісіз, көзіне түскен сайын малға емес, адамға деген іш қатпарындағы бар ыза, бар кегі мен өкпе -сақпасы божыған идей қажылдап шыға келетіні бар. Бұл фәнидегі өтті - кеттісі мен көрер -көрмесін, тартар қазабы мен азабын, пұшайман болған бүгінгі қауқарын есіне салғандай күйік боп итініп кеп тұрғаны. Сақинасы ұстағандай маңдай терісі құрысып тыжырына қалады да, көз қылып әдейі байлап кеткендей іштей әлдекімдерді сыбап жатқаны. Тіпті, леспромхоздан көлік бер деп сұраған емес-ті. Тықпалап қоймаған соң алмаймын деп тағы айтқан жоқ. Әуелде, "дұшпаннан түк тартсаң да пайда" — деген ой болған еді, бірақ, мың аунаса да аңыршағы шыққан көнтулақтан жерге қылтан түк түсер түрі байқалмайды. "Өлмесең өме қап!" — дегендей бұл да тарыс буып жалғыз қазақтың басына матап тастаған, ол да міз бақпай имиіп кеп тұрғаны. Қасарысқан қос қырсықтың қайсысының бұрын зерігері, кімді кімнің алып жері әзірге бір құдайдың өзіне ғана белгілі.


Таңғы тұман бірқыдыру жерді көзден тасалап қалыпты. Тырс еткен бөгде тықыр естілмеген соң шал көңілі орнына түскендей болды да қада басындағы мордушкаға қол соза беріп, жылан шаққандай селк етіп қайта тартып алды. Қас - кірпігі шанжау - шанжау кішкентай суды жанары жасаурап, қаша тақтайына смоламен ирелектете, рабайсыз жазып кеткен "кержак" деген сөзге қадалып, есеңгірегендей тұрып қалды.


— Дунька!


Кешігіп барып аула ішінен есік сықырлады, сосын жалаң - аяқ адамның тықыры естілді де, ыңырсық дарбазадан қыздың ұйпалақ - ұйпалақ ұйқышы - ояу жүзі көрінді.


Дуня неге шақырдың деп сұраған жоқ. Тегі, шал оған "Дунька!" деген бір ауыз сөзден басқа еш нәрсенің ау - жайын ықтияттап айтқан емес те, қыз да сұратып жатпайтын. Бұл жолы да әуелі асықпай-саспай көзін уқалады, қобыраған самай шашын құлағынан асыра қайырып, сосын асықпай-саспай атасына қарады. Шал саусағын шошайтып, қашаны нұсқап тұр екен. Дуня ыржиып күлді. Күлкісі бейкүнә жанның аңғал мінезін аңғартып еді.


— Деда, бұл біздің фамилиямыз емес пе, — деген үні де әлденеге жадыраған бала кеуіліңдей ерке де назды шықты.


— Осы сенің фамилияң кім? Соны білемісің? — деді шал.


Оның үнінен де не ашудың, не зекудің нышаны білінген


жоқ. Тек сулы жанарын тіктеп қадаған күйі немересінен болар-болмас күйбеңнің парқын сұрағандай сынай барлап тұрды да қайтып тіл қатпастан қада басындағы мордушканы суырып алып жөніне кете берді.


Қыз шынында өз фамилиясын есіне түсіре алмай тұрғандай - ақ ойланып қалды. Көкшіл жанарын қаяу шалып, қаймақтай жұқа еріндерін жымыра тістеп қойды. Бұл атасын емес, атасы мұны ренжітіп кеткендей жасып қалған түрі бар. Басын жерден көтерген шал бұтыл башпағын сылп-сылп сүйретіп, алыстап кеткен еді, оның қушиған жауырынын, ырғаң-ырғаң аяқ алысын біраз бағып тұрды да кілт айналып аулаға қайта кіріп кетті.


Шал таға да "тфу!" — деп жерге бір түкірді. Ол немересіне былай шыға беріп кіжінген тәрізді; осы уақытқа дейін пәктігіне күмән келтірмесе де қақпаға түскен қара дақтан шошынайын деді, ырымның аты ырым, әлденеге іші ойран-асыр ұлып, ту сыртынан әлдебір жат көз сығалап тұрғандай жан - жағына секемдене, жақтырмаған көзқарас тастап қойды. "Ақымақ неме!" — деді іштей. — Сау басына сақина тілеген есуас!


Ол төңкерілген ескі қайықтың қасына жетіп біраз аялдады; баттастыра жағылған смоланы сұқ саусағымен нұқып - нұқып кепкен кеппегенін байқады, асықпай-саспай бір айналып шықты да күнде ертесімен мордушка құратын түйетайлы жағаны шолды. Су лықсып кемерден асып кетіпті, әдетте жөн арқасы дөңкиіп жататын қара қой тастар да көрінбейді, арнаның біраз жері омырылып, кемерленіп қалыпты.


Ол судың мезгілсіз тасығанын да жақтырмайтын. Жалпы мезгілсіз дүниенің бәрін де қарамға санап, мезгілсіз келген - кеткенді, мезгілсіз өткен жүргінді, мезгілсіз соғатын амал мен сәуірді жақсы ырымға жорып көрген емес. Биыл да кесірге бола жаз ерте шығып, күн қауырт ысып кетті де Алтайдың қасық қарына дейін айдап түсіп, сай-сала, өзен біткенді суға толтырып жіберді. Әйтеуір өз қара басынан аулақ, басқаның маңдайына жазған кесапат болса жақсы-ау.


Шал бакенді де таппады. Әдетте толқын үстінде қылт - қылт ойнап тұратын ескі бакен бүгін жоқ. Оның орнында айдаһардай еңкие шөгіп дәу салынды жатыр; ербиген ағаш тамыры, іркілген ақ жел көбік, ақ жел көбіктің үстінде секектеген ағаш жоңқасы ғана көрінеді. Ол аула жаққа бурылды да қашадағы смоланы сүргілеп жатқан немересіне:


— Дунька! — деп айғай салды. Сосын брезент сулығын шешіп, шөп үстіне лақтырып жіберді, көйлегінің жеңін түріп, төңкерулі қайықтың ернеуінен көтеріп байқап еді, бірақ, баттасқан смоладан ауырлап, оның үстіне шалғын арасында жата - жата ісіне борсып кеткен көне қайық шалдың ешкі тебініндей ғана шамалы қауқарына ырық бермеді. Ол екінші мәрте еңкейгенде ту сыртынан сыз жерді шалп-шалп басқан аяқ тықыры, "дорога... дорога..." деп әндеткен Дуняның даусы естілді. Немересінің қолынан сырықты алып жатып:


— Балта қайда? — деді шал.


Ол өз қолынан келетін шаруаны өзгеге тапсырмайтын. Ал шама жетпегенге ұмтылған емес. Заманында Жөгер қолы тимеген, Жөгер қолынан қашқан кесіп кемде кем - ақ еді. Енді міне, қару - қайрат кеміп, көп дүниеден қалып отыр. Жылына бір дүркін жаңалап шығатын мынау қора-жай мен баспана да алқам салқамы шығып тозып барады, омарта мен бау - бақшаның да бұрынғыдай емес сәні кеткен. Бірақ, сонда да, қол ұшын жалған жібер деп біреуге жалбарынған емес, өз тірлігіне өкпелі боп бөтенге күні түсе қойған жоқ, осыған да дән разы, осыған да шүкіршілік етеді, "тентіреген көп пақырдан" әлі де өзін артық санайды. Ол мықшыңдап көне қайықпен көп арпалысты. Іштегі әлгі бір реніштің ызғары кетпегендіктен бе, әлде баяғы сол намыс болар, немересін де көмекке шақырған жоқ. Қайықты аударып тастаған соң да біраз уақытқа дейін аузы-басы қыйсаңдап, сақал -мұрты жыбырлап, шеке тамыры лықылдап барын зорға басылды. Қайық орнындағы күн тимей шиыршықталып қалған сарғыш шөптің арасы жыбырлаған жауын күрт екен, дәу қазанда бұққан дұнған кеспесіндей быжынап, кірерге тесік іздеп есіліп жатыр. Шаршап қалғандікі ме, басы айналып, көзінің алды бұлдырап, бүкіл жер жыбырлап бара жатқандай болды да бойы тітіркеніп, шал кейін шегініп кетті.


Дуня бір балта, сосын, атасы тағы да жұмсап жүре ме дегендей артық та болса бүйірі қабысқан қос темір шелекті қоса алып келді. Шал балтаны қайық түбіне дүңк еткізіп лақтырып жіберді де екі шелекті жағадан былайырақ сиырын тастады.


Қайық жиектен жылжысымен асау өзен жұлып әкетті. Аққұла толқынға киліккенде өзен түбі иірім тартып, ұзын сырық тұтамдай-ақ боп тіреуге келмей қалады да қайық ағыспен дедектеп жөнелді. Шал бар шамасынша әбігерге түскенмен сырықты бір суырып қайта салғанша ағыс бұларды арқан бойы ықтырып алып кетеді. Көмектеспек болып қасына таянған Дуняны да: "тыныш отыр!" — деп қайырып тастады. Қайық зулап кеп құмдақ жиекті сүзе тоқтағанда жартас түбіндегі бакен нобайы едәуір жоғарыда қалып еді. Шал іштей әлденені күбірлеп, күн сала ағысқа қарады, тағы да өзіне өзі наразы болып тұрғанға ұқсайды. Қайықтан түсе бастаған Дуняға:


— Қайда барасың? Тыныш отыр, — деп тағы да тоқтатып тастады. Сосын кенеп шалбарының балаган түріп, сырықтың бір ұшын қызға ұстатты да жылпылдаған малта тастарға бір жығылып, бір сүрініп қайықты жиекпен ағысқа қарсы тыртыңдап сүйрей жөнелді.


Бұтақты құж-құж кәрі қайың бакенге қонжия мініп алыпты. Шал әлдебір марқұмға зират еткендей белгісіз бір нәрсені іштей күбірлеп екі саусағымен шоқынып алды да:


— Балта, — деп Дуняға қолын созды.


Қыз балтаны ұсынды да қайықтың артқы тұмсығына барып қайта отырды. Атасы қаламаған соң, мен тындыра қояйын деп жармасқан да жоқ. Қаламағаны — сыз етеді деп аяғаны шығар; қаламағаны — ердің ісіне әйел затының араласқанын жек көретін әдеті де. Ол кіршіксіз мөлдір аспанға қарады. Көк жиектегі тау шыңында тоқымдай ғана ақша бұлт қапты. Ақша бұлтты әлдебір мақұлыққа ұқсатты, бірақ қандай мақұлық екенін есіне түсіре алмады. Мүмкін ондай мақұлық жоқта шығар, қиялы ма, әлде түсінде көрген бір елес пе, кім білсін. Расында, баяғы бала кезінде оның түсіне небір таңғажайып оқиғалар кіруші еді, қанат қағып осынау көк аспанда ұшып жүретін кездері де болатын. Кәзір соның бірі де жоқ. "Қызық, адамның түсі де өзгереді екен-ау" — деп ойлады.


Үлкен жолдан машина гуілі естілді. Қайқаңда домалақ көкшіл автобус томпаңдап кетіп барады екен. Күн жексембі болғандықтан күндегі бейсауат сабылысып жататын сансыз машиналар жоқ. Қасқа күре жолда құлдыраған жалғыз автобустың гүжілі жаңғырығып қатты шығады. Автобустың маңдай шынысы күн көзіне шағылысып жалт етті де, артына бір шөкім ғана шаң қалдырып бұрылыстан жоқ болды. Тағы да мүлгіп орман қалды, меңірейіп күз жартастар қалды, жота-жотаның үстінде басқұрдай шұбатылып қасқа күре жол қалды.


— До-ро-га, до-ро-га... ым-ым-ымм...лишь один поворот...лишь один поворот...


Дуня әннің қайырма әуенін, сосын "дорогасы" мен "лишь один поворотынан" басқасын білмейтін де еді. Мұны да келіп-кетіп жүргенде Аяннан естігені бар. Әлденеге көңілі түскенде ыңылдап айтатыны да осы. Кей күндері тіпті ертеңді - кешке дейін тілінің ұшынан кетпей қоятын кездері де болады.


Қыз Аянды есіне алды. Имиген орақ мұрнын, едірейген мысық мұртын көз алдына елестетті де, қарағаннан қарап отырып ыржиып күліп жіберді. Артынша көңілі елегізіп, осынау қасқа жолмен бір жаққа тарта жөнелгісі келді... "Дорога, до-ро-га..." Шал жөткірінді. Қыз тіпті манадан бері шаңқылдаған балта дауысын да ұмытып кетіпті; бұрылып атасына қарады, балтаны құлаштай сермегені болмаса, су сіңген салындыға қолы бататын емес, ұшын жатқан жаңқа да шамалы, тізесінен асып, қара санына жеткен су түрулі балағының қатпарынан сорғалап тұр, буын - буыны қалтырайды, суық сорса керек.


Дуня қайықтан тусті де сарафанының етегін мықынына қыстырып, шалдың қасына келді, өңкиген салындыны көзімен өлшеп біраз тұрды, сосын шалды айнала беріп, салындыны қапсыра құшақтады да сопаң еткізіп суырып алып, бакен үстінен аударып тастады.


— Саған көмектес деген кім бар, — деді шал.


Қыз түсінбегендей атасының жүзіне таңдана қарады.


— Төменде, қызыл жардың тұсында тағы да бакен бар емес пе, — деп шал өкініш білдіргендей болды. Бірақ, қызыл жардағы бакенді сал әкетсе де, сайтан әкетсе де шалдың оған қиналып тұрғаны шамалы еді, тек манадан бері тыртыңдап босқа арам тер болғанына білдірген наразылығы туғын. Наразды болды не, болмады не, салыңды екі-үш дүркін аунап алды да түгіршік, жаңқаларды соңынан шұбыртып, жылжып жүре берді. Су астынан шоршып шыққан бакен өзен бетін сылп-сылп шапаттап жатыр. Шал балтасын қайық түбіне лақтырып жіберді де әлденені күбірлеп, тағы да әлдебір марқұмға зират қылғандай шоқынып қойды...


Талма түс болмай жатып-ақ жаздың сартап ыстық күні қайнап кеткенді. Өзек, тоғай біткен тұнып жатыр, белес - белестің басынан шалқыған жалын сағымы көрінеді.


Әдетте, жексембі күні жан тыныштықты жақсы көретін Жөгер, бүгін де құдайына құлшылық етіп, онан қалса монша жағып түспек ойы болып еді. Су киімдерін ауыстырып, дөкет балтасын алды да, мешел қара моншаның қасында жатқан қу ағашты шабақтап жара бастады. Бұрын да көрші хуторда әлдебір танысы монша жағыпты дегенді естісе құр жібермей, еру боп іздеп барып түсетін ыстық құмар жан қартайған соң тіпті моншадан шықпайтын болып алды. Кәкір-шүкір күйбеңді біржола ұмытып, ертеңнен кешке дейін нар үстінде, ыстық будың астында тыр-тыр қасынып нарттай боп терлеп - тепшіп жатқанға не жетсін. Шал үшін екі дүниенің рахаты да осыдан артпаса керек. Ол отын ұсақтап бола бергенде баж етіп ыңырсық дарбаза ашылды. Үйден Дуня шықты. Үстінде көз - көз штапель көйлек, басында тамағының астынан қылғындыра байлаған көгілдір штапель орамал, аяғында бүгінде модадан қалған жуан өкшелі туфли. Шал немересіне тандана қарады.


— Сен қайда жиналдың?


— Леспромхозға.


— Онда не бар?


— Әтеш әкелемін.


Шал қыз жауабына иланбағандай біраз уақыт сүзіліп қалды


да:


— Білем, сенің қандай әтешті іздеп бара жатқаныңды, — деп балтасын былш еткізіп ағашқа қадай салды да, теріс бұрылды.


Ол бармайсың деп тиып тастай алмады. Қыз барайын ба деп одан сұраған жоқ. Шал тұқырыңдап жаңқа шабақтап қала берді де, Дуня аяндап күрс жолға тартты. Ту сыртынан "Дунька!" — деген таныс айғай естіле ме деп қипақтап келеді. Бірақ, бұл жолы атасы дыбыс бере қоймады. Әне айқайлайды, міне айқайлайды мен күте - күте қорғаншақтай күре жолға түсті. Ұзаған сайын жүрегі лүпілдеп, дегбірі таусылып барады. Мынау мылқау тыныштықта жалғыз адамның тықыры да тас домалағандай тасырлап естіледі екен, аяқ, астынан ұшқан құйтақандай қиыршықта бұршақтай сатырлап, күз жартасқа жаңғырығы жамырап кетіп жатыр. Ол өз тықырынан өзі үрейленіп, ес болсын дегендей:


— Дорога, до-ро-га...ым-ым-мм... — деп қойды. Дауысы тым жарықшақтанып шықты, әрі әннің ырғағынан да жаңылып, өзінен өзі елегізіп, өзімен өзі сөйлескен түнгі жалғыз жолаушыдай әйтеуір албаты ыңылдап келеді.


— Лишь один поворот... лишь один поворот...


Қыз бұрылысқа жетіп, үһ дегендей демін бірақ алды да артына бұрылды, қалың тоғай жағадағы жалғыз үйді көзден тасалап қалған екен, үйілген ағаштың бір шеті, мешел қара моншаның жартысы, торшолақтың шыбжыңдаған сабаудай құйрығы ғана көрінді. Ол әуелі атасынан сытылып шыққанына қуанып еді, артынша жапан дүзде жалғыз қап кеткені есіне түсіп, жаны ашыды да ала көңіл боп жол үстінде біраз уақыт кідіріп қалды...


Жөгер жүресінен отырып, білегіне қу жаңқаларды үймелеп салып алды да, осы шынымен-ақ кетіп қалды ма дегендей артына бұрылды. Манадан бергі тықырлаған өз күйбеңі болмаса, аула маңы құлаққа ұрған танадай тым - тырс екен. Ызыңдаған сона мен шырылдаған сансыз шегірткенің шуылы ғана естіледі. Ол немересін жуық маңнан таба алмады да сығырайып қасқа күре жолға көз тікті. Қасқа жолдың бұрылыс - қалтарысын тінткілей, қуалай келіп дөң басынан қараңдаған Дуняның силуэтін көрді. Дөң басында Дуняның қылт-қылт еткен төбесі, желбіреген орамал ұшы бірте-бірте алыстап, көкжиекке сіңіп барады. Қайрылар ма екен дегендей шал меңірейіп едәуір уақыт күтіп отырды да көкжиектегі қылтылдаған қара ноқат жоғала бергенде құшағындағы қу жаңқаларды сар еткізіп қайтадан төгіп тастап орнынан көтерілді. Тағы да күре жолға көз тікті. Сары белде сары желдің шалқыған сағымы ғана қалыпты. Ол мең-зең боп, иіс тиген адамдай теңселе басын үйіне беттеді.


5


Аула. Баяғы сол аула. Бес тауық, бір торай, жалғыз шелек арасымен шорымық үстінде шүңкиіп шал отыр. Әжім басқан жүзіңде, отсыз тұнық жанарында шексіз мұң, қасірет бардай еді. Ол өзінің жапан дүзде, жар басындағы жарбайған жетім үйде жалғыз қалғанын енді ғана сезген тәрізді. Тот басқан ескі қолжуғыштың кіндігінен аққан су тамшысы ақсақ орындықтың үстіндегі мықырайған темір шелекті сылп-сылп ұрғылап, шалдың жарық дүниедегі ендігі қалған бар уақытын там-тұмдап өлшеп тұрғандай. Ол қолжуғышқа ала көзімен ата қарады да, жүгіріп барып теуіп жібергісі келді. Бір басына әуресі жетерлік тірнектеп жиған осынау шағын шаруасы енді тірі пендеге қажеті шамалы, керексіз қараң қалған ескі жұрттай жеккөрінішті боп кетті. Қарағаннан қарап отырып, танауына қайдағы бір сыз топырақтың иісі келгендей болды. Әдетте машинаның гүрілі естілсе маңайы бензин сасып кеткендей тыжырына қалатын шал дәп кәзір сол жолдан мотор даусын күтіп, іштей әлдекімдердің жүріп өткенін қалап-ақ отыр. Бірақ, қырсық кәнда қайбір қалағаның бола қалушы еді, бір қалыпты ысылдаған іргедегі өзен сарынынан басқа дым жоқ. Әлдеқайдан қарағайдың қабығын аршыған тоқылдақтың тықылы естіледі. Тағы бір тықыл үй сыртынан шықты. Оның кедір жаңғағын мұжыған шауқарға екенін шал сезіп отыр. Онда да тықыл, мұнда да тықыл. Осыншама қаптап кеткен тықылға миын жегендей Жөгердің жатып жыны келді. Өміріңде өзгенің тірлігі болмаса өз тірлігіне наразы боп көрмеген ол енді кәзір уаһам дүниеден көңілі суып, қалжырап қалғандай.


"Мені осында ажал айдап келген шығар", — деп ойлады ол. Бұрын өлім-жітім дегенге салқын қарап, алда ажал деген бір тосқауылдың барын көп еске ала бермейтін шал, соңғы оншақты жылдан бері қорқатын боп жүр. Көмусіз қаламын - ау деп қорықпайды, күн сайын әлдебір белгісіз күш өзін қара жерге тартқандай екі иығынан басып, меңдейді де тұрады. Таңдамақшар алдындағы жарық дүниеге тастап кетер бар қарызы мен парызы, күнәсі мен пенделігі есіне түсіп, жатса - тұрса мазасы қашады. Бұл Фәниде не істеп, не қойғаны өзіне ғана белгілі, бірақ, адам көзінен жасырғанмен "жаратқанның" көзінен қалтарыс не қалушы еді.


"Ажал аңдап келген шығар мені осында" — деді шал. Ажал айдап келді ме, адам айдап келді ме, ол да бір нағайбыл дүние ғой. Дегенмен осынау жапан түзге, ел-жұрттың ортасынан орын жетпегендей дара шығып кеткеніне шал жиырма жыл өткен соң ғана өкінген тәрізді. Өкінді не, өкінбеді не, оған қылар қайран жоқ. Ол отырып - отырып, өтіп кеткен уақыттан қармайтын ештеңе таппағаннан кейін өзінін бар мүшкіл халіне бөгде біреулер себепкер болғандай іші тағы да қазандай қайнап шыға келді. Іштей қилы-қилы кезеңнің шек - қарынын ақтарса, өзіне артар кінәсі орта түсіп, таңдамақ шарға арқалап кетер жүгі де жеңілдеп қалатын тәрізді. Ойлап отырса, қырық шақты жылдың ішінде ол үш рет көшіп, үш рет жаңа қоныс көтерген екен. Соның өзінде басындағы бақ-дәулетті үш рет толып, үш рет солыпты. Есіне түскенде көкірек қыжылдатқаны болмаса толған бақ пен солған бақты армандап, аласұрып отырған бұл жоқ. Армандағанмен қайтарып алар дәрмен қайсы. Әйтеуір, бодаусыз кеткен ол да бір арам тер ғой дейді де қояды. Бірақ, бұл да әншейін көңілдің жұбанышы ғана. Әйтпесе...


Шалдың ойынша, оның заманының қағынғаны сонау жиырмасыншы жылдардың ауқымы. Шырық бұзылып, ел үстін жосылған есепсіз көп солдаттың қаптап кеткен кезі болатын. Шұбырып Қытай асып, Монгол асып қию - шию болды да жатты. Ел тонау, мал тонау, оққа ұшу, найзаның ұшында кету қазағы ма, орысы ма, қай ауыл, қай хуторда болмасын үйреншікті оқиғаға айналды да біреудің тасы өрге домалап, бөркі қара қазандай болды, біреулердің қаны судай ағып, басы дауда, малы жауда кетті. Тым-тырыс жатқан қалың ел аяқ астынан улардай шулап, ақтарды қарғап-сілеп, аза тұтқан шақ. Ақтар ма, көктер ме, алты аласы, бес бересі жоқ бөтен ала босқан жұртта Жөгердің ісі қанша, өз мұртын балта кеспеген соң сол бір қым-қуытты көп есіне ала да бермейді. Мүмкін, өз алдына ақ банданың тұтас бір отрядын ұстаған атақты помещик Кривоноговтың да шапағаты тиген шығар. Әйтеуір, дес бергенде не бір лаңның бәрі де Жөгерді айналып өтіп жатты. Бай -құлақтарға бүйідей тиген қызылдар келіп килікпегенде оның шаңырағы да шайқалмайтын ба еді...


Иә, Жөгер үшін ол да бір өтті-кетті дәурен ғой. Бүгінгі мынау пұшайман тірлігінің "қойшыларға қор қылып, жылқышыға жыр қылып" қыр арқасын езіп жібергені болмаса, бір кезде Жөкең де жалғанды жалпағынан басқанды.


Бір жағы Құлжа мен Үрімшіден сонау ішкі Қытайға дейін, бір жағы Көктас пен Ридр, онан асса ішкі Россиямен жең ұшынан жалғасып жатқан Кривоноговтың шалқып тұрған шағында Жөгер заман дәп осындай апай-топай аударылып түседі деп ойлаған жоқ еді.. Жалпы ол ақ пен қараны ажыратып, кімнің кім екенін кесіп-пішіп, айдар таққан емес, оған өресі де жеткен жоқ. Бүкіл Алтай өңірінің жері мен орманын қорып, сол өлкенің қара тасынан да май сығып алған азулы помещиктің не істеп, не қойғанын бұл қайдан білсін. Әйтеуір оның ат нөпір байлығынан пәлен мың бұғы - марал айдап, пәлен гектар жерге егін еккенін ғана жадына тұтып қапты. Ал судай сапырған алтын мен күмісіне үңіліп, көз сатып көрді деймісің. Бар болғаны оған құдайдай табынатын, бар көргені - соның пұшпақтай ғана жерін өңдетіп, егінін сеуіп, астығын жинатып беріп, итше қорыған адал еңбегі ғана. Бұның малайдан айырмашылығы — малайларды бір шыбықпен өзі айдайтын, содан түскен пайдасы - кертіп жесең таусылмайтын бір басына жетерлік бақ-дәулеті бар-тын. Құдайға шүкір, ақы-пұл жағынан Кривоногов меңгеруші, приказчик дегендерді шөміштен қысып көрген емес; мыңды алақаныма сал, оны сенікі деп қарап отыратын. Дүние - мүлік, ішу - жеу дегеннен басқаға кеңірдегін созып көрмеген көп жөгерлерге сол да жетіп жатыр, онан артығын қалаған емес. Сол үшін де Кривоноговке күні бүгінге дейін екі дүниеде бірдей разы. Содан да болар, Кривоногов қытайға өтіп кетіпті дегенді естігенде таң-тамаша қалып, іштей өкінген де. Әрине, оның кетіп қалғанына қиналған жоқ, осыншама ең байлықты тастап, қара басын алып зытқанын ақылға сиғыза алмай дал болған-ды. Албаты босқан ақ бандылардың берекесіз тамтығының қайтып оралмайтынына әбден көзі жетіп, ел ішіне қызылдардың кеулей кіріп келе жатқанын сезген алпауыт күні бұрын-ақ тышқақ лағына дейін алтынға айырбастап, былайға жұртты ақымақ етіп кеткенін қай жегер аңғарыпты. Жөгерлерге оның артында қалған жемтігі де қисапсыз дүниедей көрінген.


Ірі байлардың босқаны босып, боспағаны конфескеленіп, жер аударылғаннан соң ел ішіндегі дүрбелең бір сәтке болса да тынышталған шақ еді. Әркімге әр қалай, әйтеуір, бұл дәурен де Жегерге ту сыртын берген жоқ. Жалғыз Жөгер емес, әр жерде шанжау - шанжау боп Кривоноговтың жұртын басып қалған кешегі еті тірі деген іс басындағы итаршылардың көбі - ақ аз уақыттың ішінде байып кетті де, кішкентай - кішкентай кривоноговтар боп шыға келді. Ал Жегер кривоногов болам деп әуреленген емес. Ауылым менің шалғайда дегендей, бір түкпірде азғантай жерді иемденіп жатып алды да, кенеусіз құлқынын жұрт есебінен нығарлап бақты. Бір шошитыны, осы батпан құйрықты тегіннен тегін қылғи ала ма, жоқ па, түбі бір мал иесі шықпас па екен деп күдіктенетін. Ақыры сол күдігі расқа айналып, кулактар тізіміне ілініп-ақ кеткені. Бірақ ол алғашында бұған да қайғырып бас қатырып жатпады. Өзінің ата-бабасының мирасқа қалдырған жері болмаған соң дауға килігіп не қылсын, совет өкіметіне де шаруаға бас көз шаруаның адамы керек шығар деп ойлаған. Өзі қатарлы дәулеттілер кешегі Кривоноговтың жұртын иттей қорып, ақыры иттей болып ұлып кеткенде бұл ілдалдалап аман қалды. Тек өкініші — совет өкіметі Кривоноговтей мұның басына бақ болып қонған жоқ. Қазағы бар, орысы бар, арқа еті арса, борбай еті борша боп мал мен соқа соңына ерген жалшы мен шарқайлы диханның күні туды да, жөгерлерді жағаға шыққан қайықтай ығыстырып тастады. Ол ығысқаннан ығысып, жылыстай отырып осы Коробихадағы сектанттар ішіне сіңіп жан тасалаған еді. Бұл оның екінші қоныс аударуы. Советке деген іштегі мұздай қатқан беріштің алғашқы байланған сәті де осы кез. Сол беріш күн өткен сайын ұлғая түспесе кеміген жоқ. Бірақ оған Жөгер өзін ешуақытта да кінәлімін деп санаған емес. Әрдайым шеккен "жапасы" мен тартқан "тауқыметін" біреудің пиғылынан іздеп, әлдекімдерге қанын жүктегендей ойы бар. "Кім біледі, әлгі тозы ма - ау, қосшысы ма - ау, онан кейінге мынау колхоз деген зауалы кеп кимелемегенде жұртпен итше ырылдаспай-ақ өмір сүретін бе едім", — деп ойлайтын шақтары да болады.


Жөгерге салса, адам баласының қақын жеп, тірі пендеге залал істеген жоқпын дейді өзінше. Алғаш колхоз орнап жатқан кезде кулак, қуйыршық атанған Корибиханың кержактары кісі өлтіріп, тіпті комсомолға өткені үшін өз баласының басын шауып тастағандар да ұшырасты. Жөгер соның біріне араласқан емес, бірақ іштегі кегін де ұмытқан жоқ. Әлі де бүйрегі бітеу өлермен адам аз уақытта шаруасын ондап алды да баю, дүние жию деген түпкі арманынан отызыншы жылдардың аштығында тағы бір шықты. Шыққаны бар болсын, бұл да өз басына зауал боп көрінді. Тағы да иесіз қалғандай болған тегін жерге қол созып, шаруаға кісі жалдап не көрінді десеңші. Оның үстіне базары мен сауда - саттық жасаймын деп те көзге түсіп және бәле шақырғанын күні бүгінге дейін өзіне өзі кешірмейді. Артынша: "босқан елге жұмыс тауып беріп тамағын асыратқаныма, онсыз да алушысы жоқ дүние - жиһазын саудалағаныма кінәлімін бе?" — деп жұбатқан болады. — Нелер түкті кілемнің бір бақыраш картоптың құны, уыс-уыс ақшаның бір шайнам нандық нарқы қалмағанына кім жауапты. Қалай ойлағанымен де, әйтеуір тағы да заманы тарылып, тағы да бақ-дәулеттен сипан таза боп жерге қарап қалды да, талай жылғы тырбаңдаған еңбегі көптің игілігіне айналып кете барды. Бұл дүниеден мүлдем күдер үзген Жөгер пенде атаулыға деген бар өкпесін арқалап ап, тағы да үдере көшіп жөнелген. Бұл оның үшінші дүркін қоныс аударғаны еді. Іштегі қыжылдаған ащы запранға да сол бір кезде шоқ түскен.


Қайда қашса да, алдынан қорқыттың көріндей кес-кестеген қу тағдыры Жөгерді қуалап әкеліп бугы совхозының айдаладағы бес үйлі омартасына бір-ақ қамады. Өз күнімен, өз мұңымен бір түкпірде оңаша қалған соң, ол алғаш рет өткен-кеткенін пысықтап отырып, тірлігі хақында: "осы мен несіне шыр қағамын?" — деген болмашы сауалдың үстінде біраз ойланған да болды. Бақса, осынау ұзын-сонар жырдай созылған бар шырғалаң шүйкедей бір қатын мен бір ұл, бір қыздың қамына кеп саятын тәрізді. Сонан аяқ астынан көңілі қолқ етіп орта түсіп қалды да, күнкөріс пен шаруа - жайды біржола ұмытқандай томаға тұйық жатып алған-ды. Өз семьясын өзі жек көріп, өз семьясына өзі жеккөрінішті болып, мінезі де күрт өзгерді. Бар пәле, бар шырғалаң үйдегі қарайған үш көзден басталғандай -ақ қазымырланып, бүйідей тиісіп, өз ошағының берекесін өзі қашырды. Обалы қане, сан рет қолқа салып, әртүрлі жұмыстарға шақырған совхозға да барған жоқ. Рас, алғашқы кезде балта жұмысында, онан соң егінжайда, диірменде біраз қол қыбырлатқан болды. Бірақ, ниет жоқ, ылғи да жаудың малын жайғап, мүлкін қарақтағандай іш - бауыры ұлыды да тұрды. Ақыры, бәрін тастап, өрі жанға тыныш, әрі жан сақтауға пайдасы мол омартаға тоқтаған. Шынында да бірте-бірте еті өліп, әрнеге көндіккендей боп еді, жұрт жеті ағайынды емес пе, сол жылдың күзінде қатыны дүние салып, елуге жаңа шыққан шағында қосақсыз қала берді...


Күздің лайсаңы болатын. Мал деп, пішен деп, онан бұғы мүйізін отап әлекке түскен совхоз, егінін мезгілінде орып тауыса алмай, қарашаға ұластырып алды. Толассыз күнді күнге, таңды таңға ұрған ақ жауын ойдың да, қырдың да миын шығарып езіп жіберді. Жаңбыр мен тайганың тұманынан азғантай егінді күл шалып, қызып рәсуаға түсті. Әрине, "шоқ, шоқ!" — деп іштей разы болғаны бар, әйтпесе Жөгер оған қинала қойған жоқ. Совхоз басшылары қайта-қайта келіп тыныштық бермеген соң, оның үстіне қатыгез ерінің шаруасына көмек болсын деп әйелі Агафия аяғының ауырлығына қарамастан қырманға барып жүрген.


Күн бұлыңғыр тартса, басының сақинасы ұстайтын Жөгер (бастың сақинасы ма, басқаның сақинасы ма, оны бір өзі ғана біледі) самагон мен бал сыраға тыңқия тойып алып, кіресілі-шығасылы ғана есі бар, шуланда дыриып жатқан. Соңғы кезде ол бір ішсе түбін түсіре апта бойы, ай бойы сүргіндетіп барып бір-ақ қоятынды шығарған. Ал, бастады дегесін - ақ қайдағы - жайдағысы есіне түсіп, қаны қарайып сала береді. Ол әуелі түбі тесілгендей толассыз сорғалап, жаппаға қуалап тыққан құдайдың күніне жыны кеп, балағаттап алды, онан соң қазан-аяқты ақтарып, тіске сыздық қылатын даяр ас таппай қатынын сыбады. Қырманға кеткені есіне түсіп, "бұл қаншық мені жарылқай ма, жоқ өкіметті жарылқай ма?!" — деп зығырданы қайнады. Дәл осы ашудың үстіне Агафияның келе қалмасы бар ма. Оған қатынның алая қараған көзқарасы да, суықтан бұйығып жатқан байын кісімісің деп елеместен, есікті қасақана аңырайта ашып кеткен қылығы да ұнаған жоқ.


— Жап мына қараң қалған молаңды! — деп бақырды ол. Бірақ Агафия күндегісінше ығыса қоймады. Әдейі жынына тиіскісі келгендей қаннен - қаперсіз:


— Теке сасыған сорлы, тұншығып өлейін деп пе едің?! — деп бетінен алып тастады.


Онан кейінге мынау колхоз деген зауалы кеп кимелемегенде жұртпен итше ырылдаспай-ақ өмір сүретін бе едім", — деп ойлайтын шақтары да болады.


Жөгерге салса, адам баласының қақын жеп, тірі пендеге залал істеген жоқпын дейді өзінше. Алғаш колхоз орнап жатқан кезде кулак, құйыршық атанған Корибиханың кержактары кісі өлтіріп, тіпті комсомолға өткені үшін өз баласының басын шауып тастағандар да ұшырасты. Жөгер соның біріне араласқан емес, бірақ іштегі кегін де ұмытқан жоқ. Әлі де бүйрегі бітеу өлермен адам аз уақытта шаруасын ондап алды да баю, дүние жию деген түпкі арманынан отызыншы жылдардың аштығында тағы бір шықты. Шыққаны бар болсын, бұл да өз басына зауал боп көрінді. Тағы да иесіз қалғандай болған тегін жерге қол созып, шаруаға кісі жалдап не көрінді десеңші. Оның үстіне базары мен сауда - саттық жасаймын деп те көзге түсіп және бәле шақырғанын күні бүгінге дейін өзіне өзі кешірмейді. Артынша: "босқан елге жұмыс тауып беріп тамағын асыратқаныма, онсыз да алушысы жоқ дүние - жиһазын саудалағаныма кінәлімін бе?" — деп жұбатқан болады. — Нелер түкті кілемнің бір бақыраш картоптың құны, уыс-уыс ақшаның бір шайнам нандық нарқы қалмағанына кім жауапты. Қалай ойлағанымен де, әйтеуір тағы да заманы тарылып, тағы да бақ - дәулеттен сипан таза боп жерге қарап қалды да, талай жылғы тырбаңдаған еңбегі көптің игілігіне айналып кете барды. Бұл дүниеден мүлдем күдер үзген Жөгер пенде атаулыға деген бар өкпесін арқалап ап, тағы да үдере көшіп жөнелген. Бұл оның үшінші дүркін қоныс аударғаны еді. Іштегі қыжылдаған ащы запранға да сол бір кезде шоқ түскен.


Қайда қашса да, алдынан қорқыттың көріндей кес-кестеген қу тағдыры Жөгерді қуалап әкеліп бұғы совхозының айдаладағы бес үйлі омартасына бір-ақ қамады. Өз күнімен, өз мұңымен бір түкпірде оңаша қалған соң, ол алғаш рет өткен-кеткенін пысықтап отырып, тірлігі хақында: "осы мен несіне шыр қағамын?" — деген болмашы сауалдың үстінде біраз ойланған да болды. Бақса, осынау ұзын-сонар жырдай созылған бар шырғалаң шүйкедей бір қатын мен бір ұл, бір қыздың қамына кеп саятын тәрізді. Сонан аяқ астынан көңілі қолқ етіп орта түсіп қалды да, күнкөріс пен шаруа - жайды біржола ұмытқандай томаға тұйық жатып алған-ды. Өз семьясын өзі жек көріп, өз семьясына өзі жеккөрінішті болып, мінезі де күрт өзгерді. Бар пәле, бар шырғалаң үйдегі қарайған үш көзден басталғандай – ақ қазымырланып, бүйідей тиісіп, өз ошағының берекесін өзі қашырды. Обалы қане, сан рет қолқа салып, әртүрлі жұмыстарға шақырған совхозға да барған жоқ. Рас, алғашқы кезде балта жұмысында, онан соң егінжайда, диірменде біраз қол қыбырлатқан болды. Бірақ, ниет жоқ, ылғи да жаудың малын жайғап, мүлкін қарақтағандай іш - бауыры ұлыды да тұрды. Ақыры, бәрін тастап, әрі жанға тыныш, әрі жан сақтауға пайдасы мол омартаға тоқтаған. Шынында да бірте-бірте еті өліп, әрнеге көндіккендей боп еді, жұт жеті ағайынды емес пе, сол жылдың күзінде қатыны дүние салып, елуге жаңа шыққан шағында қосақсыз қала берді...


Күздің лайсаңы болатын. Мал деп, пішен деп, онан бұғы мүйізін отап әлекке түскен совхоз, егінін мезгілінде орып тауыса алмай, қарашаға ұластырып алды. Толассыз күнді күнге, танды таңға ұрған ақ жауын ойдың да, қырдың да миын шығарып езіп жіберді. Жаңбыр мен тайганың тұманынан азғантай егінді күл шалып, қызып рәсуаға түсті. Әрине, "шоқ, шоқ!" — деп іштей разы болғаны бар, әйтпесе Жөгер оған қинала қойған жоқ. Совхоз басшылары қайта-қайта келіп тыныштық бермеген соң, оның үстіне қатыгез ерінің шаруасына көмек болсын деп әйелі Агафия аяғының ауырлығына қарамастан қырманға барын жүрген.


Күн бұлыңғыр тартса, басының сақинасы ұстайтын Жөгер (бастың сақинасы ма, басқаның сақинасы ма, оны бір өзі ғана біледі) самагон мен бал сыраға тыңқия тойып алып, кіресілі-шығасылы ғана есі бар, шуланда дыриып жатқан. Соңғы кезде ол бір ішсе түбін түсіре апта бойы, ай бойы сүргіндетіп барып бір-ақ қоятынды шығарған. Ал, бастады дегесін - ақ қайдағы-жайдағысы есіне түсіп, қаны қарайып сала береді. Ол әуелі түбі тесілгендей толассыз сорғалап, жаппаға қуалап тыққан құдайдың күніне жыны кеп, балағаттап алды, онан соң қазан-аяқты ақтарып, тіске сыздық қылатын даяр ас таппай қатынын сыбады. Қырманға кеткені есіне түсіп, "бұл қаншық мені жарылқай ма, жоқ өкіметті жарылқай ма?!" — деп зығырданы қайнады. Дәл осы ашудың үстіне Агафияның келе қалмасы бар ма. Оған қатынның алая қараған көзқарасы да, суықтан бұйығып жатқан байын кісімісің деп елеместен, есікті қасақана аңырайта ашын кеткен қылығы да ұнаған жоқ.


— Жап мына қаран қалған молаңды! — деп бақырды ол. Бірақ Агафия күндегісінше ығыса қоймады. Әдейі жынына тиіскісі келгендей қаннен - қаперсіз:


— Теке сасыған сорлы, тұншығып өлейін деп пе едің?! — деп бетінен алып тастады.


Жөгердің қойнындағы қосағынан тұңғыш рет меселі қайтқаны осы еді. Агафия мінез көрсетеді деп тіпті ойламаған. Ол орнынан атып тұрды да жүкті әйелді тұра кіндіктің басынан ыңқита бір тепті. Агафияның "ах" деуге шамасы да келмей қалды. Демі таусылып, талма ауруы ұстаған адамдай қол - аяғы дірілдеп, көзі аларып, еденге ұшып түсті. Мұнан әрі қарап тұруға дәті шыдамай, Жөгер тысқа шыға жөнелді.


Ол үйінен едәуір ұзап кеткен еді. Қайда бет алғанын өзі де білмейді. Тек бұл өңірде барар жер, басар тауы қалмағаны есіне түскенде барып ойланып тоқтады. Қара орманына қайтып оралғысы келмеді; бұлыңғыр тұман астындағы үркердей ғана бес түтін оған енді тым суық, тым жат көрінді де, бұрылып алып тартып отырды. Қанша сандалғаны есінде жоқ, әйтеуір, қас қарайып, көз байланғанда барып, әбден діңкесі құрып, әлдебір кәрі кедірдің түбіне жетіп құлағанын біледі.


Сыра қызуы басылып, іші қалтырай бастады. Малмандай болған жұқа жейде тәніне жабысып қалған екен, тұла бойын жел кеулегендей қалшылдап, көрдей қараңғы түн, үңірейген тайга, бұрқыраған ақ сел жаңбыр ажалдай төніп, алқымынан сыққандай тынысын тарылтып тастады; қарайған томар, түгіршік біткеннің бәрі жапатармағай жыбырлап, жан-жақтан қаумалап келе жатқан құбыжықтай көрінді де қарап отырып үрейленіп, қасында тірі пенденің жоқтығына назаланып жылап жіберді. Қорқыныштан емес, өзінің ағыл-тегіл бірі жылағысы кеп кетіп еді.


Ол есін жиғанда беймағлұм жапанда бүрісіп әлі күнге жалғыз жатыр екен, іштегі күйдіргідей жеген бар наза жаспен шайылғандай, құлазып қуыс кеудесі ғана қалыпты. Бос сүлдер, босқа кеткен ғұмыр, қаңғып қалған қара бас; өзіне өзі иттей жек көрінішті боп көрінді де, тағы да мынау ұлыған жел, сарнаған орман, сабылған жаңбыр онсыз да қасірет басқан көңілін жаныштап езіп кетті. Осы сәт оның өлгісі келді. "Өлмегенде не қалды. Бүйткен тірлікті итке берсін", — деп ойлады ол. Өмірінің ақырғы сәтінде семьясын есіне алды. Әуелде іштей қуанған да секілді еді: тірісінде мұның басын силап, қадірін білмеген қатын-бала, жетім-жесір қалған соң аза тұтып, аруағына зар болатындай көрінді. Артынша көз алдынан талмаусырап, әл үстінде жатқан әйелі, оған төне түсіп, еңіреп отырған ұлы Феодор мен қызы Настя елестеп өтті де тула бойы түршігіп сала берді, тағы да қорқынышты үрей қаумалап, әлгінде ғана тісі тісіне тимей қалтыраған денесі өрт шалғандай бір ысып, бір суып, қара тер ағыл-тегіл бұрқ ете қалды.


Түн қараңғылығы барған сайын қорланып, тұңғиық тартты. Селдеткен жаңбыр мен өкпек желден кәрі кедір пана болатын емес. Мұң мен үрейді қоздырып әлдеқайдан қасқыр ұлыды, әлдеқайдан үкінің үһілеген даусы естілді. Жылы ошақтың басына, жылы төсекке, жылы-жылы сөзге не жетсін... Жоқ, өлгісі келмейтін сияқты. Өлу мұның қолынан келмейтін сияқты. "Әттең, үйге тезірек жетсем!.. Тезірек! Тезірек!.."


Ол орнынан атып тұрды да, жын қаққан адамша бас-көз демей қалың бытқылды батыр -бұтыр жапырып безе жөнелді. Безіп келе жатып та оның көз алдынан тыпырлаған әл үстіндегі әйелі кетпей қойды, безіп келе жатып та алды артынан дамылсыз сыңсыған жағымсыз үннен қашып құтыла алмады. Өлікке сыңсыған адам ба, өлім тілеген қасқыр ма, әйтеуір бір сыңсу. Өзіне өзі ажал тілеп, енді сол ажалдан қашып шыға алмай азапқа түскендей еді...


Агафия екі күндей кіресілі-шығасылы қиналып жатты да, үшінші тәулікте жан тапсырды. Жұрт оны баладан өлдіге жорыды. Жиырма жыл отасқан жарын Жөгер бар қадырынша арулап қойған болды. Әп-сәтте дүниенің тағы да астан - кестені шығып, сол астан -кестеңмен қоса өзінің де миы ашып, есеңгіреп қалды. Тілден де, ұйқы - күлкіден де айырылды, жаны ашып келіп-кетіп жатқан көрші-қолаңын да бір-бірінен ажыратқан жоқ, жетімсіреп қалған екі баласының да бұ дүниеде бар-жоғын ұмытқан тәрізді. Сырт көзге, ауыр қайғыдан соң қабырғасы қайысып, өзімен өзі үлкен ой үстінде жүрген жартыкеш жанға ұқсаған. Ал шындығында ол ешнәрсені ойлаған жоқ-ты. Ойлайтын шамасы жоқ-ты. Осыншама басына төнген ғаламаттың ненің құдіреті, ненің қаһары екенін біле алмады да адамға да, құдайға да, өзіне де кінәсін арта алмай, өліге де, тіріге де деген бар ықыластан жұрдай боп, не күңіренуге жоқ, не күлуге жоқ құр сүлдерін сүйретті де жүрді.


Күндер өтті, жылжып жылдар кетті, іштегі бітеу жараның ұшығы қайтып, көңіл қошының орнына түсетін мезгілі де жеткендей еді, бірақ, Жөгер баяғы сол тұйық қалпы қала берді. Тек басқа жұрт сияқты ілекерлеп өмір сүрмейтін, ілекер дүниені жаны жақтырмайтын өлермен әдеті түрткіш боп, жан сақтарлық қарекетін ұмытқан жоқ, бір адамдай тірлік құрып, шаруасының бас-аяғын тағы да тыянақтап, баяғысындай артық мал жинамағанмен, соғыс басталған жылы ел қатарына ілігіп қалған болатын. Ұл, қызы кәмелетке жеткен соң Жөгердің сәл де болса арқа-басы кеңіп, ендігі тірлік пен күн көрісті солардың мойнына аударып салармын деп ойлаған.


Амал қанша, арманына жеткізбей "соғыс деген адыра қалғыры" киді де кетті.


"Жер түбіндегі қырғында менің қанша шаруам бар — деп ойлаған ол. — Қырқысқан жұрт қырықпышақ бола берсін. Айдаладағы маған келіп-кетер қайбір залалы бар дейсің".


Бүкіл ел сапырылысып жатқанда, пенде болған соң бұл да қобалжымай отыра алмады. Сонда да, ақ пен қызыл заманындағы ел ішіндегі көп дүрбелендердің бірі шығар деп өзін жайбарақат ұстауға тырысты. "Ол кезде де біреу қашқан, біреу қуған, біреулер қан төккенде, біреулер жерін өңдеп, малын жайлап бейғам отыра бермеп пе еді". Ғұмыры солдат боп, не солдатқа адам беріп көрмеген байырғы сектант, ауыл - аймақ, хутор біткен аяғынан тік тұрып, жас атаулы майданға лек-легімен аттанып жатқанда да қыңқ еткен жоқ, құдды Жөгер әулетінен басқаның бәрі де соғысуға, қан төгуге міндетті деп түсінген. Бірақ, бұл жолы Жөгер түтіні қалыс қала алмады; кешікпей улы Феодорға повестка келгенде ол таңданарын да, ренжірін де білмей дал болды. Ары ойланды, бері ойланды, ақыры: "Гитлері кім, Советі кім, бәрі бір, бәрі бір өкімет емес пе. Мені өкімет, өкіметті мен асырап отырғам жоқ. Өкіметтің мендегі, менің өкіметтегі хақым қанша? Баламды майданға жібермей қойсам маған не істейді" — деген шешімге келді. Сөйтсе заман тағы да баяғысындай боп шықпады, Жөгердің көңіліне қарайтын емес, қалай жығылса да жалғыз ұлдан айрылатын түрі бар. Семья басы боп, ғұмыры қатын-балаға ақыл сап көрмеген, адам бағып отыр ма, мал бағып отыр ма бәрі бір дегендей, санатқа қосып жатпайтын, өзінің де, өзгенің де бар міндеті тірліктің қамы деп ойлайтын Жөгер өз өмірінде тұңғыш рет баласымен ақыл қосуды ұйғарды.


"Өзін білесің де, бар десең барайын, жұрттың бәрі де кетіп жатыр ғой", — дегеннен басқа Феодор оған мардымды ештеңе айта алмады. Бар дүниенің кілті әке қолында тұрғандай көретін, әке сөзін екі етіп, тәжікелесіп жату әдетінде жоқ момын ұл бұл жолы да өзіне телміріп отыра берді.


"Иттің баласы! Осы дүлей үшін түбі қатынды да мен алып жүрмейін. Мұндай ынжық болармысың!" — деп Жөгер іштей ұлына кіжінді. Бұрын әлде кімнің балаларындай шырық бұзып, ата-анамен тайталасып, жүз шайысып жатпайтын ұл, қызына іштей разы болатын әке, бұйығы, үстіне ілетін киім мен алдындағы асты ғана білетін жетесіз болып өскеніне енді ғана намыстанайын деді. "Бұ нақұрыста мысқал ақыл болса не қылсын. Шірік!" — деп ашуланды. Бірақ тіс жарып ешнәрсе айтқан жоқ. Айтқанмен түсінетін ұл ма. "Барса бара берсін. Өз обалы өзіне! Бір құдайға тапсырғаннан басқа не қалды", — деп бір түйді де артынша райынан тағы қайтты. Оған себеп, "іштен шыққан шұбар жыланды" қимады, сосын өз намысы еді. "Табағына ортақтас боп, тұздығынан татысып та көрмеген былайғы жұртқа бола, советке бола мұның ұлы соғысқа неге барады? Шейіт боп кетсе ше? Сонда ненің құны үшін, кім үшін оққа ұшпақ?"


Неше күнгі, неше түнгі бар толғаныс, бар күйзелісін осы бір сауал сүттей ірітіп жіберді де, ақыры, Жөгер сәтті бір түнде астына көлігін, қанжығасына азығын байлап беріп, ұлын меңіреу орманға қуалап қоя берді. "Біреу үшін соғысқа барып оққа ұшқанша, мен үшін қашқын боп жүре тұрғаны артық" — деп ойлаған. Бірақ, мұның аяғы неге әкеліп соғарын ол бағдарлай алған жоқ. Алғашында соғыс комиссариаты, онан соң НКВД қайта-қайта сұрау салып, келіп-кеткенмен, беретін ұлымды бергем, азық-түлігін арқалап ауданыңа кетіп еді ғой, енді менде не шаруаларың бар, — деп безірейіп отырып алды. Дегенмен жан тәтті, артынан көңіл шіркін байыз таппай қобалжып, "тағы да лаң боп тимесе жөн еді" деп қорыққан, әйтеуір дес бергенде, азаматтарын әскерге аттандырып жетімсіреп қалған қасындағы көрші - қолаңдары паселканы тастап орталыққа көшіп кетті де, Жөгер ел жұрттың көзі мен сөзінен, қызыл жағалылардың құрығынан аулақ жар жағасында жалғыз үй боп қала берді.


...Шал орнынан көтерілді. Таңертеңгі белуардан кешкен салқын судың зардабы ма, әлде ұзақ отырғандікі ме, белі сіресіп, буын - буыны күтір-күтір ете қалды. Екі тізесі ұйып, сүйегінен сыз өткендей жіліншігі де сырқырап барады. Талма түстің талмаураған аптабы болса да балақ-жеңінен жел кеулеп, тоңазығандай сезінді. "Монша жақпай болмас", — деп ойлады.


Тырс еткен бөгде дыбыс жоқ. Баяғы сол мықыр шелекті сылп-сылп ұрған су тамшысы; осы бір ақсақ орындық пен ескі қол жуғыштың көзін жоғалтып, орнына жанасып қойсам деп жүруші еді, кезінде оған қол тимеді, кәзір көңіл де жоқ, жетіспегені тек осы ғана боп па, тәйірі. Бұрыштағы жесір талдың түбінен ара гуілдейді, манағыдай емес, гуіл молая, қоздай түскен тәрізді. Шал оған да бейғам көз тастаған болды. Аралар жәшік жыртығынан быжынап шығып, быжынап кіріп жатыр екен, жаңа семья бөлетін мезгілі де таяп қалған, Жөгер соны іші сезсе де даярлап қойған жәшігі жоғы есіне түсіп, не болсаң ол бол дегендей орнынан тапжылмастан бедірейіп тұрып алды. Баяғыда бір шыбынды далаға жібермейтін басы, енді мұны қайтсын.


Ұйтқыған аралар желді күнгі қара құйындай бірте-бірте аспандай берді; аспандап келіп, тік шаншыла шыр айналып есіліп тұрып алды, сонан, әлден уақытта, есілген күйі қайтадан аласарып барып, құмырсқаның илеуіндей илектеліп жерге қонды. Шал сонда да міз баққан жоқ, міз бақпаған қалпы бажырайып әлі қарап тұр. Гуіл су сепкендей басылған. Кенет, илеу аспанға атып жіберген кесектей ду етіп тік шапшыды да ауланы ей дүркін айналып, леспромхоз жаққа тартып отырды. Тоқымдай қарақұрым бұлт көкжиекке ұзап кеткенде барып шал тілін тістеп алды; айрылып қалғанына налыған жоқ, ара екеш араның да леспромхозды табатынына өкінген еді.


Үлкен жолдан ат тұяғының дүсірі, арба доңғалағының сылдыры естілді. Көлденең өткен көк аттыда бұйымтайы болмаса да көріп қалғысы келген ол қақпаға бұрыла беріп, жем іздеп аяғына оралған торайға қақтығысын ұшып түсе жаздады да, танаудан былш еткізіп бір тепті; шыңғырған шошқа дауысынан аула жаңғыртып тынды, шалдың бас құйқасы шымырлап, артынан ақырғы дәулетін басқа тепкендей бұған да өкініп қалды.


Құлынды бие жеккен пұшпақ бөрікті томардай шал бұрқырата төселген көк шөптің үстінде селкілдеп өтіп барады екен, ту сыртынан кимешек - шылауыштың шалғайы жалпылдайды, бөктеріп алған кемпірі болса керек, тайга барса да, бата оқырға шықса да кемпірлерін қасынан екі елі тастамайтын бүгінгі шалдардың әдеті емес пе, делбесін анда -санда бір қағып қойып, қаннен - қаперсіз бірдемені ыңылдап барады.


«Шіренуін, шіркіннің!» - деп Жөгер өз өзінен күбірлеп, басын шайқады. Көрші ауылмен бұрын-сонды араласпаса да, оларды іштей жақтырып та жатпағанмен, кейде осы жұрттың тірлігіне таңғалатын, әрі қызығатын да. Қашан көрсең де бейғам, қашан да болса топ - тоқ, уайым-қайғысы жоқтай бүгін мұнда, ертең онда, астына ат тисе болды сабылып кеп жүргені, ертеңім не болады - ау деп тірлік қамын ойлап қиналып та жатпайтын тәрізді. Бұрын оған, ерте жатып, кеш тұратын, уақыттың көбін ұйқы мен салтанатқа жіберетін еріншек ел сияқты көрінуші еді, енді кәзір соған қызғана қарағандай.


Бүлік - бүлік желген ат-арба, селкілдеген шалдың төбесі көз ұшында ұзап барады. Тықыр -сықыр басылып, жар жағасындағы жалғыз үй тағы да селт етпестен үнсіз қалды.


Жөгер қала басында төңкерулі тұрған екі шелекті алды да, өзенге беттеді.


Ол моншадағы бадейка мен қара қазанды суға толтырғанша біраз уақыт кетті. Екі қары үзіліп, шаршап та қалған екен, көлеңкеге тізе бүгіп, аздап тыныстаған соң маужырап ұйқысы келді. Бірақ, қас қылғандай өкіріп - бақырып үлкен жолдан әлдебір "МАЗ" өтті де, бүкіл өзекті солярка сасытып, шалдың енді ғана дел-сал боп балқи бастаған құрыс-тырысын тағы да ширықтырып кетті.


Ширыққан көңілге шиыршықталып сан түрлі ой келеді; сол сан түрлі ой - күйдің өкпелі адамның көкірегіне ең алдымен кілкіп шығары қайдағы-жайдағы жек сұрыны мен жүрекке қаяу салар мұңы ғана. Жөгер үшінші дүркін мекен өзгертіп, осы өзекке қоныс тепкелі бері де пәлендей еске аларлық көңілді жұбаныш таппапты: әуелі жалғыз ұлы Феодордан айырылды, онан соң көз алдында қарайып отырған жалғыз қызы Настя да әкесіз бір шикі өкпені азабына қалдырып қашып кетті. Иен жағаға бакеншик боп орналасқанда шал әуелде көңілі бір тоға орнына түскендей еді; шырық бұзар көлденең ешкім жоқ, ертенді-кеш өзен бойындағы бакендерді бір қарап шыққаннан басқа жан қиналар шаруа болса ше, күйттегені бір басы, күткені бір құдайдың ажалы. Бірақ сол құдайы құрығыры көпсінгендей жан баққан жағадағы бакендерден де айырды.


Бұқтарма деген теңіз болады, теңіз жағасына ел көшіп қонады деген дүрмекті еститін. Дүрліккен жұрттағы Жөгердің жұмысы қанша: "теңіз болса қайтейін, көшкен елге қоныс тар, көшпегеннің көлігі семіз", - деп жата берген. Сөйтсе, мұнысы да бекер екен; төменде шлюз бітіп, су көтерілген соң бұрынғы келіп-кетіп, жүк, ағаш тасып жататын өзен баржылары мен қатер, буксир атаулы теңіз толқынына жарамай бөгеттің ар жағында, төменгі ағыста қала берді де енді өзен жағасына бакеннің де, бакенщиктің де қажеті болмай қалды. Ара-тұра сал айдаған плотогонщиктер болмаса бұл қолтыққа қылт етіп көтерілетін де тірі пенде жоқ. Оның үстіне, "Шығыс сақинасы" деп аталатын осынау үлкен күре жолдың бір бүйірін су алып, тау басына қайта көтеріп салды да жым - жырт жатқан Жөгердің жалғыз үйін даңғаза қып, жар жағасына қуып тыққаны мынау. Тынышсыз өмір қайда қашса да оны тақымдап қоймағандай. Ал Жөгерге салса, анау теңізі де, мынау күре жолың да құдай тағаланың тек өзінін басына ғана жіберген қырсығы мен зауалы. Дауасыз іске шара жоқ, тірі адам тірлігін жасайды да, қыс шаруасын жайлап, жаз бойы отыз шақты сомға бола леспромхоздың ағашын күзетіп отырғандағы түрі осы. Әйтеуір, азабы жоқ, өздері әкеп төгеді, өздері айдап әкетеді...


— Привет, старина!


Өзеннің жоғарғы ағысынан сал шықты да жар жағасындағы жалғыз үйдің тұсынан өте берді.


— Ну, как, еще жив?! Біреу қарқылдап күлген болды. Шал үндеген жоқ, күрсінді де қойды. Ағынды өзен төрт адам мен шұбалаңдаған ұзын салды аяқ астынан айдап кеп, аяқ астынан, құйрығын бұрылыстан қылт еткізіп қуалап алып кетті. Өзен үстінде толқын ғана қалды, толқын үстінде қылт - қылт әткеншек тепкен ескі бакен ғана қалды. Шал тағы күрсінді...


6


Ауыл ортасындағы шағын базардың қызатын сәті де болып еді, бірақ тақтай шатырлы жаппаның астында дорба-дорба кедір жаңғағына емінген он шақты орыс қатындары мен онан әрменірек, тегене - тегене қымыз сапырып, анда-санда кесе шетін тамсана тістеп қойып, алқа қотан гуілдескен бір топ шалдардан басқа көп адам көрінбеді.


— Ay, мына қымызың өлмепті ғой, таздың басына құйғандай, - деп күпілі қарт дүкеншіге ренжіп жатты.


Көрмеде аласы, құласы бар біраз жылқы байлаулы тұр. Әлдебір сәурік оқыранып кіжіңдей бастап еді, күпілі қарттың жаны шығып кете жаздады:


—Ай, көріңде өкіргір, қайрақпай, байталыңды жел жаққа неге байлайсың! — Ол қымыз толы тегенесін қоя салып, кермеге қарай жүгіре жөнелді. — Ай жаратқан айғырымның белі кететін болды-ау, ойбай-ай! — деп барып арықтағы судан алақанымен көсіп - көсіп алып, айғырдың ұмасына шашып - шашып жіберді.


Дуня жымиып езу тартты, сосын:


— Жарылып кетпей ме? — деді шалдарға иек қағып.


— Әзірге қымыздан өлген қазақтың моласы жоқ, — деді Аян. — Анау айғыр жетелеп жүрген дәу қара шалды көрдің бе?


— Иә.


— Көрсең, менің әкем сол.


— Әкең содыр ма?


— Оны қайдан білдің?


— Тым түсі суық екен.


— Сенің кержак атаңа қарағанда құдайға шүкір.


Аянның әшиін қылжақтағаны болмаса, ренжітем деген жоқ еді, Дуня бұртиып қалды.


Туфли қысса керек, барбиып ісіп кеткен аяғын сипады, екі көзі бәйек таппай жортақтап жүрген семіз сары әйелде.


Таңның атысы мен күннің батысына дейін ары өткен, бері өткенді стаканмен санап алатын тоғыз жолдың торабындағы дорстройдың асханасы енді ғана адамға тола бастаған. Асхана деген аты болмаса, төбесінде тақтайдан жасаған күнқағары ғана бар дөңгелек баспа.


Семіз сары әйел бұларға да суыған екі котлет әкеліп жорғалап бара жатып, жол ортада шаң басқан ескі радиоланы қоя кетті.


— "Мишка, мишка, где твоя улыбка!" Қылмаңдаған келіншектің дауысы ырылдап шықты. Тұқыл иненің жарқышақ ысылы әнші келіншекпен қоса жарысып, оны әлсін әлі ауызға қағып тұрғандай.


— Сенің әлгі сары инелігің қайда?


— Кім? — деп Аян әуелде түсінбей қалды.


— Қалыңдығын ше? — деді Дуня.


— Ә-ә, оны киноға алып кеткен, — деп күлді Аян.


Дуня котлеттен үзіп аузына салған жоқ. Аян қос стаканға қошқыл сары вермуттан толтыра құйып еді, одан да татпады.


— Бұл дүние жүзіне тараған ең мықты шарап, — деді Аян. —Сенің бал сыраңнан он есе артық.


— Мейлі мың есе артық болсын.


Екеуінің қасындағы бос орынға орта жастағы ер адам келіп отырды.


— Не қалайсыз? — деді күтіп тұрғандай сары әйел әлдеқайдан сарт ете қап.


— Неңіз бар?


— Макорон көже, макорон қосылған котлет, макорон араласқан ет, макоронмен қуырған бауыр, макорон пофлотски.


— Үш стакан қантсыз қою шәй, егер ыстық болса.


— Салқындап қалған.


— Онда сүт қатқан үш кофе. Ыстығы тәуір болар еді.


— Ыстығына құмар екенсіз, ә?


— Тым қартайып қалдық қой, — деп жымиып күлді, бейтаныс.


— "Миш...миш... миш... бр-рр-р...бр-рр-р..."


Семіз сары әйел жорғалап бара жатып радиоланың құлағын бойы отыз шақты сомға бола леспромхоздың ағашын күзетіп отырғандағы түрі осы. Әйтеуір, азабы жоқ, өздері әкеп төгеді, өздері айдап әкетеді...


— Привет, старина!


Өзеннің жоғарғы ағысынан сал шықты да жар жағасындағы жалғыз үйдің тұсынан өте берді.


— Ну, как, еще жив?! Біреу қарқылдап күлген болды. Шал үндеген жоқ, күрсінді де қойды. Ағынды өзен төрт адам мен шұбалаңдаған ұзын салды аяқ астынан айдап кеп, аяқ астынан, құйрығын бұрыштан қылт еткізіп қуалап алып кетті. Өзен үстінде толқын ғана қалды, толқын үстінде қылт - қылт әткеншек тепкен ескі бакен ғана қалды. Шал тағы күрсінді...


6


Ауыл ортасындағы шағын базардың қызатын сәті де болып еді, бірақ тақтай шатырлы жаппаның астында дорба-дорба кедір жаңғағына емінген он шақты орыс қатындары мен онан әрменірек, тегене - тегене қымыз сапырып, анда-санда кесе шетін тамсана тістеп қойып, алқа қотан гуілдескен бір топ шалдардан басқа көп адам көрінбеді.


— Ay, мына қымызың өлмепті ғой, таздың басына құйғандай, - деп күпілі қарт дүкеншіге ренжіп жатты.


Көрмеде аласы, құласы бар біраз жылқы байлаулы тұр. Әлдебір сәурік оқыранып кіжіңдей бастап еді, күпілі қарттың жаны шығып кете жаздады:


—Ай, көріңде өкіргір, қайрақпай, байталыңды жел жаққа неге байлайсың! — Ол қымыз толы тегенесін қоя салып, кермеге қарай жүгіре жөнелді. — Ай жаратқан айғырымның белі кететін болды-ау, ойбай-ай! — деп барып арықтағы судан алақанымен көсіп - көсіп алып, айғырдың ұмасына шашып - шашып жіберді.


Дуня жымиып езу тартты, сосын:


— Жарылып кетпей ме? — деді шалдарға иек қағып.


— Әзірге қымыздан өлген қазақтың моласы жоқ, — деді Аян. — Анау айғыр жетелеп жүрген дәу қара шалды көрдің бе?


— Иә.


— Көрсең, менің әкем сол.


— Әкең содыр ма?


— Оны қайдан білдің?


— Тым түсі суық екен.


— Сенің кержак атаңа қарағанда құдайға шүкір.


Аянның әшиін қылжақтағаны болмаса, ренжітем деген жоқ еді, Дуня бұртиып қалды.


Туфли қысса керек, барбиып ісіп кеткен аяғын сипады, екі көзі бәйек таппай жортақтап жүрген семіз сары әйелде.


Таңның атысы мен күннің батысына дейін ары өткен, бері өткенді стаканмен санап алатын тоғыз жолдың торабындағы дорстройдың асханасы енді ғана адамға тола бастаған. Асхана деген аты болмаса, төбесінде тақтайдан жасаған күнқағары ғана бар дөңгелек баспа.


Семіз сары әйел бұларға да суыған екі котлет әкеліп жорғалап бара жатып, жол ортада шаң басқан ескі радиоланы қоя кетті.


— "Мишка, мишка, где твоя улыбка!" Қылмаңдаған келіншектің дауысы ырылдап шықты. Тұқыл иненің жарқышақ ысылы әнші келіншекпен қоса жарысып, оны әлсін әлі ауызға қағып тұрғандай.


— Сенің әлгі сары инелігің қайда?


— Кім? — деп Аян әуелде түсінбей қалды.


— Қалыңдығын ше? — деді Дуня.


— Ә-ә, оны киноға алып кеткен, — деп күлді Аян.


Дуня котлеттен үзіп аузына салған жоқ. Аян қос стаканға қошқыл сары вермуттан толтыра құйып еді, одан да татпады.


— Бұл дүние жүзіне тараған ең мықты шарап, — деді Аян. —Сенің бал сыраңнан он есе артық.


— Мейлі мың есе артық болсын.


Екеуінің қасындағы бос орынға орта жастағы ер адам келіп отырды.


— Не қалайсыз? — деді күтіп тұрғандай сары әйел әлдеқайдан сарт ете қап.


— Неңіз бар?


— Макорон көже, макорон қосылған котлет, макорон араласқан ет, макоронмен қуырған бауыр, макорон пофлотски.


— Үш стакан қантсыз қою шәй, егер ыстық болса.


— Салқындап қалған.


— Онда сүт қатқан үш кофе. Ыстығы тәуір болар еді.


— Ыстығына құмар екенсіз, ә?


— Тым қартайып қалдық қой, — деп жымиып күлді, бейтаныс.


— "Миш...миш... миш... бр-рр-р...бр-рр-р..."


Семіз сары әйел жорғалап бара жатып радиоланың құлағын бойы отыз шақты сомға бола леспромхоздың ағашын күзетіп отырғандағы түрі осы. Әйтеуір, азабы жоқ, өздері әкеп төгеді, өздері айдап әкетеді...


Бірі қазақ, бірі орыс, екі аңшы шал түкпірге жайғасып алып әлдебір әңгімені соғып отыр. Қастарында ей ит жатыр; бірі ала мойнақ спаниель де, екіншісі шұп-шұбар тайыншадай ағылшын догі.


— Қаншық па? — деді қазақ спаниельді нұсқап.


— Қаншық, — деді орыс.


— Қаншықта маза жоқ, — деді қазақ. — Жылына ұш рет күйлеп, үш рет күшіктеп, көктем мен нағыз қансонардың шағыңда жер соқтырып кетеді, аңшыға қол емес.


— Ой, сен білмейді екенсің ғой, қаншық деген әрі сақ, әрі өлермен келеді, — деп ақталды серігі. Сосын бір үзім нан тастап еді, ала мойнақтан бұрынырақ доқ қағып әкетті.


— Құдай ақың, дәп осындай тазыны көре алмадым-ау бұл өңірден, - орыс догке жақтырмаған шырай тастады.


— Қаладан балам әкеп беріп еді. Аюды да алатын көрінеді.


— Қалай ала ма?


— Әзірге баулып жүрмін.


Орыс қаншыққа тағы бір үзім нан тастап еді, тағы да дог жол ортадан қағып әкетті.


— Осыныңның аю алатынына сенбеймін - ау, тым қомағай, әрі мылқау екен, — деп ренжіді орыс. — Онан да дүрегей ұстамадың ба.


— Уақасы жоқ, үйреніп кетеді ғой. Тек жасқаншақтау. Анада аяғын борсық тістеп алып еді.


— Аю алғаныңа болайын, — деп күлді манадан әңгімеге зер салып тыңдап отырған Аян.


— Әй, пұшық неме! Саған не жоқ! — деп қазақ шалы едірейіп шыға келіп еді, шалдың көңілін аулағысы келді ме, серігі:


— Биыл аю мен қасқыр деген жыртылып айырылады, — деп назарын бөліп жіберді.


— Аюды қойшы, залалсыз хаюан ғой, — деді қазақ көңілі жай тапқан соң. — Атаңа нәлет, қасқыр деген қырып барады. Өткен жұмада құдамның сиырын дәп есігінің алдына жарын кеткені. Ізіне түсуін түстім - ақ, бірақ інін таба алмай жүргенім.


— Ата, сіз қасқырдың санитар екенін білесіз бе?


— Мүмкін лөктер шығар, — деп шал тағы да Аянға тіктей қадалды.


— Естественный отбор дегенді естігеніңіз бар ма?


— Қасқырдың есті болғанынан елдің тапқан пайдасы шамалы.


— Бөрі хайуандардың ақсақ - тоқтағы мен жарымжан ауруын ғана жейді, — деп Аян түсіндіре бастап еді, "бөріктінің намысы бір", бұл жолы арашаға орыс шалы киліге кетті:


— Уә, қызталақ, сен қашаннан көшелі бола қалып едің? Онда тігерге тұяқ қалдырмай бәрінің азуына тосайық та. Естественный отбор?!. Босқа көкіп!..


Отырған жұрт ду күлісті. Дуня әңгіме парқына, жұрттың неге күлгеніне құлық қоймаған-ды, назары қабырғадағы шыбын шұбарлап тастаған үлкен полотнода; тау, өрген қой, киіз үй, радиоқабылдағыштың антеннасы ербейеді, ошақ басында жас жігіт маңайына бір топ адамды жинап алыпты; бүйірінен әлдекімнің саусағы тигенде селк етті. Аян екен:


— Тойдың ба? - деді.


Қиыршықтас көше; бөренеден қиып салған ығы - жағы ағаш үйлер, ретті тәртібі де жоқ, әр қайсысының іргесінде қора - қопсы, маңдайшасын ыс басқан қара монша, тау-тау үйілген қый мен күл, кейбірі бықсып жанып жатыр. Мамағашқа байланған ертоқымды аттар көбейтіпті; базардың қымызын тауысып, ағайын - жекжатқа сәлем беруге түскен шалдар болса керек. Жол жиегіндегі ауладан мықыр қара шал емшегі салақтаған дәу мегежінді шыңғыртып қуып шықты.


— Әй, Аян, ана атаңа нағлетті қайырып келші, жарып тастайын!


Шошқа қайыру беруші ме еді.


— Қап, атаңа нағылет! Жарып тастайтын едім... Қарашы! — Шал кіжініп тұрып қалды.


— Әй, мынау маржан кім? — деді сосын жұлып алғандай Дуняға тесіле қадалып.


— Жәй...Таныс қой, әншейін.


— Ә-ә, онда жөн. Мен келін бе деп...Қап, атаңа нағылет, жарып тастайтын едім!... — деп шал өкіне күбірлеп кете барды.


— Не деп кетті?


— Жарып тастаймын деп кетті ғой.


— Жынданбашы!


— Оған әлі ерте ғой. Жүр онан да киноға кірелік.


— Жоқ, цыбиндерге соғуым керек.


— Түстенемісің?


— Әтеш сатып алам.


— Оны қайтпексің?


— Тауықтарымыз жұмыртқа салмай жүргені.


Аян көң теуіп жатқан балапан әтешті қуа жөнелді де шарбаққа жеткізбей бажылдатып ұстап алып келді.


— Жұмыртқа таптыруға осы да жарайды. Ал да жөнел! Жұлып тастады. Ерке-тотай келіншек пен тұқыл иненің дуэті кілт тынды да, асхана іші тыншығандай болды.


Бірі қазақ, бірі орыс, екі аңшы шал түкпірге жайғасып алып әлдебір әңгімені соғып отыр. Қастарында екі ит жатыр; бірі ада мойнақ спаниель де, екіншісі шұп-шұбар тайыншадай ағылшын догі.


— Қаншық па? — деді қазақ спаниельді нұсқап.


— Қаншық, — деді орыс.


— Қаншықта маза жоқ, - деді қазақ. — Жылына үш рет күйлеп, үш рет күшіктеп, көктем мен нағыз қансонардың шағында жер соқтырып кетеді, аңшыға қол емес.


— Ой, сен білмейді екенсің ғой, қаншық деген әрі сақ, әрі өлермен келеді, — деп акталды серігі. Сосын бір үзім нан тастап еді, ала мойнақтан бұрынырақ дөп қағып әкетті.


— Құдай ақын, дәп осындай тазыны көре алмадым-ау бұл өңірден, — орыс догке жақтырмаған шырай тастады.


— Қаладан балам әкеп беріп еді. Аюды да алатын көрінеді.


— Қалай ала ма?


— Әзірге баулып жүрмін.


Орыс қаншыққа тағы бір үзім нан тастап еді, тағы да дог жол ортадан қағып әкетті.


— Осының аю алатынына сенбеймін - ау, тым қомағай, әрі мылқау екен, — деп ренжіді орыс. — Онан да дүрегей ұстамадың ба.


— Уақасы жоқ, үйреніп кетеді ғой. Тек жасқаншақтау. Анада аяғын борсық тістеп алып еді.


— Аю алғаныңа болайын, - деп күлді манадан әңгімеге зер салып тыңдап отырған Аян.


— Өй, пұшық неме! Саған не жоқ! - деп қазақ шалы едірейіп шыға келіп еді, шалдың көңілін аулағысы келді ме, серігі:


— Биыл аю мен қасқыр деген жыртылып айырылады, — деп назарын бөліп жіберді.


— Аюды қойшы, залалсыз хаюан ғой, - деді қазақ көңілі жай тапқан соң. — Атаңа нәлет, қасқыр деген қырып барады. Өткен жұмада құдамның сиырын дәп есігінің алдында жарып кеткені. Ізіне түсуін түстім - ақ, бірақ інін таба алмай жүргенім.


— Ата, сіз қасқырдың санитар екенін білесіз бе?


— Мүмкін лөкпір шығар, — деп шал тағы да Аянға тіктей қадалды.


— Естественный отбор дегенді естігеніңіз бар ма?


— Қасқырдың есті болғанынан елдің тапқан пайдасы шамалы.


— Бөрі хайуандардың ақсақ - тоқтағы мен жарымжан ауруын ғана жейді, — деп Аян түсіндіре бастап еді, "бөріктінің намысы бір", бұл жолы арашаға орыс шалы киліге кетті:


— Уә, қызталақ, сен қашаннан көшелі бола қалып едің? Онда тігерге тұяқ қалдырмай бөрінің азуына тосайық та. Естественный отбор?!. Босқа көкіп!..


Отырған жұрт ду күлісті. Дуня әңгіме парқына, жұрттың неге күлгеніне құлық қоймаған-ды, назары қабырғадағы шыбын шұбарлап тастаған үлкен полотнода; тау, өрген қой, киіз үй, радиоқабылдағыштың антеннасы ербейеді, ошақ басында жас жігіт маңайына бір топ адамды жинап алыпты; бүйірінен әлдекімнің саусағы тигенде селк етті. Аян екен:


— Тойдың ба? — деді.


Қиыршық тас көше; бөренеден қиып салған ығы - жағы ағаш үйлер, ретті тәртібі де жоқ, әр қайсысының іргесінде қора - қопсы, маңдайшасын ыс басқан қара монша, тау-тау үйілген қый мен күл, кейбірі бықсып жанып жатыр. Мамағашқа байланған ер тоқымды аттар көбейтіпті; базардың қымызын тауысып, ағайын - жекжатқа сәлем беруге түскен шалдар болса керек. Жол жиегіндегі ауладан мықыр қара шал емшегі салақтаған дәу мегежінді шыңғыртып қуып шықты.


— Әй, Аян, ана атаңа нағылетті қайырып келші, жарып тастайын!


Шошқа қайыру беруші ме еді.


— Қап, атаңа нағылет! Жарып тастайтын едім... Қарашы! — Шал кіжініп тұрып қалды.


— Әй, мынау маржан кім? — деді сосын жұлып алғандай Дуняға тесіле қадалып.


— Жәй...Таныс қой, әншейін.


— Ә-ә, онда жөн. Мен келін бе деп...Қап, атаңа нағылет, жарып тастайтын едім!... — деп шал өкіне күбірлеп кете барды.


— Не деп кетті?


— Жарып тастаймын деп кетті ғой.


— Жынданбашы!


— Оған әлі ерте ғой. Жүр онан да киноға кірелік.


— Жоқ, цыбиндерге соғуым керек.


— Түстенемісің?


— Әтеш сатып алам.


— Оны қайтпексің?


— Тауықтарымыз жұмыртқа салмай жүргені.


Аян көң теуіп жатқан балапан әтешті қуа жөнелді де шарбаққа жеткізбей бажылдатып ұстап алып келді.


— Жұмыртқа таптыруға осы да жарайды. Ал да жөнел!


— Жынданбашы!


— Өй, бұл ауыл тауық баққан ел емес, пұлынан жасқанып тұрмысың?!. Ораза-намазы да жоқ, нағыз кержактың өзі бұл шіркін! Тек ептеп дәретхананы айналдыратын әдеті бар демесең...


* * *


Дуня торлы дорбадағы әтешті тастай салды да, жол жиегіне отырып туфлиін шешті, қажалған өкшесін, қызарып таңба түсіп қалған быртық башпайларын силады, сосын бұға басын сындырып алып, желкесіне үйірілген сары масаны сабалай отырып ауылға көз жіберді.


Бозғылт түтін шөгіп жатыр, шеткі үйлер бұлдырайды, айғай-шу естіледі; іргедегі күнге шағылысқан шағын өзеннің қолтығындағы көгалда доп қуалап, қым-қуыт безектеп жүгірген қара-құра.


Әлдебір болымсыз шаруамен жылына бірлі-жарым қатынағаны болмаса, бұл ауылға көп келе де бермейтін, келгенмен де көңілінде пәлендей ешнәрсе қалдырған да емес; "айғай-шу ығыр тірлікке, діні де бөлек, міні де бөтен ала" бейтаныс адамдарға әйтеуір иісі сіңбей-ақ қойды: бұрын атасынан жасқанатын, сосын өзінің де зауқы болған жоқ-ты, тіпті, бала күннен бөтен ауылды қия басып көрмеген қыздың жар жағасындағы бекеттен былайға "жат" дүниеден бүгінге дейін қорқатыны да рас.


Кәзір қобалжып отыр: көңілінің бір түкпірінде атасы, бір түкпірінде ауыл қалғандай; алғаш рет жалғыз үйлі зәйімке тартпай отыр, қимас бір дүниеден қашықтап, алыстап бара жатқандай ауыл да көзіне аяқ астынан жылы ұшырап кеткені. Сонда артында не қалып еді?..


Жүрегі қақты. Көкірегі сыздаған тәрізді. Өзекке түскен он жеті жастың жегі құртын жасыру қиын ғой...


Ауыл шетінен шаң көтерілді. Күн жамбасқа аунап, жолдың екі жағынан төнген жартастар мен қарағайлардың көлеңкесі сорайып, шатқал іші күңгірт тарта бастаған екен; туфлиді бауынан матастыра байлады да иығына арта салып, жалаңаяқ жолға шықты. Дым тартқан топырақ рахат екен.


Мотор гүрілі мен прицептің қаңғыр-күңгір жаңғырығы естілді. Өтіп кетсін деп жалғыз аяқ, сүрлеуге түсіп еді, лықыта ағаш тиеген "ЗИЛ" тақымдап кеп ышқынып тоқтай қалды да, әлдекім секіріп жерге түсті.


— Дунька!


Аян екен. Ол жігіттің жымиған жүзіне, аяғындағы керзі етігі мен май сіңген комбинезонына үңілді де, манағы бір ауылдағы сылқымнан мүлде басқа, күнде келіп, күнде кетіп жүретін үйреншікті Аянды енді танығандай қуанып қалды, жанарында қуақы күлкі мен сәбилік сенім нышаны ойнап шықты.


— Бүгін жексембі емес пе еді?


— Болса қайтейін, күннің сәтін таңдайтын екеуміз де кейбір күй бар.


— Сен осы адамша сөйлей аламысың?


— Қалай?


— Қылжақтамай.


— Саған жағатын жігіт бар ма осы?


— Бар.


— Әй, білмеймін - ау.


— Білмесең білмей-ақ қой. Жүр кеттік.


— Тұра тұрсай енді... Былай оңашада шүйіркелесіп, әңгімелесіп деген сияқты...


— Арыз - арманыңды жолда айтарсың.


Жол бойындағы бұта - қарағанның басына шаң үйіріп, машина баяу жылжып кетті. Аян созылып барып қыз жақтағы шала қымталған есікті серпи ашып қайта жапты да шегіне беріп, бетіне тиген оның тұлым шашын үрлеп жіберді.


— Шыныңды айтшы. Ауылға кімді іздеп келдің?


— Сені.


— Сок!... Осы уақытқа дейін мені ешкім іздеген емес. Әсіресе қыз атаулы.


— Қыз байғұста күн болды деймісің. Енді-енді іздей бастағаны да.


— Қалай, ұнады ма?


— Кім? Сен бе?


— Жоқ, ауылды айтам да.


— Бірінші келіп отыр деймісің. Баяғы сол ауыл...


Ол біреуге ойындағысын жеткізе алмағанда әр нәрсені бір шалып қылжақтай бастайтын. Кәзір сол қалжыңын да таусып алып, баранканы самарқау айналдырып отырып қалды. "Құр далбасалап осы қыздың артынан неменеге ұштым, — деп тағы өкінді. "Ақымақ бас екі аяққа тыным бермейді" деген есіне түсті де өз өзінен мырс-мырс күліп алды. — Идиотсың ғой, Асеке. Идиотсың! Өзіңді мес қылып сабайтын да адам жоқ..." О баста бойына сіберілік қонбаған соң қаншама байсалды боламын дегенмен ежелгі жеңілтек, алаңғасар мінезі ырық бермей кететін қашанғы әдеті. Оны өзі жақсы біледі, біле тұра кезінде тежеу салмай, көбіне артынша ыза болатыны бар. Тұзы жеңіл. Бейпіл де, бәдік те атанды, өтірікші де болды. Бұған, бала-шаға болмаса, бірде бір парасатты адам сеніп іс тапсырып көрген емес. Қыл аяғы қыздарға дейін "ауылдағының аузы сасықтың" керін қылатынын қайтерсің. Жиырма жасына дейін жігітшілік құрған пенде емес. Осының бәрі ақкөңілдіктен тапқан пайдасы. Жұртқа деген жанашырлығы да, жақсылығы да құр бекер зая. "Осыған енді бір ауыз тіл қатсам ба? Ит боп кетейін!" — деп іштей өзіне өзі серт беріп, қасында томсарып отырған қызға бір қарап қойды.


Машинаның бір сарыңды ышқынған гүжілі. Ол жол бойына, жол бойындағы бұрылыс -жықпылдарға, зырылдап қалып жатқан орманға алаңдап, қайткенде де қызға назар салмауға тырысты. "Водитель! Будь осторожен! Крутой спуск!" Екі-үш рет клаксонды басты. Сарғайған жол сілемі қарағайлы белесті таспадай тіліп түсіп қайтадан қияға тырмысып жатыр. Аяғының астынан бір нәрсе қыбырлады; әтеш екен, Дуняға таман итеріп тастады. "Сөйлесе екен", — деп тіледі. Қырсыққанда қыз да тымпиып үндемей отыр.


Машина жүрісі шапшаңдап, көпшік жиі-жиі селкілдей бастады. Ылдиы шыңырау, беткейі жалама құз. Дуня төменге үңіліп еді бойы тітіреніп, көзі бұлдырады.


— Ой, мама!..


Бұрылысқа жете бере Аян клаксонды тағы бір-екі дүркін қойып-қойып қалды да машина жүрісін баяулата бастады.


— Осы сенің мамаң қайда?


Қыз біразға дейін жауап берген жоқ, сосын:


— Кетіп қалған, — дей салды.


— Қайда?


— Қалаға.


— Папаң ше?


— Папам жоқ.


— Неге жоқ?


— Мен қайдан білем...


Әңгіме тағы осымен тынды. Машина кейкеңге қайта көтерілгенде Аян белін жазып, шалқайыңқырап отырды да, бір қолын баранкадан босатып, күнқағар шыныда қыстырулы тұрған қораптан темекі алып тұтатты. Қыздың тұнық жанарына мұң ұялаған екен; мынау қос тереземен жарысып келе жатан шықарғы дүниені де, қасындағы жігітті де мүлдем ұмытып бейжай қиялға шомғандай.


Қыз қиялын емес, өтіп кеткен бір елестерді іздеп отыр еді... Шынында шешесінің қайда кеткенін ол анық білмейді.


Әйтеуір өзеннің төменгі ағысында қала бар, ары өткен, бері өткеннің бәрі сол қаладан түйіседі екен дегенді еститін. Шамасы, бес-алты жасар кезі болар, анасы Настя қайдағы бір қауғасақал сал айдаушыларға еріп, атасы үйде жоқта қашып кеткені есінде. Қолына бір кірпіш шоколад ұстатып, қайтып келем деп алдап тастап кеткен мұны. Сонан қайтып оралған жоқ. Көп уақытқа дейін өңінде де, түсінде де қауғасақалдың жетегінде жылап-сықтап бара жатқан шешесі көз алдынан көлбеңдей беретін еді, көңіл суып, біржола күдер үзгендіктен бе, бүгінде тіпті елес те бермейді; оның үстіне, көзі барда да анасы бұған есте тұтарлық не жұбаныш, не мейірім, не бір туғандық жанашыр сезім қалдырған емес: жағадағы жалғыз үйдің таңы - ошақ басының жанжалымен басталып, ымырты да ұрыс-керіспен аяқталатын, талай рет атасының қызын өкіртіп сабағанын да көрген; соның бәрі құлаққа сіңген алыстағы бір қым-қуыт ызың-шудай ғана. Сонда да, неге екені белгісіз, Дуня анасын осы жақын жердегі ауылда жүрген шығар деуші еді, ауыл жақтан келер деп үнемі қасқа жолдың тұйғын күтетін; ауылдан ұзаңқырап кеткеніне енді көзі жетті. Анасы туралы бар білетіні осы. Әлгі плотогонщик атаулыны ит етінен жек көретін бір себебі де осыдан. Ал әкесі... Құдай бермеген әкені қайдан іздеп табады. Әкесінің жоқтығына бұл кінәлі ме?... Ұмыт болған баяғы бір заманды есіне салғанына Аянға ренжіп қалды.


— Дуня!.. Сен де неге қашып кетпейсің?


Қыз Аянға күдіктене қарады.


— Кімнен қашам?


— Анау дулей шалдан...


— Өзің дүлей!


— Мені қоя тұршы!.. Не бар саған заимкеде?.. Босқа қамалып...


— Ауылда не бар?


— Ауылда ма?.. Ауылда бәрі бар. Тек қалауың білсін. Көппен бірге тірлік етесің... Тым құрыса өмірің өксімейді ғой.


— Сонда не бітірмекпін?


— Не бітіруші едің. Ел қалай өмір сүрсе, солай өмір сүресің де. "Күнәкарлар" деуші ме еді бізді сенің атаң, "құдайдан безгендер" деуші ме еді?..


— Сол ұжмағыңа өзің - ақ қарық болғайсың. Маған Заимке де жетеді...


Аян рычаг түбіне домалап кеп қалған әтешті тағы да аяғының ұшымен қызға қарай аунатып тастады.


— Жуырда леспромхозды да жабады дейді.


— Неге?


— Ағаш таусылған жоқ па.


— Сонда не істемексіңдер?


— Совхоз боламыз, бұғы, жылқы өсіреміз. Бақташы жаман кәсіп пе.


— Жапса жаба берсін.


— Онда келіп-кетер қара-құрадан тап-тақыр боласын да.


— Келмей-ақ қой!.. Міндетсуін!.. Сенің келіп - кеткеніңнен маған не пайда.


— Эх, Дунька, Дунька!.. Түрмеде туып, түрмеде өскен адам сияқтысың.


— Түрмеде болып пе едің?


— Құдай сақтасын... бірақ, кім біледі, сені ұрлағандай болсам отырғызуы да мүмкін. Біздің бір жігіт сегіз жылға айдалып кетті.


— Қыз ұрлағаны үшін бе?


— Әрине.


— Соқ! Адамды ұрлаушы ма еді.


— Ұрлағанда қандай. Тек кәзір ғой, әншейін, қыздардың нарқы түскен соң торпақша жетелеп әкете беретіні...


Су қайнап кеткен екен. Аян машинаны кілт тоқтатты да, Дуняға аяқ астыңдағы балонды нұсқады:


— Сәл қолғабыс ет. Арықтап қалмассың.


Бастау онша алыс та емес еді. Қыз едәуір кешікті. Радиатордың қақпағын ашты. Капотты көтеріп, подсосты шұқылады. Темекі тұтатты.


— Дунька!.. Әтешің жұмыртқа тапты!..


Жауап болған жоқ...


— Отырсың-ә?..


— Отырмын.


— Отырмын, отырсың, отырды... Отырамын, отырасың, отырады... Отырғанмын, отырғансың, отырған-ды...


Жанарында от та жоқ, ой да жоқ, қаннен - қаперсіз жағада отыр екен. Аян комбинезонның кеудесін ағытып, тельняшкасын шешті де көгалға лақтырып жіберді.


— Талисман ба? — қыз оның мойындағы үш бұрыш тұмарға таңдана қарады.


- Талисман.


— Құдайға сенемісің?


— Сенбегенмен де, шофер деген халық ырымшыл келеді. Қасымда бір көңіл жұбатар медеттің болғанын жақсы көрем.


— Қалай, жебей ме?


— Әңгіме жебегенде ме. Мұның ішінде менің атым жазылған, сосын "жүз жыл өмір сүріп, үш қатын ал" — деген пайғамбардың батасы бар.


— Батасы қонатын ба?


— Еркекке алпыстан арғы ғұмырдың қажеті шамалы.


— Үш қатын алуға қарсы емес шығарсың?


— Әзірге ол да белгісіз. Сен соның біріншісі болуың керек еді...


— Біріншісі болғым келмейді.


— Неге?


— Үшіншісі қадірлірек қой.


Ол белуарына дейін жуынып, тельняшкесін іздеді. Қыз көгалға шалқасынан түсіп, аспанға сүзіліп жатыр екен; үйір іздеген қулық мысық тәрізді керіліп жатыр. "Осы албастының өзі..." Ойына әр нәрсе келді. "Мөңкіп жүрмесе..." Қобалжиын деді. "Идиотсың ғой, Асеке, идиотсың!.." Тельняшкасын киді, ұзақ кідіріп, қыздың ойсыз, отсыз тұнық жанарына қадалды. Қасына келіп отырды. Еңкейіп ернінен сүйді.


Қыз шыбын шаққан құрлы селт еткен жоқ, тек алақанымен ернін бір сипады да қаперсіз жігітке тесілді.


Жол жақтан екі-үш дүркін машинаның сигналы естілді...


Шатқалдың тар өңешіне таудай етіп жүн артқан жүк машинасы кептеліп кеп қарсы тоқтаған екен; бейтаныс шофер әуелі Аянға қарады да жақтырмай әлденені күңк етті, сосын қызға қарады, оның үрпиген шашын, шашына жабысқан шөп - шаламды санап шықты.


— Тапқан жерлерін!.. — деді.


— Не шатып тұрсың? - деді Аян.


— Естіген жоқпысың! — деді шофер.


— Хам!


— Тәжікелесетін уақыт жоқ. Жолды босат!


Аян асықпай радиторға су құйды, асықпай машинасын оталдырып, кейін шегіңді де жол жиегіне тақалды. Тағы да шылым тұтатты.


Бейтаныс шофер былай шыға беріп тоқтады.


— Шылымың жоқ па?


Аян үндемеді. Ту сыртынан сарт еткен кабина есігінің жаңғырығы, сосын аяқ тықыры естілді.


— Қырсыққанда шылымым таусылып...


— Манадан осылай демеймісің!.. — Аян темекі ұсынды. Шофер сіріңке тұтатып жатып лесовоздың алды-артын шолып шықты.


— Ағайын, жүгің ауыр екен, асықпасаң болмас, — деп


— Жуырда леспромхозды да жабады дейді.


— Неге?


— Ағаш таусылған жоқ па.


— Сонда не істемексіңдер?


— Совхоз боламыз, бұғы, жылқы өсіреміз. Бақташы жаман кәсіп пе.


— Жапса жаба берсін.


— Онда келіп-кетер қара-құрадан тап-тақыр боласың да.


— Келмей-ақ қой!.. Міндетсуін!.. Сенің келіп-кеткеніңнен маған не пайда.


— Эх, Дунька, Дунька!.. Түрмеде туып, түрмеде өскен адам сияқтысың.


— Түрмеде болып пе едің?


— Құдай сақтасын... бірақ, кім біледі, сені ұрлағандай болсам отырғызуы да мүмкін. Біздің бір жігіт сегіз жылға айдалып кетті.


— Қыз ұрлағаны үшін бе?


— Әрине.


— Соқ! Адамды ұрлаушы ма еді.


— Ұрлағанда қандай. Тек көзір ғой, әншейін, қыздардың нарқы түскен соң торпақша жетелеп әкете беретіні...


Су қайнап кеткен екен. Аян машинаны кілт тоқтатты да, Дуняға аяқ астындағы балонды нұсқады:


— Сәл қолғабыс ет. Арықтап қалмассың.


Бастау онша алыс та емес еді. Қыз едәуір кешікті. Радиатордың қақпағын ашты. Капотты көтеріп, подсосты шұқылады. Темекі тұтатты.


— Дунька!.. Әтешің жұмыртқа тапты!..


Жауап болған жоқ...


— Отырсың-ә?..


- Отырмын.


— Отырмын, отырсың, отырды... Отырамын, отырасың, отырады... Отырғанмын, отырғансың, отырған-ды...


Жанарында от та жоқ, ой да жоқ, қаннен-қаперсіз жағада отыр екен. Аян комбинезонның кеудесін ағытып, тельняшкасын шешті де көгалға лақтырып жіберді.


— Талисман ба? - қыз оның мойындағы үш бұрыш тұмарға тандана қарады.


— Талисман.


— Құдайға сенемісің?


— Сенбегенмен де, шофер деген халық ырымына келеді. Қасымда бір көңіл жұбатар медеттің болғанын жақсы көрем.


— Қалай, жебей ме?


— Әңгіме жебегенде ме. Мұның ішінде менің атым жазылған, сосын "жүз жыл өмір сүріп, үш қатын ал" — деген пайғамбардың батасы бар.


— Батасы қонатын ба?


— Еркекке алпыстан арғы ғұмырдың қажеті шамалы.


— Үш қатын алуға қарсы емес шығарсың?


— Әзірге ол да белгісіз. Сен соның біріншісі болуың керек еді...


— Біріншісі болғым келмейді.


— Неге?


— Үшіншісі қадірлірек қой.


Ол белуарына дейін жуынып, тельняшкесін іздеді. Қыз көгалға шалқасынан түсіп, аспанға сүзіліп жатыр екен; үйір іздеген қулық мысық тәрізді керіліп жатыр. "Осы албастының өзі..." Ойына әр нәрсе келді. "Мөңкіп жүрмесе..." Қобалжиын деді. "Идиотсың ғой, Асеке, идиотсың!.." Тельняшкасын киді, ұзақ кідіріп, қыздың ойсыз, отсыз тұнық жанарына қадалды. Қасына келіп отырды. Еңкейіп ернінен сүйді.


Қыз шыбын шаққан құрлы селт еткен жоқ, тек алақанымен ернін бір сипады да қаперсіз жігітке тесілді.


Жол жақтан екі-үш дүркін машинаның сигналы естілді...


Шатқалдың тар өңешіне таудай етіп жүн артқан жүк машинасы кептеліп кеп қарсы тоқтаған екен; бейтаныс шофер әуелі Аянға қарады да жақтырмай әлденені күңк етті, сосын қызға қарады, оның үрпиген шашын, шашына жабысқан шөп - шаламды санап шықты.


— Тапқан жерлерің!.. - деді.


— Не шатып тұрсың? - деді Аян.


— Естіген жоқпысың! — деді шофер.


— Хам!


— Тәжікелесетін уақыт жоқ. Жолды босат!


Аян асықпай радиторға су құйды, асықпай машинасын оталдырып, кейін шегінді де жол жиегіне тақады. Тағы да шылым тұтатты.


Бейтаныс шофер былай шыға беріп тоқтады.


— Шылымың жоқ па?


Аян үндемеді. Ту сыртынан сарт еткен кабина есігінің жаңғырығы, сосын аяқ тықыры естілді.


— Қырсыққанда шылымым таусылып...


— Манадан осылай демеймісің!.. — Аян темекі ұсынды. Шофер сіріңке тұтатып жатып лесовоздың алды-артын шолып шықты.


— Ағайын, жүгің ауыр екен, асықпасаң болмас, - деп енді жанашыр бола қалды. — Оң жақ артқы доңғалағыңның желі босап кетіпті.


— Бір шақырымға бит терісі де шыдайды.


— Сақтықта қорлық жоқ, — деді шофер. — Жапан түзде жалғыз өзің мұншама ағашты қайта түсіріп, домкратпен алысып жатамысың.


Доңғалақ шоңқиып барады екен; Аян шылым тұқылына бір түкірді де өкшесімен езіп тастады. Шофер де кетуге ыңғайланды.


— Жол азығыңды алмайсың ба? — Аян темекісін ұсынып еді, ол папиростың екі-ақ сабағын суырды.


— Бойжеткен онша жаман емес көрінеді, — деп жымиды сосын.


Қызды енді ғана есіне алған Аян жан-жағына алақтап іздей бастады; бірақ, шандақ жолға тарбиып түскен башпай таңбасынан басқа ешнәрсе таппады; ту сыртынан тағы да машинаның ышқынған гүжілі, доңғалақ астынан ыршыған тас – қиыршықтың сылдыры ғана естілді де бірте-бірте ол да алыстап кетті; сазарып жатқан бұралаң жол, сонау шыңырау етектен құмығып Бұқтырма сарыны келеді құлаққа.


7


Өзенге он барып, он қайтқан шығар; мынау тас үстіндегі тай қазанды суға толтырғанша да әбден діңкелеп болды. Оның үстіне қырыстанып та отыр; әдетте бұл мезгілде моншасына шомылып, ас-суына тойып, нар үстінде дыриып жататын еді: "Безердің дәп бүгін кете қалғанын!.."


Ол көсеумен шала тұқылын тоқпақтап - тоқпақтап үгітіп тастады; тез жанып біте қоймаған отынға да ызалы. Қазанға қолын тығып еді, зәрі сынып қапты, бадейкаға ыстық су толтырып, қайың шыбыртқыны жібісін деп матырып қойды. Сосын көк түтінге қақала-шашала жүріп, бұлық - түндік атаулының бәрін ашып тастады, сәкіге су шашты, ыста қақтаулы тұрған балықтарын жинап алды, лагунадағы бал сыра да таусылып қалаған екен, енді сусын әкеп, арқасын шапаттап беретін де ешкім жоқ. "Безердің дәп бүгін кете қалғанын!.."


Әлгінде бір сәтте машина гүрілі естілгендей болып еді, енді үй жақтан да салдыр-гүлдір жаңғырық шыққандай; әлдебір ер адамның дауысы, қыз күлкісі, тауық бақылдағандай болды. Шал шешініп қойып еді, қайта киінді.


Лесовоз әлі ырқылдап тұр екен; маңайында ешкім көрінбеген соң шал аяңдап ауласына қарай беттеді де жол бойы жаңғырықта қадаулы тұрған балтаны іле кетті. "Жемтікке қайрылған құзғындай қайта-қайта келе береді екен осы ит!.."


Талай-талай адаммен кездескен еді, көбімен жау болып атысқан; Аянмен жауласпай-ақ жұлдызы қарсы боп алды: жас деген шіркін иманжүзді болушы еді, ол мұның бетінен едірейген мысық мұрттан басқа дәнеңе көрген емес, әмбе көрген сайын тәніне қадалғандай тітіркенеді де тұрады. Көп дарағының бірі болғанда әлде қашан жеті атасынан құлдыратып, енді қайтып қотанға жоламастай айдап шығатын да еді, бұған жеті ата не, жетпіс ата не кәперіне қыстырмайтын бетсіз болғасын шал бар ызасын ішіне бүгіп, пұшайман боп қала береді... Енді аулаға кіріп кеткенін қарашы, кәззәптің!.. Қосатын иті де жоқ...


Қақпа ашық қалыпты, ол тағы да Аянның едірейген мысық мұртын көрді, бәтуәсіз күлкісін естіді.


— Сендердің тауықтарың да кержак боп кеткен бе?..


Екеуі мәңгірген балапан қоразды безектетіп қуалап жүрген тор ішіндегі бес тауықты қызықтап тұр екен. Кекесін күлкі шал келуіне инедей қадалды да әрі ыза кернеп, әрі қорланып қалды.


— Мил человек, а ну-ка!..


Шалдың су сияқты нұрсыз сарғыш жанарынан тіксінді де жігіт тіл қатпастан тайып отырды. Жөгер қақпаны жауып, темір ілгекті нығыздап тұрып бекітіп тастады. Сосын:


— Сен неғып тұрсың?! — деп немересіне зікіді. — Әкел делбені!..


Қыз біраз қипақтап тұрды да, ақыры қарсылық білдірместен жаппаға беттеді.


Жөгер балтамен торды осып жіберіп, әтешті ұйқы - тұйқы суырып алды да басын жарыққа сап бір-ақ шапты. Бетіне жылы қан шапшыды, көзіне де қан құйылғандай; буын - буыны дірілдеп, шекесі лық-лық соғып, қанды көрген соң тіпті өрекпіп кетті. Әлі де жаны шығып үлгермеген қоразды күресіннен асыра шырқатып кері бұрылғанда Дуня қайыс делбені ұсына берді.


— Ұрамысың? — деді қыз.


— Өлтіремін! — деді шал.


...Өлген жоқ екен. Бірақ қанша ұрғанын білмейді. Екеуі екі жерде шоқиып отырып қапты.


— Болды ма? — деген Дуняның ашу-ызасыз жайбарақ даусын естіді.


— Проклятие!..


Ол басын ұстап мең-зең ұзақ отырды.


— Тас суып қалды, — деді қыз.


Міз баққан жоқ.


— Моншаның тасы суып қалды деймін!..


Созылып азар тұрды. Немересінің жүзіне қарауға дәті жетпеді, тек шарқайын сүйрете басып қақпаға таянғанда:


— Арқамды ұрып бер, — деп дүңк етті. — Бір туесок балсыра ала келші.


Қашанда өстіп бір қырсық тап келеді де тұрады; адыра қалған машинамен арпалысқанша қай заман, бірақ, орнынан қозғалар емес, желі шыққан артқы доңғалақтың дискасы май балшыққа ортан белінен сіңіп барады. Ол тағы да моторды оталдырып, артқы жылдамдыққа салып көрді. Машина ажылдап, екі-үш дүркін жұлқынып - жұлқынып алды да қайтадан лықсып барып отырып қалды.


Лезде көз байланып кетті. Аспан тұтасып алған, жауынның кесек тамшылары кузовты тырс-тырс ұрғылай бастады. Біраз уақыт жол бойын күзетті, көлденең өткен бір машина болсашы. Жарқылдамай, шарқылдамай ұрланып басталғанына қарағанда жаңбыр да ұзаққа сілтейтін түрі бар. "Әй, Айеке - ай, идиотсың ғой, идиотсың!.. Осында сені қай құдай айдап келді?!. Отыр енді мелшеңнен батып, мелшиіп...көрінді!.. Тфу!.."


Жуық маңнан ат ішін тартты. Иен жағада өзінен басқа да тірі мақұлықтың барын сезініп сәтке болса да көңіл жұбатты. Тысқа шықты; торшолақтың қарауытқан нобайын көрді, онан әрмен шатыры шошайып Жөгердің үйі тұр; бермен қараған жалғыз терезеден шам жарығы жылт етті. Жалғыз терезенің алдындағы тулақтай жарықтың төбесінен кесек-кесек жауын тамшылары ауаны тілгілеп, осып түсіп жатыр. Тулақтай жарықта тезекке үймелеген шыбын-шіркейдей ұсақ тамшылар секіріп билеп жүр. Терезенің алдына әлдекім кес-кестеп тұра қалғандай болды да үй іркесіндегі тулақтай жарықтың аумағын кішірейіп, бұлдыр тартты.


...Аян әуелі қақпаны әдеппен тықылдатып еді, оны елеп - ешкім жауап бермеген соң жұдырығымен қойып-қойып жіберді. Біраздан кейін ғана есік сықырлады, шал жөткірінді, сосын башпақтың әдепкі сарпылы естілді.


— Не керек саған?


— Аш есігіңді.


Қақпа жыртиып қана ашылды; саңылаудан мыжырайған жабағы беттің жармысы, жалғыз көз, қызылшақа кепештіктің жармысы ғана көрінді.


— Не керек саған?


— Күрек, балта керек.


Сарпылдаған башпақ тықыры ауланы ұзақ қыдырып, не заматта қақпа алдына қайтып оралды.


— Бір теңге, — деді шал күрегін ұсынып. Сосын балтасын көрсетіп, — бір теңге, — деді тағы да.


Ол тінткілеп жүріп Аянның алақанынан тек күмісті ғана теріп алды, қолжуғышқа барып сабындап жуды, көйлегінің етегімен сүртті де, бастырмада ілулі тұрған көн аяққапқа тастай салды.


— Дунька!..


Терезе алдында кесте бізбен орамал жиегін әдіптеп отырған қыз самарқау көтерілді де ісін жиып, дастархан жазды; Жөгер ежелден кешкі тамақтың тәртібі мен дәмін бұзған емес, Дуня күндегі әдетінше столға бір шөген аршымаған картоп, үш-төрт сабақ пияз, қара нан мен шала ыстанған екі-үш балық әкеп қойды. Тек туесоктегі бал сыраны көргенде ғана шал немересіне алара бір көз тастады; қорашсынып қалғаны, қорашсынғаны - бүгін ішемін дегені еді. Қыз туесокті қайта толтырып әкелді де терезеге теріс қарап отырып алды.


Сағал-сағал су сорғалаған терезеде тұңғиық мақпал түннен басқа қылау жоқ. Қыз тұңғиық тақпал түннен өзіне қадалған өз суретін көрді, туесоктен шырмауық жапырағын іліп тастап жатқан атасын көрді. Шатыр күмбірлейді, терезе тырсылдайды, әлде қайдан тықылдаған балта дауысы естілді. Пеш астынан дамылсыз безектеген шілделік шырылы болмаса үй іші тым - тырыс. Үй төбесі аласарып, босағасын аттасаң төріне бірақ жететін қуықтай бөлме онан сайын тарайып кеткендей болды; дүниенің кендігі енді ғана есіне түскендей: иығын зіл басып, мынау бір өлімдей тыныштық кеудесін сығып жіберді. Тағы да машина ышқынды. Қыз елегзіп тағы да тысқа үңілді; түн тұңғиығын тесіп үлкен жолмен көздей екі жарық ағып өтті, үй іргесінен де қос жанар жыпылықтап жанды да сөнді, жанды да сөнді.


* * *


Дворник терезеден жосылып аққан жаңбыр суын сыпырып тастап жатыр. Үлкен жолдың бұрысынан тағы да қос жанар шыға келді. Аян дүркін-дүркін машина фарын жағып сөндіріп еді, бірақ, бұған жолаушы жауап бере қоймады; қос жанар дөң басына баяу жылжып көтерілді де, құйрығындағы безерген қызыл ноқатын жыпылықтатып лезде жоқ болды.


Ол дворникті тоқтатып тастады. Тағы да тас қараңғы; көкжиектегі болар-болмас бозғылт кемерден басқа аспанда саңылау жоқ, ағаш басы сарнап, аздап желемік тұра бастады. Жауырыны мен тізесінен өткен сыз тоңазытып барады. Тәніне жабысқан су киімнен тула бойы тітіркеніп отыр. Шыдымды сора - сора аузы да қи татып кеткен тәрізді; өзегі талып, құрсағы сазып, ыстық ас тіледі.


Ақ самауырды зыңылдатып қойып, сарыла күтіп отырған анасы елестеді; тысқа сан шығып, сан кірген шығар; бір ауыз тіл қатпастан төсегінің тұсында қақшиып отырған әкесін көрді - түзде не бітіретінін кім білсін, әйтеуір, үйге келсе әкесінің бар қарекеті сарбауыр айғырдың бабы мен төсегін күзету, сосын бес намазы; қабырғада — шлем киген төрт солдат, төртеуі де соғыста шейіт болған. Қара шал күні бүгінге дейін төрт баласының ортасында отырғандай сезінетін. Аян соғыстың қайғы - қасіретті жылдарында ана құрсағының ең соңғысы болып дүниеге келіпті де, такаббар әкенің назарынан тыс қалыпты. Бір жанды еркелетіп, не мүсіркеп көрмеген әке кенжесін де азамат деп менсінген емес; салқын, бала-шағадан, қатын-қалаштың күйбең тірлігінен бойын таза ұстайды, оның ақсүйектігіне Аянның бір мінезі ұқсамаған. Баласы не істейді, не қояды, бұл ошақта ол бар ма, жоқ па оған бәрі бір; қолынан ешнәрсе қақпайды, қой деп айтпайды. Кейде: "осы шал мен өліп қалсам да қыңқ етпейтін шығар", — деп ойлайтын.


Кеуліне жетімдік кірді. Іштей өзін өзі тағы да сыбап алды. "Бұ не ит тірлік?.. Бәлду-шәлду өткен күн... Көрінген жердің жырасы мен жықпылында батпаққа аунап, көрінгеннің босағасынан баспана іздеп сандалған пәтуасыз жаңда не қасиет болушы еді. Қасиетсіз... жек көрсе жек көргендей екенмін - ау!..." — деп назаланды.


Қатын ал деп қыштаған кемпір, шал жоқ. Қатын аламын деп жұлынған бұл жоқ. Махаббаты тасып бара жатқаны да шамалы. Қара іздеп елегізген сәуіріктей салпы етектің соңынан шаба жөнелгені де әншейін дарақылық.


Ол багажникті ашты да шағын ғана транзисторды алып былай қойды, қобыраған қағаз қиқымдарының арасынан бір түйір қатқан нан тауып аузына салды. Транзистор ысқырып -ысқырып жіберді. "Вы слушаете голос Америки. Передаем последн..." қарлыққан еркек дауысы тұтығып барып жоғалып кетті де эфирде "Маяк" программасының позывнойы ғана қалды... "По просьбе любителей симфонической музыки..." Үлкен жолдың бұрысынан селкілдеп тағы да қос жанар шыға келді. Жаңбыр суына шомылған терезеден быжырқай сәуле жамырады. Быжырқай сәуле жігіттің бет-жүзін, кабинаның қуыс -қуысын тінткілеп біраз шайқалып тұрды да жоқ болды. Шыны бетіңде жыпылықтаған қызыл ноқат қалды.


Белі сірескендей болды. Шаршаған екен. Ықтағы жақтау терезені түсіріп, аяғын тысқа шығара көсіліп жіберді де, көпшікке шалқалап жата кетті. Салқын ауаның лебі есіп, тынысы едәуір кеңіп қалды. Сытыр-сытыр жапырақ кемірген жаңбыр, бір қалыпты өзен сарыны, қарағай басының баяу ысылы... Сосын Григ... Ұйқылы-ояу жігітке ұйқылы-ояу қоңыр үннің лебі келеді... "Бейіш...бейіш?.. Қайдағы бейіш?.. Е-е, бәсе... қара шал екен-ау..."


Көңлім менің қараңғы. Бол, бол, ақын!


Алтынды домбыраңмен келші жақын.


Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,


Бейіштен үн келеді қоңыр салқын...


Ол біраз уақыт Абай өлеңдерін кезіп кетті. "Адам бір боқ көтерген боқтың қабы, Боқтан сасық боларсың өлсең тағы..." Маған қатыстысы осы болар деп тоқтады. Екі аяқтының ең қоры бір өзідей-ақ әртүрлі ойға қалды. Замандастарын есіне алды. Мұнан басқаның бәрі де тырбанып әр жерде оқып жатыр екен. Екі жыл болды, Алматыға сандалып барып, конкурстан өте алмай сандалып қайтып жүр. Әдебиет мұның не теңі еді. Тыраштанып, таңдамай, талғамай жұрт секілді зоовет яки СХИ-ға түскенде ел қатарлы оқып жүретін еді ендігі... Әзірге әкесінің бір сиырына жыл сайын зауал боп тиіскені болмаса ол да белгісіз... Әйтеуір, баранка мұның маңдайына жазылмаған кесіп... Әйтеуір кеуілінде бір үміт, көкірегінде бір саңылау бар.


— "Вода, вода! Кругом вода! Шумит вода!..."


— Оттапсың! - бір толқында Григпен бәсекелесе мөңіреп жатқан әлдебір әншіні жақтырмай қалды. Эстраданы сұқаны сүймейтін. Алматыдан екі жылдағы жиған-тергені екі сандық увертюра мен Тәттімбет. Транзистордың шкаласын жылжытып еді, бірақ, әлгі бір құрып қалғыр "вода-водасы" тілінің ұшынан кетпей манадан бергі қиялынан адастырып жіберді де, ақыры өзінің күйкі тірлігіне қайтып оралды. "Көкем құнажынды сапы ма екен? Ескертпегенімді қарашы. Ішетін, жейтін ауызға бір отпускной не болсын..." Әлгі Алматы сапары да таяп қалған.


Желемік басылған тәрізді. Сытыр-сытыр жапырақ кемірген жаңбырдың ұсақ тамшылары мен іргедегі өзен сарынынан басқа дыбыс жоқ. Мұны Григ те тастап кетіпті.


Тықыр естілді. Екінші есіктің әйнегін төмен түсіріп тысқа үңілді; елестей қарауытып шалдың құнжиған денесі, сосын жүн-жүн басы көрінді. "Осы шіркіннің есі дұрыс па өзі?.."


Желі солған артқы бір доңғалақтың дискасы да көрінбей кетіпті; Аян сипалап жүріп күрек пен балтаны тауып алды да, шалдың аяғына былш еткізіп тастай салды.


— Сен - ақ малдан, — деді шал. — Маған енді қажеті жоқ.


— Жеркенесің ғой?.. Әлде тағы да үш сом жеті тиын берейін бе?..


— Түкіргенім бар сенің үш сомыңа!


Кабинадан "маяк" программасының позывнойы естілді:


— Биологический спутник, выведенный советскими учеными на космос, сегодня встречается с планетой бурь...


Аян баспалдақты теуіп - теуіп етігінің балшығын қақты да кабинаға көтерілді.


— Мировая пресса на видных местах помещают последние сообщения ТАСС...


Торшолақ күрсінді.


— Өледі ғой. Анау атты неге босатпайсың?


— Сенің шаруаң емес!


— Мүмкін менің шаруам шығар.


— Атты қайтесің, онан да үйге кіріп ауыз жылытып шықсай.


Шал галошты пимасын сүйретіп үйіне беттеді; жалғыз терезенің жетім сәулесінен оның құнжиған денесі зорайып көрінді, үй іргесіндегі тулақтай жарықта жаңбыр тамшылары әлі де секіріп билеп жатыр екен.


Аян босағадан ұзамай кідіріп қалды. Босағадан ұзамай етігін шешті, тер мүңкіген шылғауын жасырыңқырап қойды. Шақыруын шақырса да Жөгер оған өбектеп ишарат жасаған жоқ; жігіттің басқан ізін, тақтай еденде қалған су шұлықтың таңбасын бағып біраз тұрды да, Аян сәкіге барып отырған соң ғана шамның білтесін басты, стол үстіндегі бос туесок пен табақты ыдыс-аяқ сөресіне тығып, пердені қымтады, ағаш шелек пен бадейканың қақпағын жапты.


Нар үстінен құс жастық пен ала шыт көрпенің бұрышы көрінеді, көнелеу кенеп көйлектің жеңі салбырап жатыр.


Жөгер көкірегі сырылдап баспалдақпен ұзақ көтерілді. Құс жастықты жұдырығымен салып-салып жіберіп, екі-үш аунатты да.


— Дунь! - деді.


Аян есікке көз тастады: шалдың миқиған пимасы мен өзінің салтақ-салтақ керзі етігінен басқа түк таппай тағы да шалға бұрылды; Жөгер жатып қалған екен, жастық үстінен қызылшақа қаңылтыр басы ғана жылтырайды.


Әуелі тықыр естілді. Пеш кенересіне құрылған келте шымылдық желпіді де балықтай қызыл сан көрінді, көкшіл сарафанның етегі, сосын бөксе, сосын Дуняның өзі шықты.


Ыдыс-аяқтың салдырын естіп шал тағы да басын көтерді; қызы үш-төрт тілім нан, оншақты мундирлі картопты, бір туесок балсыра мен кетік стаканды қонақ алдына әкеп қойған соң ғана жастығына қайта қисайды.


Аш өзекке ішкен балсырадан Аянның ептеп басы айналып, екі беті дуылдады. Дуняға бірдеме айтпақ болып екі-үш дүркін ұмсынды да төбеден аңдыған қырсық шалдан жасқанды ма, құр қыздың аяқ-басына телміріп, пұшайман боп отыра берді. Темекі тартайын деп оқталып еді, тағы да шалдан қорықты, ақыры бойы дел-сал ауырлап, көзіне ұйқы тығылып, маужырай бастады да, Дуня пеш үстіне қайта шығып кеткен соң барып бұл да алақанын жастанып тілдей тақтай сәкінің үстіне қисайған болды. Тыста жел де, жаңбыр да басылған тәрізді; пеш іргесіндегі шілделік үні мен шатырдан аққан тамшы тықыры ғана қалыпты, анда-санда әр жамбасына аунап түскен қыз күрсінісі естіледі.


"Осыларда ой - зиын деген бар ма екен? Ит арқасы қиянда, үрерге иті жоқ жалғыз үй отырған неткен жандар? Өмір емес тозақ қой..." Әншейінде, күнде келіп, күнде кетіп жүргенде осы бір ошақтың тірлігіне мән берген емес. Әрберден соң, Жөгердің заимкеде отыруы міндетті сияқты көрінетін; біреу болмаса біреудің өкімет ағашына қорықшы болуы керек те. Оның үстіне, ішкенге мәз, жегенге тоқ адамдар да бар ғой. Пенде біткеннің бәрі увертюра мен Тәттімбетті тыңдап, институтқа түсуі хақ емес шығар - ау. Шал болса әне-міне өлерінің шағына жетіп отыр, былайғы жұрттан бір уыс топырақтан басқа не тілейді. Қыз дейсің, қыздың да пәлсапасы белгілі; көп болса байға тиер, бала табар, осыдан басқа онда қандай арман қапты...


Жамбасына тақтай батып, ұйқысы қашты; көзім іліне ме деп шамды өшіріп еді, білтесі құрғыр су тезектей бықсып, көпке дейін танауынан керосиннің иісі кетпей қойды. "Қап, шылым шексем ғой, мына шал үйінен қуып шығады..." Ауыртпалығы осыған батқандай тағы да қыз бен шалдың тірлігіне шомды; мылқау адамдардай томпиып - томпиып екі жерде жатқан "пақырларға" жаны ашыды. Нар сықырлады. Енді шал күрсінді. Ол да ұйқтамаса керек...


Бұл үйге жат адамнан жан бас сұқпағанына қай заман. Діні басқаны былай қойғанда, танымалды маңайына жуытпайтын ежелгі кержак бүгін аяқ-астынан салт бұзды. Соған өзі де таң. Енді намазы қаза болғандай - ақ тынышы кетіп, елегізіп жатыр. Ары аунады, бері аунады; денесі қызды ма-ау, табаны мен алақаны күйіп, тұла бойын жылбысқы суық тер басты, жүрегі қақты; үстіндегі зіл көрпені теуіп тастап еді, бәрібір ыстығы басылмады. Бар кінәні медоктан көрді. Тағы да өзін-өзі сөкті. "Тозған екенсің!... Шамаңды білмесің бар, әкеңнің көз - құны қалғандай ішіп не көрінді!.."


Ақыры шыдай алмай шал жерге түсті; төменде біршама қоңыр салқын екен, сипалап жүріп қиуы қашқан шиқылдақ орындықты тауып алды да стол басына кеп қисайды. Таңдайы құрып қалғырдың тағы кеуіп бара жатқаны... Неден ұшынсаң — содан емдел деуші ме еді... Үй іші тастай қараңғы болса да туесоктің қай жерде тұрғанын жазбай танитын әдеті.


— Деда!.. Қойсаңшы енді!..


— Ысқырмай тыныш жат!..


"Іш атауыңды! Өлсең де ішші енді!.." — деді ол.


Бірақ іше алмады. Өз асынды өзің іше алмаған қиын екен, түн ортасында ұрлық істеген адамдай бұқпантайлап...


— Әй, байеке, тұр! — деді сосын Аянға.


Аян кетік стаканның шетінен анда-санда нәумез ғана тістеп қойып, қарсы алдында кебіндей ағараңдаған ақ көйлек - дамбалды бағып біраз отырды.


— Шам жақсақ қайтер екен?


— Немене, аузыңды таппай отырмысың?


Шалдың тағы да шабына түртіп алармын деп жігіт қайтып тіл қатқан жоқ. Терезенің пердесін сырды да, сәкі үстіне қайта жантайды.


— Леспромхозды жабады деді ме? Әлде өсек пе?


— Мал совхозы болады деген сөз бар.


— Е-е, әйтеуір, баяғыда бір құрық ұстаған ел-жұрт едік дейсіндер ғой... Ол да жөн. Табылған шаруа. Жол саламыз деп, леспромхоз, рудник деп шыбыштың өлі түбітіндей жұлмалап тайганы да құртып едіңдер...


— Бәрі де пайдалы ғой.


— Мүмкін. Қамыт пен қамшыдан басқа ғұмыры түк көрмеген біз секілді шаруаның мәстегі нені білсін...


Туесоктің түбі көрініп қалған екен, Дунядан қымсынды ма, айызы қанбаса да Жөгер екінші мәрте лагонге ұмтыла қойған жоқ.


— Иә, сонымен не бағатын болдыңдар? Бұл өңірге қыл құйрықтыдан басқа түлік симаса керек еді.Одан да жұрдай боп жұтап қалдыңдар. Әлде есектен үйір салатын шығарсыңдар?..


— Есек болмаса бұғы бар, марал бар.


— Оны бағатын сен бе?


— Сіз де бағыпсыз ғой. Әлгі Кривоноговтың шалқып тұрған шағында...


— Сенің әкең де сіңірі шыққан кедей емес болатын. Құдайға шүкір, заманында ол да мың қаралы жылқы айдаған.


— Деда!..


— Сен маңырамай тыныш жат! Жақсылап қасынып алсаң, ұрғашыға содан артық пайда жоқ!..


Әктелген абажадай пештің үңірейген көмейінен басқа көзіне ешнәрсе шалынбай отыр; енді ғана тілі шығып, зәуімен әңгімелесейін дегенге Аян да түкпірге теріс айналып тон -торс жатып алды; Дуня да ұйқтап кеткенге ұқсайды, қызы құрғыры тірлік күйбеңінде қолғабысқа жарағаны болмаса еркек кіндікке түбі серік болатын жекжат емес ой. Немере түгіл анау ет - бауыр Настядан не тауқымет көрді? Енді мынау албасты да бір нәрсеге шатасып, түбі абұйырсыз қалып жүрмесе неғылсын... "қоламтадан табылған құнсыз бақыр едің... кіндігінен азған тексіз мұндар!.." Қарадай немересіне ашуланып, екеуін де бықбырт тигендей таяқтап қуып шыққысы келді.


Тас қараңғыдан ба, басы айналды, көз алдынан қызылды - жасылды ұшқын ойнақтап, құлағы шулады; әйтеуір бір ызың әуелде көрдей түнерген төрт бұрыштан естілгендей болып еді, бірте-бірте белгісіз мұңлы гуілге айналды; ұлыған пеш мұржасы екен, тағы да жел тұрғаны - ау, жел тұрса күннің айығуына көрінгені ғой.


Сәкі сықырлады. Тарғын тельняшканың теңбілі мен көкіректе айқасқан екі қолдың нобайын аңғарды. Бүйірден бір теуіп оятып жіберсем бе деп те ойлады. "Әкесінің төріне шыққандай керілуін!.." Аянға қарап отырып бір сәт Федорды есіне алды; қаншама азаптанып көз алдына елестетіп баққанымен ұлының тұлғасын көре алмады, ымырттың алакеуіміндей күңгірт буалдырдың ар жағында тұрды да қойды. Құдай-ау, оның да әншейін көңілде ғана қалғаны ма?..


* * *


...Ол бір мазасыз қыстың шағы еді, ұзақ таңдарды талай дүркін дәл осы пештің үңірейген көмейін аңдып, әлсін-әлсін терезеге телміріп, елегізумен өткізетін мазасыз көп түндердің бірі еді ғой. Одан бері де, міне, аттай жиырма жылдың өтіп кеткені...


Соғыстың біткеніне де үш жыл толып қалған-ды, бірақ сонау қырық бірінші жылдың күзінде ел ортасына қоныс аударған Жөгердің төрт бірдей көршісінің бірде бірі омартаға қайтып орамалды; бірі - шаңырақ иесінен айрылып, түтіні мүлдем өшті де, ауыл тірлігіне сіңісіп кеткен, енді біреулері айдаладағы заимкеде өмір бар-ау деп менсінген жоқ; қора -қопсы, үй-жайдың бәрі саудаға түсіп, тып-типыл йен жағада жарбиып Жөгердің жалғыз баспанасы ғана қалды.


Сол бір жылдың қысы да ересен болып еді; боқырауда басып қалған қалың қар алты ай бойына алақаншықтатты да сары сүзектей созылып кеп майдың аяғында бір-ақ шықты. Әншейінде де ат ізі түспейтін заимкеге Федордан басқа келіп - кеткен тірі пенде болған жоқ. Жапанда жалғыз жортқан қашқында тағат бар ма, ол да құр бір түндік ес қана, қоналқылық суыт жүрісі үй ішіне әбігер, әкеге күйзелістен басқа дәнеме әкелген емес міндетсіп келіп, тонап аттанатын. Сосын тағы да Настя екеуі өлік күзеткендей қу молада күннің батуын, таңның атуын тілеп состиып қала беретін-ді. Адам басына не қасірет киліксе де көтере береді, бұл жалғанда тек жалғыздыққа төзу киын екен; Жөгер: "Жол ортасында атың өлмесін, жер ортасында қатының өлмесін" — дегенді де алғаш рет сонда есіне алған еді. Агафияның зары енді өтті; бас ауырып, балтыр сыздайтын күн туар, қыз болса кісендеп ұстамайсың, ертең ол да тайып отырады, ұлдың түрі анау — сайда саны, құмда ізі жоқ қаңғырып жүрген. Бұрынға бұйығы Феодор емес, мінезі де өзгерген, азуына түссе күшігін де шайнап тастайтын арландай қанын ішіне тартып, ар - ұр етіп бет қаратпайды. Әке ме, қарындас па, бүгінде оған бәрі бір, бәрін де жаудай көреді. Барар жер, басар тауы қалмаған тірі өлікке шынында да бәрі бір еді. Бұл тірлік қашанға дейін созылмақ?.. Мұны жатса да, тұрса да Жөгер де ойлайтын. Ойлайды да ішіне қан құйылғандай кеудесі сыздап жөнеледі. Бірақ ойлан не, ойлан ба не, қолдан келер қайран шамалы. "Өзіңе де сол керек, алдымен сені өлтіретін адам жоқ" — деп тағы да өзін сөгіп тоқтайтын.


Қора төбесіндегі шөп сағдарын суырған құйын, сынық терезені сылқ-сылқ қаққылаған жел ызыңы, ұлыған пеш мұржасының мұңды гуілі дәп бүгінгідей құлағында қалыпты; шана ма, шаңғы ма, үй іргесіндегі күртік қардан әлде не сырғып түскендей болды да ес жиғанша есік дүр - дүрс ете қалды; әдепкі кикілжіңнен соң дүрде араз боп тоң-торыс отырған үй-ішінің астан - кестені шықты. Жалғыз бөлмеде паналар далда табылушы ма еді, сасқанда погребті де ұмытып Федор нар үстіне қойып кетті.


Милиция ма деп қорқып еді, орманшы - егерь Жақып қарт екен.


— Мына боран адам жұтатын шығар, адам жұтар, — деп сөйлей кірді. Тұла бойын мұз құрсап, сіресіп қалған пимасы мен тон, тымағын зорға шешті деп пеш алдында үрпиісіп отырған Жөгер мен Настяның қасына тақау жайғасты.


Жөгер амалсыз көнді; силады, тезірек кетсін деп сөзге де айналдырмай, құрғақ шылғау, ит терісінен тіккен қолғабын да берді, бірақ, бойы жылынған қарт пеш қызуына төселіп отырып ап оныкі - мұныкы мылжыңға басты. Бүкіл тайгада бит жоғалса тауып алатын кәрі кезден үй-ішінің тинәмдай заты да қағыс қалған жоқ; іргеге сүйеулі Федордың берданкасынан бастап, босағадағы киіз байпақ, бұтыл етіктерді түгел санап шығып:


— Тамыр, немене, үйінде қонақ бар ма? — деп нар жаққа көз қиығын бір тастап қойды.


Жөгердің маңдай тері бұрқ етті; әлгі бір матқапыда Федордың киім-кешегін де тыға алмай қалған екен: "заул болмаса игі еді, қап, ақмақ басым!.." Өз өзіне зығырданы қайнап, ақыры бұлталақтай жауап қатты:


— Әлгі біздің марқұм қатынның Покровкада жалғыз жиені бар еді... Іш, іше отырсай... — Жөгер Жақыптың алдына туесокті тықпалай берді.


Бұрынды-соңды дәм-тұз татырып көрмеген кержақтың аяқ-астынан жалбақтай қалғанына таңырқады ма, қаба сақалды еңгезердей ала көз қарт асты самарқау қайырып тастады да, еңкейіп қонышынан шақшасын суыра беріп тағы бір дүркін нар үстіндегі қобыраған көрпе-жастыққа көз жіберді.


— Тамыр, кешелі-бүгін бейсауат аңшы кезіккен жоқ па?


Риясыз жайбарақаттығынан айрылып, бұрыш-бұрышты тым тіміскілеп кеженінен қонақтың секем алғанын Жөгер де сезе қойды.


— Күні-түні пештен түспейтін мен байғұсты кім іздеуші еді, — дей салды. — Немене, жоқ қуып жүрмісің?


— Белгісіз ұры қыс бойы қорықтағы бұғы, маралға бөрідей тиіп, тыным бергенді қойды. Із кесіп едім, осы өзекке түскен тәрізді. Мынау бораны құрғыр кедергі боп адастырып кеткені.


Үй иесі жауап қатқан жоқ, қонағынан тіксінгенін де жасыра алмай кібіртіктеп отыр. Абыржып, әртүрлі аласапыран ойға қалды. "Монтманысығаны ма, әлде шыны ма? Жоқ іздеп жүр ме? әлде Федордың ізіне түсіп кеп отыр ма?... Қырсық құдай тағы да қақ төбеден ұрды десей!.." Жаратқан иесі жағыз ұл берген екен, оны да сорына бола беріпті. "Талақ боп жабысты - ау мұндар!.. Тажал боп... қара басына көрінсе бір жөн..."


— Тамыр, қонағың асқа қарамайтын ба еді, бөле-жара ішкен дәм тәтті.


— Суық сорған ба, қызуы көтеріліп, келе жығылғаны... Болсайшы, қазаныңа тас түсіп кеткен бе?! — Жөгер өз өзінен мәңгіріп, есеңгіреп қалған Настяға қадалды. Қыз бейшарада не жазық, екі шалдың алдына енді не қоярын білмей ит әуреге түсті; тағы да туесокті бал сыраға толтырды, тағы да нан тұрады, бірақ бұл кезде Жөгер қызына неге айқайлап, неге жұмсағанын ұмытып та кеткен еді; есіл-дерті Жақыпта, әуелі сөзге алдандырсам ба деп ойлады — не айтардың есебін таппады, сосын пеш көмейінде маздаған қызыл қарағайдың жалыны әлдебір сұмдық ой салды: "осыны қылжита қойып, анау шоққа атып жіберсе күлін кім табады..."


Құдайдан қорықты. Өз пиғылынан өзі шошынып, төбе құйқасы шымырлады. Мұның ниетін іштей сезіп қойды ма, Жақып та қос - ауызын қолына алып, қыраудан тершіген стволын шүберекпен құрғатып жатыр екен. Аждаһаның аузында жалғыз қалғандай тағы да жан терге түсті; Федордан дыбыс бола ма деп еді, тіпті тірлік нышанын байқатар емес: "Табыттағы өліктей тырп етпеуін шошқаның!.."


— Ал, тамыр, ас-суыңа рахмет. Боран ішін тартқанға ұқсайды.


Жақып қарт кетісімен Федор да берданкасын өңгеріп, іле-шала зытқан-ды. Жөгер кір-қоңын жудырып, қашан милициясы сау етер екен деп көп күндер жол торыды. Еш хабар болмады, Федор да сол кеткеннен зым-зия жоғалған. Тек қар кетіп, жер дегдігенде ғана Көр торғайдың өзенінен орманшы - егерь Жақыптың сүйегі табылыпты, көшкіге кетіп өлген екен десті жұрт. Бір шамаға дейін түсі бұзылып жүрді; көзі ілінсе болды, ала көз дәу қара шал кеудесіне мініп алып қылғындырады келіп, бірде өндіршегіне тақалған қосауыздың ұңғысын көреді, енді бірде тағы сол ала көз дәу қара шал мұны ойбайлатып жалын атқан пеш көмейіне нығарлап жататын да көк терге шомылып, шошып оянатынды...


Федор шілде туа қайтып оралды. Оралып соғарын Жөгер де білген; тайга көп болса бірді жасырады, бір жыл жасырар. Сосын... Қайда сіңіп күн көреді?.. Оның үстіне өзіндігі жоқ, өзі білері жоқ, үнемі әкенің аузына, алақанына телміріп, арқандаған атша заимкеден ұзап көрмеген, үйкүшік болып өскен адамға былайғы дүниенің бәрі қорқыныш, бәрі үрей; алты жыл бойы сандалумен күн кешкен ит өмір жетесін үзіп, хаюан қып жіберген.


Жөгер ары ойланып, бері ойланып, Ойманға1 от деп ақыл қосты. Федор оған қыңқ еткен жоқ, бар кінәні әке мойнына арта сап жата берген. Қырсық болғанда дәл сол жылы жол құрылысы басталды да жағада келімді-кетімді адам қаптады, біреу болмаса біреудің көзіне түсіп, ыбыр-сыбыр көбейді; Жөгерге жұрттың бәрі осы үйді торитындай көрінген. Үй-ішінде дүрде - араздықтағы басталды. Ақыры, амалы таусылған әке бір күні баласына: милицияға өзің бар, әрі кетсе он жыл түрмеге кесер, — деді. Мүмкін ұстап берерсің, осыдан тырп етсең қан қылам деген Федор. Әкелі-балалы қан болып төбелескен, егер Настя болмағанда кімді кім өлтірері белгісіз еді...


Шілденің дәп осындай жауынды түні болатын; өлім іші боп таяққа жығылған шал бір жұмадан соң есін зорға жиды. Ертеңгісін сал байлауға жұмысшылар келуге тиіс еді, әмбе нөсерден кейін сел жүріп кете ме деп қауіптеніп, зауқы соқпаса да бакенді байқап қайтуға амалсыздан тысқа шықты.


Иен жағада ес болар ешкім жоқ; қарауытқан қыбырсыз қора-қопсы, милықтан басқан қарақошқыл аласа аспан, мылқау орман жан-жақтан қаумалап үрей туғызды. Бұта -қараған, томар - түтіршік атаулы қыбырлап, көзіне әлдебір елес, құбыжықтай көрінді де, соңынан біреу өкшелеп келе жатқандай жөн - арқасы шымырлап шал жаман қайығына зорға жетті. Тек жағадан жылжи беріп, бейне тозақтан сытылып шыққандай "үһ" деді. Жалғыздыққа, түн баласына еті өліп кеткелі қашан: "осы мені қуған қандай үрей, алжиын дегенсің - ау" - деп жұбатқан болды.


Қайықты едәуір жоғарыдан салған-ды, ағынды су лып еткізіп оп дегенше жартас түбіндегі бакеннен бір-ақ шығады. Бакен жартылай суға батып кетіпті, сықыр-сықыр әткеншек теуіп, бірде шөгіп, бірде көтеріліп ыңырсып жатты. Айналасын шұқылап көріп еді, ілінген салынды, тығылған тас - қиыршық таба алмады, бірақ зілдей, белгісіз салмақ су түбіне тартып сірестіріп тастапты. Түртініп отырып әлдебір арқанға қолы тиді, арлы-берлі ырғап көрді, едәуір жердегі ағын ығында бір зат қозғалатын сияқты, арқанды ырғаған сайын қармақ ұшындағы шоршыған балықтай бұлқынып, аунап түсті. "Мордушкасын бакенге байлаған қандай бір қаскүнем ит болды екен!.."


Багордың ұшы қамырға тигендей былқ ете қалды да шалдың денесі түршігіп, сырығын кейін тартып ала қойды. Жақындап баруға қаймықты, желден көлегейлей отырып аспа фонарды тамызды да жоғары көтерді; арқан ұшынан тұлыптай боп ісіп кеткен өлікті көрді. Селтеңдеген қос бұтыл етік пен су сабалаған күртенің екі өңірінен Федордың киімін таныды да, жүрегі тас төбесінен шығып, шал шыңғырып жіберді...


Сылбыраған ақ жауынның астында түн жамылып Настасья екеуі көр қазды. Талай жыл тірідей тығып ұстаған жалғыз ұлдың өлігін де ел көзіне шалдырмай ұрлап көмбек болып еді. Сондағы қорыққаны, қорғаштағаны бір жаны. Таң құланиектене өзенге келгенде су бетінде қылт - қылт әткеншек тепкен бакен мен бос арқаннан басқа дым таппады. Ертіске құяр атырауға дейін барып қайтты; тінтпеген тосқауылы, сырық салмаған ой - шұқыр қалмады. Ақыры діңкесі құрып қойған-ды. Кейін, сал айдаушылар Зерендегі сал тоқырайтын тұйықтан әлдекімнің сүйегі табылыпты деген әңгіме айтысып келді. Іздеп бара алмады, баруға дәрмен жетпеді. Тым құрыса бір уыс топырақ бұйырмай жалғыз ұлдың сүйегі де айдалада қалды...


* * *


Үңірейген пеш көмейінен басқа түк көріп отырған жоқ; ұлыған мұржа, безектеген шілделік, өз самайының лықылы, жүрегі әлі аузына тығылып отыр екен. Аян да Дуня да тым - тырыс. Сипалап жүріп пимасын тауып киді, шолақ күпісін иығына іліп, сүйретіліп тысқа шықты.


Сорайған сұпытсыз көлеңкесін жетегіне алып өзенге тартып келеді. Жауыннан соңғы терістен тұрған ызғырық жел орманды ұлардай шулатып, теңіз толқынындай арсы - күрсі құтырынып тұр екен. Мұз құрсаған жалаңаш төсін ызғырыққа беріп Үш - қоңырдың ұшар басы шыныдай шаңқиып меңірейіп қапты. Бұлт ыдыраған. Сары алқаның қырқасында ортасынан ауған көмескі ай қалтырайды.


Балақ-жеңінен жел есті, денесін сыз қарыды. Ызғарлы түннің алакеуім сағымы көшкен мылқау өңірде өзінен басқа қыбыр еткен жан бар ма екен? Көзіне оғаш шалынған Аянның лесовозы ғана; белінен шойрылған дәу мақұлықтай бөксесінен шоңқиып, батпаққа белшесінен кіріп кетіпті. Өзен сарыны күндегіден ашулырақ, тасқын айдаған дәу тастардың күтір - күтір дүрсілі естіледі.


Бұқтырма — ақжал құла екен; жағаны шайып, қара қайықты да біраз жерге сырғытып апарып жиекке лақтырып тастапты, лықсыған су арғы беттегі ескі арнаға да құласа керек, бүргенді жайылма лық толған, айдын - айдын, иірім - көлшік боп көз ұшында сағымданып жатыр. Іңірдегі қатты нөсер таудың қары мен селін тағы да бұзғаны ғой. "Бірде бие, бірде түйе" — дегендей, кейде момақан, кейде жыны қозған бақсыдай қырық құбылатын тау тентегімен талай жыл отасса да сырын ала алмай-ақ қойды; кеше ғана байлаған мордушкалар да жоқ, жартас түбіндегі қылт - қылт әткеншек тепкен ескі бакен де көрінбейді, бәрін жым-жылас жұтып қойыпты.


Жарды лық-лық сабаған көпіршік толқындарға телміріп ұзақ отырды; қалғып отырғандай еді: көзі жұмулы, көңілі әр сақта, мең-зең боп сандалып, беймағлұм мұнартта адасып отыр. Ой да бір тұңғиық, кешсең өте алмайсың, ұстасаң уысында тұрмайды, әйтеуір лыпып жатқан ағын су. Өзінің із - тозсыз ғұмырындай.


Тағы да бакенді іздеді. Жер бетінде Федордан қалған жалғыз белгі, жалғыз ұлдың табытындай көруші еді, оны да айдап алып кетіпті. Бар үміт, бар тірлігін осы өзен шайып кеткендей, іштей "енді мені неге жалмамайсың" — деп назаланды. Маңдайының бес батпан соры, "жазмыштың", "жаратқанның" алдында жалбарынса кешпейтін күнәсі бар өз мақұлығынан табиғаттың өзі де жеркенетін тәрізді. Алақанымен бетін басып отырып қалды. Саусағы қан сасығандай еді...


8


— Птичка!


Қыз селк етті, демін ішіне тартып, үндемеуге тырысты.


— Птичка, ұйқтап қалдың ба?


Ұйқы іңірде қашқан, іңірден бері тәтті бір қиялдың құшағында еді; алдымен көз алдына ауыл елестеді, көрген - білгенін ойша тере келіп, тұма басын есіне алды: "дүлей неме!" — деп сөкті өзін, - ерніңнен құшқанда емеурін де танытқан жоқсың. Истукан! Жол бойы, тағы да аймалап сүйсе екен деп тілеп еді, бірақ Аян ондай ишарат білдірген жоқ, сосын бәрін де жігіттің әшиінгі қалжыңы деп көңілі суып қалған: "ол мені қайтсын..." Дегенмен көңіл шіркіннің құрығы ұзын ғой, мана Аян үйге кіргеннен бері жүрегі алып-ұшып, өзін қоярға жер таппады, тайпа ел сиятын абажадай пештің үсті де тар келді. Жар құшағын аңсағандай, бір жастықта екі бастың түйісер сәтін елестетті, мойнына оралған Аянның білегін сезінгендей болды. Мүмкін Аян емес шығар? Бірақ, көз алдынан жігіттің едірек мысық мұртын қанша қуғанмен айналып келе берді, келе берді. Басқа жан көңілге қонақтар емес. Қиялда шек бар ма, болашақ нағайбыл тірліктің нобайы он мен түстей алмасып, басқа түсер жаулық, сүйсінер жар, омырауға салар нәресте, ошақ басының арманы бойын балқытып, жып-жылы сағынышты ғұмыр шымылдықтап тұрып алды. Оның аналық сезімі де бүгін оянғандай еді.


— Птичка!


Оның да ояу екенін білген. Атасы кетісімен-ақ сәкінің қайта-қайта сықырлағанынан дыбыс берерін сезіп, күтіп жатқан.


— Неге үндемейсің?


— Әншейін, — дей салды.


Тағы да тыныштық басты. Өз жүрегінің дүрсілін ғана естіп жатыр. Екі бетін жалын шарпығандай өртеніп барады екен. Сәкі тағы да сықырлады.


— Ертең не тірлік жасайсың?


— Оны қайтесің?


— Жай, әншейін.


— Қаракетті сен тауып берген жоқпысың. Үш дүркін еденді жуам, үйді қайтадан әктеймін...


— Сен осы тірлікті қойсаң қайтеді. Ауылға жүр, құрып кеткенде быткомбинатқа түсіп тігінші боларсың. Кешкі мектептен сауатыңды ашасың. Неден жасқанасың, қасында мен боламын. Өмір ме мынау...


"Тағы да баяғы сол жыры...быткомбинаты таусылмайды екен..." Қыз одан басқа лебіз күткен еді. Елегізген үмітшіл көңіл су сепкендей сап болды да әлгі бір тәтті қиялдан айырылып қалды. Бірақ сол көңілі құрғырдың не қалайтынын өзі де білмейді. Әйтеуір толқиды, толды да жүрек шіркін лоблып, тар кеудеден атып кете жаздайды.


Пеш кенересіндегі келте шымылдық дір етті.


— Қайда өрмелеп келесің?.. — қыз кеудесін қымтаған болды. Жігіттің демі таусылып, онан әрмен өңмеңдей алмай состиып тұрып қалды.


— Дуня, мен саған...бар шынымды... айттым ғой...


— Туасы, менен оқымысты шықпайтын болар. Ауылға сүйреп қайтесің. Бай құшып, бала тапқаннан басқа бізде не қадір.


— Ол да оңай шаруа болып па. Бала сүйдірген қатынның балағынан айналмаймыз ба...


— Қойшы өрі... бәдік...


Қос анарын күректей ыстық алақан қарып жіберді; сосын оның ыстық демі мен ерніне тұншығып, тула бойына ып ыссы бу тарағандай есеңгіреп жатып көрпесінің қалай ашылғанын білмей қалды.


— Құрғырды, мынау сасық комбинезонынды шешіп тасташы...


— Шалдан қорқам да...


— Бакенге кеткен болар... Ол енді тан сыза бір-ақ оралады...


* * *


Дуня бақылдаған тауықтың айқайынан шошып ояңды; есік ашық қалыпты, Аянның қай мезгілде тұрып кеткені де белгісіз, үй ішінде жем іздеген шұбар мекиеннен басқа жан жоқ сияқты еді, ұйқылы-ояу қалғып отырып нар үстіндегі құрақ көрпенің астында бір уыс боп бүк түсіп жатқан атасының бөксесін көзі шалды. "Өлім-ай!.. Қара басып неғып ұйқтап қалдым!.." Атасының қай уақытта келгенін де білмейді. Бір нәрсені сезгені де. Есікті бекер ашып тастамайды ғой. Аян қайда екен?..


Тыстан машинаның гүрілі естілді. Дуня апыл-құпыл сарафанын сұға салып пеш үстінен қарғып түсті, қобыраған бұрымын иығынан асыра бір серпіп, жалаң аяқ жүгіріп аулаға шықты, жүгіріп барып қақпаны ашты; бусанған жерден бықсыған қидың түтініндей ирелеңдеп бу көтеріледі, өзек ішін соқыр тұман басын қалды, тұман астынан тағы да машина ышқынды. "Тым болмаса бір ауыз жылы сөз айтып жұбатып та кетпегені ме?.." Ернін жымқыра тістеп алды, жанарына жас үйірілді. Төбеден ұрғандай дел-сал күйде қашаға сүйеніп біраз тұрды да шұқанақ - шұқанаққа іркілген қақ - көлшікті жалаңаяқ шапылдатып жүгіре жөнелді.


Бір біріне танау түйістіре кеп тоқтаған екі машинаның ортасында екі адам тұқыраңдап троспен алысып жатыр екен; бірі — түрік ерін, қасқа бас жалпақ қара — Дуня кешегі жол бойында кезіккен бейтаныс шоферді таныды.


— Ә, бикеш, аманбысың? Немене, бізді сусынға шақырып келдің бе? — деп әзілдей қарсы алды.


Қыздың дудыраған шашын, көзіндегі мөлтілдеген жасын көріп Аян сасып қалды:


— Не болды саған?


Дуня үндеген жоқ, тіктеп қадалған жанарында уыт бар екен. Жетіп келген бойда безеріп тұрып алды.


— Әлгі дүлей шал бірдеңе деп...


Қыз басын шайқады, май мен балшық аралас Аянның салтақ-салтақ бет-аузының әлем тарық кеспіріне күлді ме, жоқ әлде ойына басқа бір нәрсе түсті ме, аяқ-астынан түсі жылы, жымиып езу тартты да теріс бұрылып тағы да жүгіре жөнелді.


— Сенің осы қызыңның есі дұрыс па өзі? — деді жалпақ қара. — Кіскиіктей тым одыраңдап тұр екен.


— Қайдам, дұрыс болар.


— Дұрыс болса ана принципті ағыт,тағы да күшеніп көрелік. Тек жұлқыламай тарт, тросты үзесің.


Ес кетіп, жан шыққанда лесовозды батпақтан екеулеп жүріп зорға шығарды. Онан артқы мосты домкратпен көтеріл, дімкәс доңғалақты суырғанша шаңқай түс болды. Шаршап -шалдығып, таңдай кеуіп, енді темекіні ғана ермек қылып отыр.


— Сандалтып жексенбі күні қай құдайдың айдап келгенін... қаншама уақытым рәсуә кетті, — деп ренжіді Аян.


— Е-е, ағайын, шофердің күні осы да, бөдененің үйі жоқ, қайда барса бытпылдақ деген... Запас балонның бар ма?


— Қайдан болсын. Мен келемін де тез қайтамын ғой деп...


— Бауырым, қызық екенсің, бұл күнде тез біте қоятын оңай шаруа бар ма. Моншада отырып еденге кіші дәрет сындырғанда болмаса... Оған да күшену керек. Қылаяғы өкімет екеш өкіметтің жүнін де приемщиктің көмейіне бір жарытып тықпыштап жүріп әзер өткізіп келемін... Нысыпың кім өзіңнің?


— Аян.


— Мен Іскендір деген ағаң болам.


Сықыр етіп сұр қақпа ашылды да Дуня бадейкадағы кір суды күресінге ақтара салып, екі жігітке сүзіле бір қарап алды да қайтадан аулаға кіріп кетті.


— Рахат жер екен, — деді Іскендір айналаны шолып. - Ұжмақ қой. Қаракеттің керегі жоқ, өзі асырайды Бұл алжыған кәрі кержак айдаладан не боқ жейді десем...


— Қай бір жетіскен тірлік дейсің.


— Өзін далаға қонып шыққаннан саумысың?


— Үйде - ақ түнедім.


— Дәм-тұз татырды ма?


— Бұйырғанын татқан болдық қой.


— Қойшы, өгіз егіз табар... Шал қызын ірге жағына салып жатқан шығар?.. Бойдақ па едің?


— Иә.


— Үйленейін деп жүргеннен саумысың?


— Білмеймін.


— Оның да дұрыс, — деді ойланып барып. — Басынды шатып қайтесің. Ерте үйленемін деп мына ағаң да ешек мия жеген торпақтай мәңгіріп жүр. Қатын деген де пәле емес пе. Алты жыл тырбанып алты бөлмелі үй тұрғызып едім, шатырын жабар - жаппаста екіге қақ бөлем деп тағы итім шықты.


— Неге?


— Пәледен машайық қашыпты деген емес пе. Аюдай ақырып енең отырса, етіңнен ет кесіп беріп құтыларсың... Қой мен жөнелейін, қалған шаруаңды өзің тындырарсың, бауырым. Шылымың бар ма еді? — Ол "беломордың" бір қорабын Аянға ытқытып жіберді де орнынан көтерілді. — Қыздың сырт пошымы онша жаман емес екен, — деді тағы да жымиып, — бәрінен де қанша илесең де көне беретін көн пұшпақ па деп қалдым...


Онсыз да қырық жамау балонның тесігін табу оңайға түспеді, онан желімдеп, домкрат пен белтемірдің арасына жаныштап қойып тағы бір шама күтті. Азап екен. Қыр желкеден шаншылған ыстық күннің ап - табында еңкеңдеп насоспен алысқан соң не жан қалады. Ұйқысы да шала. Екі қары салдырап, белі ұйып, сандалып қалды. Шөл қысқасын қара су ішіп еді, сілекейі желім татып, онан әрмен құрсағы сазып, жүрегі төмен тартты. "Ай ит тірлік - ай!" - деп өзіне өзі ыза болды да делдиген балонды теуіп жіберіп көлеңкеге кеп қисайды. Жағаны айналсоқтаған қайдағы бір өгіз шағала бырқ - бырқ етіп төбеден кетпей жынына тигені... Атарға оғы жоқ, көгілдір аспанға сүзіліп кеп жатты. Әрберден соң шағала жайына қалды да көгілдір қақпаның сықырын аңдыды; тіпті қыбыр жоқ, күнде осы мезгілде кебісі мен мордушкасын сүйретіп жаға мен жалпиған қара моншаның арасында толғатқан қатындарша сенделіп кеп жүретін қырсық шал да көрінбейді. Ырылдап -гүрілдеп үлкен жолда толассыз сабылған машиналар да миды жеп барады. Қарап жатып іңірдегі жылы пеш, жылы көрпені, Дуняның ыстық құшағын аңсады. Артынша: "ау, бұл шіркін өмірдің өзі қалай-қалай боп барады" — деп тағы ойланды... Жоқ, дегенмен көңіл түкпірінде бір жұбаныш бар екен. Соған іштей жадырап, балаша қуанып, өз өзінен ыржыйып күліп алды. "Қой, бұл жатыстан береке шықпас, тұрайын" — деді. Сонан әне тұрамын, міне тұрамын мен ерініп жатып көзі ілініп кеткен екен, әбден маса талап, күн батар алдында күптей болып бірақ оянды. "Түу, ит - ай, енді болмағанда ісініп өледі екенсің - ау. Жарып тастай жаздағанын қарашы..."


Ауылға мысықша ұрланып аяғының ұшымен кірді. Жерошақ басында қазанның астын түрткілеп отырған Дунядағы басқа ешкім жоқ-тын, енді ғана қызға бұрыла бергенде:


— Мил, человек! — деген ту сыртынан шалдың зілді дауысын естіді. Жіпсік сарғыш көздері жасаурап, шатынап кеткен екен. — Төріме шықтың, адал асымнан дәм таттың -жаттығыңды салық қылғам жоқ. Алты аласы, бес бересің болмаса айналсоқтамай енді ауламды босат! — деді. — Дунька, проводи гостя!


Ол қызды немен жұбатарын білмей көп қиналды: көмейіне жылы-жылы сөздер оралып еді, бірақ бәрі де ернінің емеурінінде іркіліп қалды, әмбе өзі өз болып көшелі мінез жасап біреудің кеуілін аулап, есіркеп көрмеген пышана байғұстың қолынан не келсін; әйтеуір сүлдерін сүйреп машинасына зорға жетті. "Подлец! — деді. — Подлец екенсің - ау!.."


Машинасын оталдырып қойып тағы бөгелді; әлгі сайқымазақтығы да әншейін дүниенің кендігінде ғана көки беретін бекер пысықтығы екен, не кете алмады, не кет дей алмады: "әлі кездесеміз ғой, келіп турамын ғой" — дегісі келді. Оған да жарамай, ақыры қипақтап тұрып-тұрып кабинаға көтерілді. "Подлец! - деді. — Қорқарың бар, қосты неге тонайсың!.."


Есеңгіреген адамдай тіл - аузы байланып, мелшиіп қыз да кетпей қойды. Құмағаны ма, қиястанғаны ма? Аян еңкейе беріп қызды қолынан жұлқып өзіне тартты; ып – ыстық таныс алақаны тула бойын дір еткізгендей болды, бұладай аққұла шашынан күнсіген таныс иіс келді танауына, алабұртқан екі беті ернін оттай қарыды. Ол қызды лып еткізіп көтеріп ап қасына отырғызды.


Дуня Аянды тас құшақтап оның ала тельняжкасына танауын тығып ағыл-тегіл ұзақ жылады. Білегіне тамған қыз жасы омырауын шымшылаған ыстық леп жігіт көкірегіндегі бұрын оянбаған әлдебір сезімді түрткілегендей; ол әншейінгі қызға деген, қызылға деген тән ынтықтығы емес, есерлік те емес, ар-намыстан туған, жанашыр жақын бір жанға деген қимастық жылы сезім еді. Жігіттің мас жүзіне уәйімсіз, бейкүнә пәк күлкі жүгірді. Сосын қожанасыршылап: "Бұл да бір біткен іс болды" — деп есікті сарт жауып, газды басып қалды...


9


Осылай боларын ол өзі де біліп еді; таңғалған жоқ, арбаның алдыңғы доңғалағы қалай жүрсе, артқысы соның ізін басады да, жазымыштан қашып құтыламысың. Шиттей баламен йен заимкеге жалғыз тастап кеткенде Настасьяға да ренжіген жоқтын, ол өз кіндігінен еді ғой, енді Дуняға өкпелеп қайтсын, немере не бередінің кері дағы. Сонда да тақыр-таза жалғыз қалғанына әуелде сене де қойған жоқ, тағы бір айналып соқпас па екен деп елегізіп жүрді де тек апта өткен соң ғана күдерін үзді.


Леспромхоз жабылады деген дақпырт та рас болып шықты; жағадағы ең соңғы ағаштың жаңқасына дейін сыпырып-сиырып сал айдаушылар айдап кеткен, қылаяғы есік алдында ербейіп тұратын жаман торшолақтан айырылғалы қашан, үлкен жолдағы күндіз-түні толассыз сабылған көп машиналардың салдыры ғана болмаса талайдан бері Жөгердің мазасын алған тірі пенде жоқ. Сүр қақпаның топсасын тот басатын болды. Кей күндері ол тәулік бойы тырп етпей үйде жатып алатынды шығарған. Екі-үш күннен бері қызуы көтеріліп оның үстіне дімкәстанып қалды; алып бара жатқан ауру да жоқ, тек кәріліктің белгісі де: сүйек жұқарып, тән тозғанға ұқсайды. Жөгер селт етпестен бұған да уайымсыз көнді. Жалпы ол көкірегін қазандай қайнатып, жегідей күйдірген ащы қыжылдан құлан-таза құтылғандай еді, көз алдында қарайған адам болмаса, жан қинап, білек сыздатар қарекет болмаса бітеу жарадай дүмпиіп жата береді де әзіргі пұшайман тірлігі де, өзін өзі ғұмыр бойы азапқа салып тамам жұртпен атысып - шабысып, біреуге қан жұтқызып, біреуге қиянат жасап өткерген тиянақсыз өмір елестерi де бүгінде көңілден біржола өшкен. Туғаннан да, туыстан да, "күнәкәрлігі көп" былайғы дүниеден де безіп шығып, ес білгелі бері аңсаған бас бостандығына енді ғана қолы жеткендей рахатқа батты. Қинайтын — ар жоқ, қиналатын — артында қалып бара жатқан қимас арманы жоқ; бәрі де мұны алдан күтіп тұрғандай, ұжмағы ма, тозағы ма бұған бәрі бір.


Денесінен жалын лыпып, қара терге түскенмен қол-аяғы тастай қатып, шымырлап саусақтарының ұшынан жан кете бастаған тәрізді. Жөгер құдайына шоқынып басын көтерді де, бой жазып қайтайын деген оймен сүйретіліп орнынан тұрды. Буын кетіп қалған екен, тәлтіректеп пеш алдында сүйеулі тұрған көсеуге зорға жетті...


Күн қызарып батқан екен, Алтайдың ұшар басындағы ақ бұлттарда қан көбік мұнарт қалыпты. Ымырт басып келеді, жағадағы жарбиған жалғыз үйді жұтып, бүкіл тайганы бүркеп келеді. Байғыз қаңқылдады.


Ол доң басындағы зиратқа жеткенше артына қайырылып қараған жоқ. Көсеуге сүйеніп, аздап тыныстаған соң көз жіберіп еді, кешкі ымырт шымылдықтан қалған екен, дүние бұлдырап, жанарына топырақ тығылғандай қарақұрықтанып ештеңе көре алмады. Танауына да топырақ иісі келгендей, ол Агафияның бейітіне шөге түсіп, суық топыраққа маңдайын төсеп үн шығармай, ақырғы рет ақ пейілінен ағыл-тегіл ұзақ жылады...


Ол түні аспан кіршіксіз, ай кірбеңсіз туып еді...


1968 жыл. Апрель









Пікір жазу