28.01.2022
  18324


Автор: Таныстыру сөздері

Жігіт сұлтаны (таныстыру)

Аламанға бақ сынап мен де келдім,


Маржан сөзді жүректен мен де тердім.


Ассалаумалейкум баршаңызға,


Ілтипатпен сіздерге сәлем бердім.


 


Бәйгеге түссем бүгін ел атынан,


Демегін ұшу үшін қанатымнан.


Бойымдағы өнерді бағалаңыз,


Көрінердей жетелеп биік шыңнан.


 


Келсем бүгін жігіттің сұлтанына,


Қолдайды деп білемін жұртым мына.


Ұлы жүздің ұлына қараңыздар,


Ашып сіздер өнердің құлпын мына.


 


Ермекұлы Мақсат болам мен-дағы,


Әке жолын жалғастырар шынайы.


Анам Мақпал — жанарында мейрім бар,


Қолдайтын тек, қорғайтын тек ұдайы.


 


Мен неліктен байқаудан жасқанайын,


Жеңу үшін келгенмін, мақсат айқын.


Жігітімін қазақтай қайсар елдің,


Сөз берсе егер айтқанын орындайтын. 


                Жібек Искакова 


 





Комментарии

???
??? 21.04.2024 19:47
Керемет тақпақтар қалдырыңызшы... Пжпжпжажпжпж
21.04.2024 19:46
Керемет тақпақтар қалдырыңызшы ??
Ерсұлтан
Ерсұлтан 14.02.2024 17:10
зор

Пікір жазу