27.01.2022
  3674


Автор: Таныстыру сөздері

«Көктем аруы» байқауына

Иіліп сәлем берейін,
Армысыздар ағайын.
Мен де келдім байқауға,
Сыйлап таңның арайын.

Алмасқызы Адина,
Мен боламын, қараңыз.
Үндесейік сыйласып,
Алыс болмай арамыз.

Анам аты Қарлығаш,
Мейіріммен үндейтін.
Кіші жүздің қызымын,
Менмендікті білмейтін.

Келген ару Шығыстан,
Мен боламын жамағат.
Шүкірліктен танбайтын,
Бойында бар қанағат.

Көктем келді жайқалып,
Көк бейнесі байқалып.
«Көктем ару» сайысы,
Аруларға ой салып.

Баршаңызға сәттілік,
Серік болсын арулар.
Көктемдейін құлпырып,
Әрбірің бақ табыңдар!





Комментарии

07.03.2023 22:51
Сәлем. Менің атым Әсел. Маған көктем аруына таныстыру керек еді. Көмектесе аласыздарма

Пікір жазу