27.01.2022
  1810


Автор: Таныстыру сөздері

Байқауы бұл көктемнің

Сәлем бердім баршаға,


Иіліп мен ағайын.


Байқауында көктемнің,


Шамнан шырақ жағайын.


 


Нұрланқызы Гүлбану,


Мен боламын жарандар.


Таныстырам өзімді,


Маған қарай қараңдар.


 


Алтынайдың қызымын,


Жарқыраған күн, айдай.


Келдім Батыс жерінен,


Бұлбұлдайын мен сайрай.


 


Кіші жүзден тараған,


Мен қазақтың гүлімін.


Жүрегінен ағылар,


Әні менен жырымын.


 


«Көктем ару» байқауы,


Қызықты өтсін бүгінгі.


Сәттілік қыздар, арулар,


Жақсы өткіз бұл күніңді...





Пікір жазу