27.01.2022
  7325


Автор: Таныстыру сөздері

«Көктем ару» таныстыру

Армысыздар, мен келдім,
Бұл байқауға асыға.
Көктемменен бір келдім,
Қыс ызғарын жасыра.

Сәлем бердім иіліп,
Баршаңызға жамағат.
Солтүстіктің қызымын,
Қылар барға қанағат.

Ұлы жүздің қызымын,
Тек шындықты жақтайтын.
Ұқыптылық ұраным,
Өз-өзімді баптайтын.

Арманқызы Ақерке,
Болам гүлдей жайнаған.
Анам аты Құралай,
Адалдықтан таймаған.

Көктемнің бұл байқауы,
Шаттығына бөлейді.
Бүршік жарған ағаштар,
Әуенімен тербейді.

Ал арулар құлпырған,
Тек сәттілік тілеймін.
Кеш көңілді болсын деп,
Шын жүректен үндеймін.





Комментарии

МАҚСОТ ЖАНЕРКЕ
МАҚСОТ ЖАНЕРКЕ 02.03.2024 21:45
АРМЫЗЫЗДАР АҒАЙЫН,САЛЕМДЕСІП АЛАЙЫН ҰЛЫ ЖҮЗДІҢ ҚЫЗЫМЫН МАҚСОТ ЖАНЕРКЕ АТЫ ЖӨНІМ
МАҚСОТ ЖАНЕРКЕ
МАҚСОТ ЖАНЕРКЕ 02.03.2024 21:44
Салемдесу

Пікір жазу