26.01.2022
  166


Рысбек Рамазанұлы

«Құрдымға кеткен елдер» мақаласын сынаушыларға [сұрақтарға жауап]

«Құрдымға кеткен елдер» мақаласына сілтеме.


Бір қызығы мақаланы оқып шошынған білгіштер кітаптан гөрі әбден миларына сіңіп кеткен «википедия» - ға жүгіргені көрініп-ақ тұр. Жақсы, солай-ақ болсын. Бірақ сол білгіштеріміз интернетті де шала-құла оқығаны өкінішті.


Бұл мақаланы жазуға танымал жазушы Игорь Можейконың: «Семь и тридцать семь чудес света» /Әлемнің 7 және 37 керметі/ кітабы түрткі болған еді. Мақаланы:


«Ақыр соңында әбден қансырап әлі құрыған бениндіктерді Англия, ал жоңғарларды Ресей қалпақпен қағып алды. Ғылым мен білімге арқа сүйемеген елдің тағдыры трагедиямен аяқталатыны бізге сабақ болса екен» — деген сөздермен аяқтадым.


«Бенинді – француздар отарлады ғой» — деп өре түрегелді. «Жоңғарды Қытай жаулады емес пе» — деп жерден жеті қоян тапқандай қуанды. Бірақ осы істердің қалай жүргенін, бениндіктердің еуропалықтармен қалай байланыс орнатқанын, ең алғаш 1486 жылы Жоао Аффонсо да Авейро португалдық адамның келгенін, одан кейін голландықтар, одан кейін ағылшындардың келгенін елеген жоқ. Олардың басты мәселесі соңында кімнің иелігінде қалды. Осы сұрақ. Енді осындай оқырмандарыма интернеттен де, кітаптан да нақты мысалдар келтірейін.


ЭВУАРЕ — ВЕРХОВНЫЙ ПРАВИТЕЛЬ БЕНИНА


«Эпоха расцвета Бенина, начавшаяся при Эвуаре, продлилась до начала XVII века. Затем наступила пора упадка. В народе Эвуаре считался не только великим правителем, но и чародеем, провидцем. Говорят, он предсказал, что один из его потомков закончит свои дни в неволе. В 1897 году Бенин был захвачен англичанами. Дворец оба был разрушен и разграблен, а сам верховный правитель отправлен в ссылку, где и умер спустя семнадцать лет».


Аталған аймаққа француздардан бұрын келген ағылшындар 1897 жылы ағылшындардың жазалау экспедициясы келгенде елдегі сұмдық жағдайды, король сарайындағы жан шошырлық көріністер мен осы кезге дейін аңыз болып айтылып келген қанқұйлы «бениндік дәстүр» туралы нағыз шындықты көрді. Ағылшындар мен француздардың арасында Нигерия мен Африканың батыс және оңтүстік аймақтары үшін өте күшті бәсекелестік болды. Себебі бұл аймақтағы құлдарды негізінен португал теңізшілері Бразилияға тасымалдаудан алда тұрған еді. Ағылшындар өздерінің Нигерия аймағын қауіпсіздікте ұстау үшін Бенинді француздарға беріп мәселесін шешіп алды. Қазіргі Африка елдерінің территориясы «саясаткерлердің сызғышымен» сызылғанына дәлел керек емес шығар.


Ал «Әлемнің 7 және 37 керметі» кітабында бұл жағдай толық жазылған:


И когда португальцев вытеснили голландцы, затем англичане, этот странный, не всегда мирный и в итоге губительный для Бенина симбиоз продолжался. Постепенно империя приходила в упадок. Покоренные области были безлюдны, хозяйство разрушено, в самом Бенине, военизированной империи, господствовал застой, а вельможи и жрецы, наживавшиеся на грабеже соседей, процветали. Они зачастую не щадили и собственных крестьян — народ бежал из страны. Целые поселки, даже районы Южной Нигерии были заселены эмигрантами из Бенина. Бежавший из Бенина царевич Гинува основал даже «эмигрантское» королевство Варри.


В последние десятилетия государство Бенин, потерявшее свое могущество, спрятавшееся в лесах, стало анахронизмом – с тщательно поддерживаемой властью оба и жрецов, с господством древних богов, рабством, отсталостью. Английская экспедиция, вторгшаяся в Бенин, заставила вельмож и жрецов содрогнуться от страха перед неминуемой гибелью государства. И, как пишет английский историк Ян Бринкуортс, «массовые жертвоприношения в Бенине совершают лишь во времена великих бедствий: карательная экспедиция была самым великим бедствием в истории Бенина, может быть, за тысячу лет. В результате охваченный паникой, обезумевший двор обратился за спасением к богам…»


А ведь до этого в Бенине побывало множество путешественников и торговцев, которые оставили описания Бенина, где нет ни слова об особой кровожадности его правителей.


В описаниях кровавой гибели государства, в пламени сгоревшей в дни разгрома столицы как-то отошло на второй план открытие, сделанное завоевателями во дворце. «В королевском дворце, – пишет военный хирург рот, – на высокой платформе или алтаре во всю длину его мы нашли замечательных идолов. Все они были покрыты кровью… Среди них лежали во множестве бронзовые головы с отверстиями вверху, в которые были вставлены невероятных размеров резные слоновьи бивни. Трудно представить, какое они оказали на нас впечатление… Мы взламывали эти алтари…»


Начался грабеж. Бронзовые головы и плиты, изделия из слоновой кости вывозились в Англию и оседали в домах офицеров и чиновников.


1897 жылы ағылшындар басып алды.


Бениндіктердің бағалы бұйымдарын, тарихи ескерткіштерін дым қалдырмай тонағанда олардың қол көтеруге де мұршалары болмаған еді. Ағылшындар мен француздардың Бенин жерін қалай отарлағаны оқырманға енді түсінікті болған шығар.


Ал жоңғарларға келсек, оларды жаулап алған Қытай екені, хандығын ту-талақай еткені бәріне белгілі нәрсе. Мұндай қарапайым фактіні түсіну үшін соншалық ақылды болудың да керегі жоқ.  Ал шын мәнінде олар кімнің алдауына түскен еді? Кеше ғана Алтайдың арғы жағында мал бағып жүрген жоңғардың қолына отты қару ұстатқан кім? Көмектескен кім? Шын мәнінде жоңғарлар да бениндіктер сияқты оңбай алданды. Олар орыстың жымысқы саясатының құрбаны болған халық. Ал оның рахатын Қытай империясы көрді.


Ойлап қараңызшы, Бенинді португалдар мен ағылшындар сөлін сығып алғанымен, қызығын Франция көрді ғой. Міне, жоңғарлар да осының кебін киді. Орыстар қару ұстатып, екі халықты (қазақ пен жоңғар) әбден сілікпесін шығарып, ауыздарынан көбік аққанша төбелестірді. Сөйтті де, қазақтарды Ресей, ал жоңғарларды Қытай бауырына баса қойды.


Егер сіз расымен шындықты жақсы көрсеңіз «Әлемнің 7 және 37 керметі» кітабында, интернетте де бұл жағдай толық жазылған. Бұл туралы шексіз мысалдар келтіре беруге де болады. Ал жай ғана отырып алып сынаушылар қатарынан болсаңыз сізге википедияның жаңалығы жеткілікті.


Ең өкініштісі «бүйректен сирақ» шығаратын кейбір адамдарға мақалада айтылатын «негізгі идеяның» мүлде керек еместігі...





Пікір жазу