26.01.2022
  259


Автор: Жібек Ысқақова

Бір арнада тоғысты (әке тілегі)

Бір арнада тоғысты екі жүрек,
Ақ некенің басында бір жайғасып.
Жаңа отау түндігі ашылды бұл,
Екі жүрек лүпілі сөз байласып.

Құтты болсын, жалғайтын ақ арысты,
Ұлым менен келінім қол ұстасқан.
Жаңа өмір әкелсін қуанышты,
Барша адам мақұлдап, таң қалысқан.

Шын жүректен әкенің тілегі бұл,
Бар жақсыны арнайтын жүрегі бұл.
Баянды боп бақтарың, биік самға,
Көк айдында тербеліп, ұнемі бір.





Пікір жазу