26.01.2022
  392


Автор: Жібек Ысқақова

Тек бақытты болыңдар! (әке тілегі)

Ұлым менің келінім,
Тек бақытты болыңдар.
Бір-біріңе бақ сыйлап,
Толған айдай толыңдар.

Отауларың берік боп,
Қызыр баба серік боп.
Тек бақытты болыңдар,
Шаттығыңды беріп көп.

Ашық болсын жолдарың,
Қарақтарым, жандарым.
Әке жүрек тілейді,
Жақсылық көп болғанын!





Пікір жазу