26.01.2022
  508


Автор: Жібек Ысқақова

Бақытты бол ұлым мен келінім сол! (ана тілегі)

Тойға келген көпшілік, ағайындар,
Төрде отырған құдалар, салайын жар.
Жұғысты болсын бүгінгі той сіздерге,
Құдаларым, туыстар, ағайын бар.

Қол ұстасқан екі жас бақытты бол,
Қос аққудай айдында, жандарым сол.
Шын жүректен тілеймін өздеріңе,
Құлындарым лайым бақытты бол.

Шаттық кетпей шырайлы жүздеріңнен,
Қиындықта бір-біріңе дем беріңдер.
Бар жақсыны тілейді аналарың,
Қанат жайып айдында тербеліңдер!





Пікір жазу