26.01.2022
737
Үйлену тойға тілек (ана тілегі)
Ақ түйенің қарыны жарылған күн,
Шаттығы мен бөлейтін дүбірлі үн.
Бұйрығымен Алланың қалауымен,
Үй ішінен үй тікті ұлым бүгін.
Құтты болсын жаңа өмірің бастаған,
Аштың міне отауыңның түндігін.
Аппақ құсың бақ әкелсін басыңа,
Сақтап әркез отбасының бірлігін.
Қадамдарың оңды болсын жандарым,
Арайлы да, шуақты атып таңдарың.
Бүгінгі той ұлассын деп тойларға,
Шын жүректен ақ тілекті арнадым.
үйлену той үйлену той тілегі Құттықтау тілек үйлену тойға тілек отау құруға тілек жаңадан отау құру шаңырақ көтеру ана тілегі отау құру шаңырақ құру жас жұбайларға тілек екі жасқа тілек