26.01.2022
  2300


Автор: Жібек Ысқақова

Үйлену тойға ақ бата

Тойың тойға ұлассын,
Жиналған көп, жамағат!
Бастарыңа бақ қонсын,
Көңілде боп қанағат!
Жас отауға тілерім,
Мейірім мен шапағат!
Күннен-күнге жалғасар,
Таусылмайтын махаббат!
Жолдарың болсын, жас отау,
Биіктерге самғап тек.
Ата жолын жалғаңдар,
Қуанышта, күлімдеп!
Отауларың берік боп,
Қызыр ата серік боп.
Жаратқаным жар болсын,
Ризықтарын беріп көп!
Әумин!





Пікір жазу