26.01.2022
833

Қадамдарың оң болсын!
Жаңа өмірге бірге басқан,
Қадамдарың оң болсын!
Отауларың берік болып,
Жорытқанда жол болсын!
Ұл мен келін бақытты бол,
Жүздеріңде нұр ойнап!
Жалғай берсін шаттықты жол,
Жүріңдер тек той тойлап!
Ризықтарың мол болсын,
Бір-біріңе байланып.
Тойға ұласып тойларың бұл,
Бесік тойға айналып!
Үйіңнен кетпей мейманың,
Арта берсін иманың!
Ашық-жарқын көңілмен,
Бір-біріңді сыйлағын!
Ақ некелерің бақ болып,
Көңілдерің шад болып,
Бар жақсыны жинағын!
Бесік тойға келейік,
Жайнап тағы үй, бағың!
Әумин!
үйлену той бата тілек үйлену тойға бата отау құруға бата жаңадан отау құру шаңырақ көтеру отау құру шаңырақ құру Жас жұбайларға бата екі жасқа бата