26.01.2022
1210

Үйлену тойға бата
Отауларың берік болсын,
Қызыр баба серік болсын!
Ризықтарың мол болып,
Бақыт құсы келіп қонсын!
Бастарыңнан бақ таймасын,
Шаттықтарың ортаймасын!
Жұптарың бұл жазылмай еш,
Қиындықтар байқалмасын!
Жылы болсын ұяларың,
Қонақ кетпей үйлеріңнен.
Бір болыңдар, қол ұстасып,
Ең жоғары күйлеріңмен!
Тойың тойға ұлассын,
Жақындарың боп аман!
Сәби үні жалғассын,
Іңгалаған, жылаған!
Әумин!
үйлену той үйлену той батасы бата тілек үйлену тойға бата отау құруға бата жаңадан отау құру шаңырақ көтеру отау құру шаңырақ құру Жас жұбайларға бата