26.01.2022
  3957


Автор: Балаларға арналған ертегісі

Бұлт

Шарбы бұлт Қара бұлтқа күн бермеді. Отырса – опақ, тұрса – сопақ.
— Әй, Қара бұлт! Тағы да қабағың түнеріп кетіпті ғой. Жаумақсың ба? Әбден адамдарды ығыр ғып біттің. Өзіңде ұят деген бар ма? Мені қарашы. Қандай сұлумын. Үлпілдек ақ орамал секілдімін. Сен құсап жаумаймын. Адамдардың мазасын алмаймын.
Аспан араша түсті.
— Құр сұлулықтан пайда жоқ. Жердегі адамдарға нан керек. Оған Қара бұлттың еңбегі ұшан-теңіз. Егер жауын боп жаумаса, өсімдіктің бәрі қурап қалады, — деді Аспан.
Шарбы бұлт ойланып қалды. Қара бұлтпен достасуына тура келді.
Назгүл СЕРІКҚАНОВА.
ШҚО,     Глубокое ауданы,    Глубокое кенті.





Комментарии

Нұрмаханқызы Аяжан
Екі бұлттың таласын көріп аспан келіп оларды тоқтатып алды
Аяжан
Аяжан 15.01.2023 12:04
Өте қызықты болды

Пікір жазу