26.01.2022
735
![](/uploads/shorttexts/author_image/photo-65639.jpg)
Сүлгі
Қанат көшеде келе жатып жерде жатқан сүлгіні көреді. Ол жерден көтеріп еді, сүлгі жылап жіберді. «Мені кеше ғана Әлия сатып алып, аяғын сүртті, содан мен ренжіп, балконнан ұшып кеттім,» — дейді. Сүлгіні Қанат әжесіне береді, әжесі жуып, үтіктеп, іліп қояды. Сүлгі Қанатқа көп рақмет айтады.
Әсел ЖЕКСЕНҚҰЛОВА.
Алматы қаласы.
Сүлгі Әсел ЖЕКСЕНҚҰЛОВА 3-4 жастағы балаларға арналған ертегілер 2-3 жастағы балаларға арналған ертегілер