26.01.2022
842
Қорқақтар
Қорқа-қорқа қор болып, қапаланған қояндар бір күні бас қосып:
— Қалтырап өмір сүргеннен суға батып өлген артық! – деп келісіп, көл басына келіпті.
Көлге келген қояндардан шошынған бақалар тым-тырақай қашып, секіріп-секіріп суға түсіпті.
Мұны көрген қояндар:
— Дүниеде бізден өткен қорқақтар да өмір сүреді екен, біздің өлеміз деуіміз күпірлік болар, — депті де, айтқандарынан айнып, кері қайтып кетіпті. Ел аузынан.