26.01.2022
  1088


Автор: Балаларға арналған ертегісі

Қоян құйрығынан қалай айрылды?

Қасқырдың құйрығы болмапты. Түлкінің құйрығына қатты қызығыпты. Бір күні оңаша кездесіп қап, Қасқыр арманына жетті. Түлкінің құйрығын тартып алды. Оған өкінген түлкі жоқ. Кетіп бара жатқан қоянды тоқтатты.
— Құйрығың қандай әдемі! – деді майысып. – Тек қана маған лайық құйрық екен.
Әй-шайға қарамай Қоянның құйрығын жұлып алды. Содан бері Қоян байғұс құйрықсыз жүрген құсайды.
Айдана, Гүлдана ҚАРЕСОВАЛАР.
БҚО, Жәнібек ауданы. Жасқайрат ауылы.


Суретті салған: Бекзат Упан. Алматы облысы, Өтеген батыр кенті





Пікір жазу