26.01.2022
  880


Автор: Балаларға арналған ертегісі

Әкенің ақылы

Ертеде Фонетика деген қария өмір сүріпті. Оның Дауысты деген қызы, Дауыссыз деген ұлы болыпты. Дауысты «Менің даусым әдемі» дейді. Ал Дауыссыз «менің саным көп» деп дауласады. Олар көп дауласып, әкелерінің ақылына жүгінеді. Сонда әкесі:
— Сен, Дауысты, өзің жал-ғыз сөз сөйлей аласың ба?
— Жоқ.
— Ал, сен, Дауыссыз, көп болғаныңмен дыбыс шығара аласың ба?
— Жоқ.
— Ендеше тату болыңдар, — дейді әкесі.
Сонда Дауысты мен Дауыссыз қосылып, көп ойланып, «Әкенің ақылы» деген сөз құрап, татуласыпты. Осыдан кейін олар жұп-тарын жазбастан мәңгі өмір сүріп, халыққа қызмет жасапты.
Эльмира ТӨКЕН.
Райымбек ауданы,
Жылысай ауылы.





Пікір жазу