25.01.2022
277
Қыз бен жігіт
— Мен сені сүймейтін сияқтымын.
— Не дейсің?..
— Енді махаббат та жоқ.
— Неге?
— Кеше жер бетіндегі соңғы махаббатты жерлеу рәсіміне қатысқанмын. О тоба-ай.., ешкімнің жүрегі селт етпеді.
— Жоқ, жер бетіндегі махаббаттың соңғы дүрсілі менің жүрегімде соғып тұр. Әлі тірі. Міне, естігің келе ме?!
— Ол да бір күні сөнеді...
— ...
Екеуі соңғы рет құшақтасты да, бір-біріне у қосылған шарап ұсынды.
— Махаббат үшін!
— Мен де...