Екі дос
Екі ер жігіт дос болыпты, бір-бірімен жақсы араласып, сыйласып жүреді екен. Бір досы екіншісінің үйіне қонаққа барған екен,дастарханға шақырып шай ұсынады.шайды ұрттай берген кезде кесенің түбінде жыланның баласы жатқан тәрізденді.Үй иесін ренжітіп алмайын деп,шайды жұта салып үйіне қайтады.Үйіне барып лоқсып, асқазаны қатты ауырып,қиналады. Қанша дәрі дәрмек ішсе де, жазылмайды.
Досының ауырғанын естіп, екінші досы оны қайтадан қонақ болып кет деп,ет асып үйіне шақырады. Тура сол орынға жайғастырып мына кесенің ішінде сіздің ауруыңызға ем болатын дәрі бар,- деп ұсынады. Досы кесені ала бергенде тағы да сол жыланның баласын кесенің ішінен көреді. Бұл жолы қожайын бұған көңіл аударып, төбеге қарашы,- дейді. Төбеде ілініп тұрған сарымсақты көріп екуіде мырс етіп күледі. Екеуінің ұққаны шайға көк сарымсақтың бейнесі жылан сияқты болып түскені. Ауырып жүрген досы қателігін ұғып, досын құшағына басады.Ауруынан айығып , екі дос арасындағы түсініспеушілік тиылады. Кек сақтамай досыңа, ішімдегіні тап,- деп, үйдей пәле шығарма,- деген осы аңыздан шыққан.