25.01.2022
276
1991 жылы Көкшетау өңірінде өткен Абылай ханның мерейтойы кезінде Сырбай Мәуленов Шота Уәлиханға қаратып, өлеңдете жөнеледі:
- Жаңбыр жауды Шотаның шабытындай,
Сөз сөйлейді кейбіреу жағы тынбай...
Осы арада Қадыр Мырза Әли Сырбайдың сөзін іліп әкетіп, қалған екі жолды табанда сарт еткізіпті:
- Бұл қазақ өз бетімен ел болмайды,
Дер кезінде Шотаға тақ ұсынбай.
Оқырманға ескертетін жай: Қадыр ақын Шотаның төре руынан, хан Абылайдың тікелей ұрпағы екенін мегзеп отыр.
Әдебиет әлемінің әзілдері ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІ Көкшетау мерейтой Абылай хан сырбай мәуленов Шота Уәлихан өлең