24.01.2022
  373


Автор: Қазақ жерінің 100 аңызы

ҚЫЗӨЛГЕНКӨЛ АҢЫЗЫ (ҚЫЗ БАТҚАН КӨЛ)

Бұл оқиға жау әскерлері қазақ жерін құйындай басып алған жылдары болған деседі. Батырлар мен алыптар соғыста мерт болып, өз қорғаушыларынан айрылған халыққа уақытша бас июге тура келеді. Басқыншылар жеңіп алған халыққа шамадан тыс салық салады. Бір күні басқыншылар отряды Ақсу-Жабағылы тауын паналағандарға жетіп, салық төлеуді талап етеді.
– Анау алаңқайға қанша жылқы сыятын болса, салық төлеушілер соншама жылқыны, ал келесі алаңқайға – түйелерді айдап келсін, – деп бұйырады жасақ басшысы.
Далалықтар талапты орындап, барлық малын береді. Алайда, жау көсемі тойымсыз пәле екен, ру арасындағы сұлу қызды әйелдікке беруді талап етеді.
Аналар жылап, қыз-келіншектер күңіреніп, әдемі қыздарын жасырып, олардың беттеріне қара күйе мен саз жағып, сұлулығын көрсетпеуге тырысады. Тек бір әдемі қыз ғана жауларынан қашпапты.
Ол қолбасшының алдына шығып:
– Мен лажсыздан емес, өз еркіммен саған әйел болуға барамын.
Бірақ менің саған қоятын үш шартым бар: біріншісі – үйлену тойы менің руымның салтымен жасалатын болсын. Екіншісі – сен жорыққа шыққанда сенімен бірге жүремін. Соңғысы – сенің жауынгерлерің қашан да сенің артыңнан еріп жүруге ант берсін, – дейді.
Жау қолбасшысы қыздың әдемілігіне қызығып, оның қарапайым шарттарымен келіседі. Той болады, ал жауынгерлер адал болуға, қашан да оның соңынан еріп жүруге ант береді.


Тойдың соңғы күні – некелесу түні жақындайды. Сонда ару күйеуіне:
– Ей, әміршім, сен менің күйеуім болмастан бұрын, беташар салтын жасауға тиіссің. Ол үшін менің бетімдегі орамалды ашасың, ал ол біздің руымыздың салтында тау көлінің ортасында жасалады.
Қолбасшы қайық жеткізуге бұйырады. Некеленушілер қайыққа отырады, сонда олар тау көлінің ортасына жеткенде су кенеттен қозғалысқа келіп, шұңқыр пайда болып, қайық аударылады. Қыз бен қолбасшы суға батып кетеді. Көсемінің соңынан еріп жүруге ант берген жауынгерлер де суға бірге түсуі тиіс болатын. Бірақ оолардың ешқайсысы да түспейді. Сонда Аспан ант берушілерді жазалап, оларды кішкентай шымшыққа айналдырып жібереді. Шымшықтар орасан зор дауыспен жартасқа қарай ұшады. Бір-бірінен шошып, мықты ұябекініс құрады. Содан бері тауда сұрғылт қауырсынды жалғыз құс - көктеке пайда болған. Бұл сұрғылт құстан әлде бір қорқыныш сезіліп тұрады... Ешкім оны ұнатпайды, ол ешкімді ұнатпайды.
Бұл көрініске қалайша қайран қалмассың?! Халық құстың мінезқылығынан аңыздарға ұқсас белгілерді табады.
Ал өз халқын құтқару жолында өз өмірін қиған батыл қыздың жүрегі туралы аңыз әлі күнге дейін айтылады. Батыр қызды еске алу мақсатында көл Қызөлгенкөл (Қыз батқан көл), ал мал айдалған шабындық – Мыңжылқы, басқа шабындық – Түйежайлау деп аталған.
Кешкісін жазғы аңғарларға салқын төбелерден суық жел соққан кезде көл бетінде шымырлаған діріл пайда болады. Сол кезде оның ортасында шұңқыр пайда болады. Осы шұңқырға аузы жабылған шөлмек тастасаңыз, оны Ақсу-Жабағылы өзенінің төменгі ағысынан ұстап алуға болады дейді.


 





Пікір жазу