24.01.2022
  593


Автор: Қазақ ертегілерінің басты кейіпкерлері

Жалғыз көзді дәу

Жалғыз көзді дәу -   бейнесі бірнеше ертегіде кездеседі. Соның ішінде


«Жалғыз көзді дәу» атты ертегіде Дәу дүлей күштің иесі ретінде суреттеледі. Ертегідегі:


Бір күні аң аулап, шаршап, қатты ұйықтап кеткен екен, жер сілкінгендей дүбір, жер жарылғандай айғайлаған дауыстан оянып кетеді.


«Бұл не сұмдық», – деп орнынан ұшып тұрып, сарайдың терезесінен қараса, маңдайында жарқыраған жалғыз көзі бар дәу айғайлаған даусы жер жаратындай, астындағы мінген қара тұлпарының тұяғы тиген жер жерошақтың орнындай опырылып, буы бұрқырап, осқырынған күйінде сарайға шауып кіреді.


Жігіт сарайдың иесі осы жалғыз көзді дәу екенін біледі. Жалғыз көзді дәу тұлпарынан түсіп, сарайда бөтен иістің бар екенін сезіп, жалғыз көзі отша жайнап: «Кім бұл менің сарайымды иемденген, қазір көзіңді құртайын?!», – деп айғай салады» деген үзіндіден оның осал жау еместігі көрінеді.


 


Ертегіде дәу қырық күн, қырық түн ұйқы көрмей, тамақ ішпей, ел шауып, неше түрлі зұлымдық істеп, сарайына әбден әлсіреп келеді екен. Ол сарайына келген соң, қырық күн ұйықтап әбден әлденіп, қайтадан жорыққа шығып отырады екен деп баяндалады.


Мұндай адам жегіш дәу «Ақжан батыр» ертегісінде де бар. Оны өлтіру де оңай емес. Бұл ертегіде: «Есіктің тұсына таман қарсылай жүрсе, үйдің нақ ортасында жалғыз көзді дәу қолына үйде қалған байдың інісін алып, оны отқа қақтап жеп отыр екен дейді. Ақжан батыр киіп кетіп, жалғыз көзді дәудің тап көзінен көздей отырып, саржамен атады. Сол кезде дәу алты қанат киіз үйді көтеріп ала жөнеледі», - деп суреттеледі.


Қорқыт ата кітабындағы «Төбекөз дәу мен Бисат жырында» Төбекөз дәу қойшы мен перінің жақындасуынан дүниеге келеді. Жырдағы «Пері ұшып бара жатып: «Сен бұл ісіңмен оғыз еліне бүлік салатын болдың, келер жылы балаңды (аманатыңды) осы жерге келіп, алып қал», – дейді» - деген үзіндінің өзі алдағы болатын жаманшылықтың лебін сездіреді.


Төбекөз судан теңбілі жұлдыз болып көрінген, су түбіндгі алабажақ местен шығады. Аң аулап жүрген Баяндүр хан сол бұлаққа келіп, месті көреді. Қамшысымен ұрса, мес үлкейіп, жарылады да, ішінен жалғыз көзді дәу шығады. Аруз баланы ауылына апарып, асырайды. Емшегін емген әйел қансырап өлетін болған сон, Аруз баланы қазан-қазан сүтпен бағады. Оның жұдырығы тиген балалар өле берген соң, Аруз оны сабайды. Бір күні бала қашып кетіп, тау үңгіріне орналасады да қойшы-қолаң, өткен-кеткеннің етін жейтін болады. Қазан өзінің батырларымен барып, жеңе алмайды. Соғысқанда ол үлкен теректі тамырымен жұлып алып, ұрады екен, - деген үзіндіде Төбекөздің ерекше жаратылысы мен ерен күші сипатталады.


Төбекөз дәудің оңайлықпен өлмейтіндігі пері шешесінің сиқырлы жүзік кигізіп кеткендігімен байланыстырылады. Төбекөзді Бисат батыр ұйықтап жатқан жерінде қанжарын отқа қыздырып, көзін шығарып әлсіретеді. Дәудің сиқырлы қылышын тауып алған соң ғана Төбекөздің басын кесіп, ажал құштырады.


Жалғыз көзді дәу қазақ иран, араб ертегілеріне ортақ образ. Батыс пен Шығыс халықтарының көпшілігінде кездесетін жалғыз көзді дәу образы жайлы Едіге Тұрсынов ежелгі түркілердің дуалистік мифінде айтылып, кейін скифтер арқылы гректерге өткен деп тұжырым жасаған.


Зерттеушілердің болжамы бойынша қазақ ертегілеріндегі дәулер жалғыз көзді болса, парсыларда екі басты дәу жиі кездеседі. Яғни бұл


Жалғыз көзді дәу


 


сурет Жалғыз көзді дәу


 


Жалғыз көзді дәу фото


 мифологиялық кейіпкерлердің әр халықтың фольклорындағы ерекшелігін көрсетеді.





Пікір жазу