Кәрі сиқыршы
(Моңғол ертегісі)
Кәрі сиқыршы, Моңғол халық ертегісі, балаларға арналған, суретшісі Сопыбеков Бахауаддинбек, қазақша ертегілер, Педагогика-пресс баспасы
Баяғы өткен заманда кәрі сиқыршы өмір сүріпті. Бір күні оны хан шақыртыпты. Ол хан өмірінде еш қиындық көрмеген, сондықтан да өте қатал болатын.
Сиқыршы ханға келеді, ал ол:
- Мен сені ұлы сиқыршы деп естідім. Қанекей, өз өнеріңді көрсет! – деді.
- Хан ием нені көруді қалайды екен?
- Бәрібір! – деп тағатсыздана жауап қатты хан.
- Жақсы. Шыныға ыстық шай құй, оны осында қой да, өзің есіктің сыртына шық.Кәрі сиқыршы, Моңғол халық ертегісі, балаларға арналған, суретшісі Сопыбеков Бахауаддинбек, қазақша ертегілер, Педагогика-пресс баспасы
Хан оның айтқанының барлығын жасап, сыртқа шыққанда әдемі жылқыны көреді. Жылқы ханға қатты ұнайды. Ол атқа мініп алып шаба жөнеледі. Шаба, шаба ол белгісіз жерлерге тап болады. Бір кезде ат үстіндегі адамды түсіріп тастап әрі қарай шаба жөнелді, ал хан болса айдалада жалғыз қала берді.Кәрі сиқыршы, Моңғол халық ертегісі, балаларға арналған, суретшісі Сопыбеков Бахауаддинбек, қазақша ертегілер, Педагогика-пресс баспасы
Оның шалшық су ішіп, шегірткемен қоректенуіне тура келді. Аштықтан азып-тозған хан далада әрең-әрең жүріп, жейтін нәрсе іздестірді.
Бір күні ол кәрі әйел мен екі арық баланы кезіктірді. Әйел ханға оның барлық дүниесін ханның терімшілері тартып алғандығын, енді балалары аш қалғанын айтты. Хан олармен бірге өмір сүре бастады. Оның көктемде бір баласы ауырып, қайтыс болады. Ханның оған қатты жаны ашыды. Ол тасқа отырды да, қатты жылай жөнелді.
Осылайша хан қаншалықты отырғаны белгісіз, тыныштанып, жан-жағына қарағанда, өзінің балдахин астындағы тағында отырғанын, ыдыстағы шайдың да суып үлгермегендігін көреді.
- Қалай екен, хан ием, адамдардың қайғысын көре алдың ба? – деп сұрады кәрі сиқыршы. Кәрі сиқыршы, Моңғол халық ертегісі, балаларға арналған, суретшісі Сопыбеков Бахауаддинбек, қазақша ертегілер, Педагогика-пресс баспасы
- Көрдің бе сен ренжіткен адамдар қалай өмір сүріп жатқанын?! – деді де кәрі сиқыршы жоқ болып кетті.