21.01.2022
  175


Автор: Сайлаухан Нәкенов

Ән салмай жүрсе...

Ән салмай жүрсе бозторғайлары жанымның,
Туламай тұрса толқындары да қанымның,
Онда мен, онда қыздардың әсем күлкiсiн,
Бал бұлақтардың қоңырау үнiн сағындым.
Гүлдерге тұнып қалғанда сонау беткей бiр,
Төбемде қалқып айналушы едi, кетпей жыр.
Қаңтарда мынау көңiлдiң бағы көктей ме,
Сәуiрдiң саумал жаңбыры және жетпей жүр.


 





Пікір жазу