21.01.2022
158
Суға емес...
Суға емес, мен жарыққа шөлдеймiн,
Ой – электр, күнi-түнi сөнбеймiн.
Уақыттың станогымен өзiмдi
Қайта-қайта өңдеймiн.
Көремiн де бiр сәуленi ақ-қылаң,
Алдымдағы армандарға аптығам.
Қайратымның спорт залын жаңғыртып,
Жалғыз жүрiп жаттығам.
Қайықтардай қалмау үшiн қайырлап,
Дүниеге дүрбi салам пайымдап.
Мен өзiмдi әр сапарға шығарам
Ғарышкердей дайындап.