21.01.2022
117
Кеудемде бiр дыбыс бар
Мен де бiр кiтаппын,
Шыққандай баспадан.
Мiнезiм жұмбақ ол,
Сыншылар ашпаған.
Шу асау қиялдар
Шығандап барады,
Алдымда жолым бар
Басқалар баспаған.
Толассыз ойым бар
Толғағы пiспеген.
Отым бар, шабытым
Нажағай үстеген.
Сырым бар
Басқалар бiлмеген,
Жазбаған,
Кеудемде дыбыс бар
Нотаға түспеген.