21.01.2022
  149


Автор: Сайлаухан Нәкенов

Өнерлі дала

Сері далам, сал далам
Ән мен күйге қанбаған.
Көп болса да көл деген,
Тек өнерге шөлдеген.
Бар өнердің теңізін
Өз бойына жинаған.
Ықыластың қобызын
Ұрпағына сыйлаған.
Аққулардың билерін
Аруына үйреткен.
Сары Тоқаның күйлерін
Дарынына үйреткен.
Әсеттің де әніне
Тамсандырған осы жер.
Манарбек пен Күләшқа
Ән салдырған осы жер!
Сәкеннің сыр сандығын
Көзі көрген осы жер!
Сұлулығын, паңдығын
Өзі берген осы жер!





Пікір жазу