21.01.2022
118
![](/uploads/shorttexts/author_image/024208e04a903e9f14a45881eca9c55c-original.png)
Қарт жыраудың ғақлиясы
Көкiрегiңде мұңды ән бар,
О, қазағым, өз елiм.
Жырауыңның тыңдаңдар
Жалғыз ауыз ғазелiн.
Қолыңдағы дәулетiң,
Ол да бір күн көшедi.
Артыңдағы әулетiң
Басқаша күн кешедi.
Артық болар айбыны
Мейлi батыр, ез болсын.
Ең бір үлкен байлығы
Алдыменен жез болсын.
Мәнiн осы сөзiмнiң
Халқың болып ұғады,
Өз байлығың өзiңнiң
Даңқың болып шығады.