21.01.2022
  149


Автор: Сайлаухан Нәкенов

Саяткер, сәнді еру ел...

Саяткер, сәндi еру ел,
Күнде той, күнде серуен.
Бұқардан бiреу қыз сүйсе,
Арттырған алтын керуен.
Байлығын шашқан оңға да,
Байлығын шашқан солға да.
Жiгiттер тұлпар ұстаса,
Қыздары мiнген жорғаға.
Жағалай жатқан қырлардан
Жетi өзен жез боп нұрланған.
Геродоттың да аузымен
Бұл дала талай жырланған.
Бақытты жерiм, байтағым,
Сен жайлы шалқып айтамын.
Бүгiндi айтпай тұрып мен,
Өткенге барып қайтамын.





Пікір жазу