21.01.2022
161
Туған жер
Аяулым, арманды өлкем, арда мекен,
Өзіңнен басқа көңіл бар ма бөтен?!
Сен жайлы өлең жаза беру үшін
Өзіңмен бір жасауды арман етем.
Сырқаттан кейбір сәтте секем алып,
Отырам орманыңда жеке қалып.
Бір күні тентек тағдыр басқа жолмен
Мені де бір аулаққа кете ме алып?..
Өлмейді, өлтірмейді мұнарлы үміт,
Бүркітті бөденелер бұғар біліп.
Торғайдың тірлігін де тілеттіріп,
Бұл өмір қойды-ау саған құмар қылып.