21.01.2022
331
![](/uploads/shorttexts/author_image/untitled-5-4.jpg)
Белгілі балалар жазушысы Құрманбай Толыбай (1926–2004) қос самайында ғана селдір шашы бар, жалтыр бас кісі болыпты. Сол кісі “Балдырған” журналында істеп жүрген кезде сатирик ақын Оспанхан Әубәкіров (1934–1986) анда-санда келіп, Құрекеңе еркелеп “бас жазуға” тиын-тебен алып кетіп тұрады екен.
Бірде Құрекең Оспанханға:
- Осы саған қашанғы мен тегін бере бермекпін ақшаны. Мықты болсаң, кәнеки, мені мақтап табан астында өлең шығар! – депті.
Сонда Осекең мүдірместен:
- Толыбаев Құрманбай,
Жомарттығы қандай!
Құрекеңнің басы –
Тұтасымен маңдай, –
деген екен.
“Саған дауа жоқ”, – деп Құрекең ақша іздеп, тағы да төс қалтасына қолын сала беріпті.
Әдебиет әлемі әзілдері ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІ Әлібек Асқаров Құрманбай Толыбай Оспанхан Әубәкіров сатирик жазушы