20.01.2022
133
Аңсар
Қара түннің қабырғасын Таң сөккен,
Тірлік демі аңқып ұрар әр шөптен ...
Өркешінде шуда бұлттар ұйысып,
Төскейіме тау шөккен.
Көкжиекте қызыл арай бір әлем,
Кеңістіктің үнсіздігі — Ұлы әуен ...
Табиғат боп жүрек сөйлеп кеткенде
Қалай ғана шыдар ең?!
Таң шапағын құшақ жая қарсы алып,
Бозторғайлар бебеуледі аңсауық.
Қиялыммен қала бердім оңаша,
Қара өлеңге дем салып ...