20.01.2022
  227


Менің отбасым

«Отан отбасынан басталады» дегендей отанды сүю отбасынан басталады демекші, менің шағын мемлекетім сүйікті отбасым.


Мен әкемді, анамды, бауырларымды жақсы көремін. Әкем отбасымыздың тірегі. Ол біздің қалағанымызды алып беруге, бізге жақсы тәрбие беруге тырысады, бәрімізге қамқор. Анам отбасымыздың берекесі. Ол бізді еркелетеді, дәмді ас дайындайды, әкемді құрметтейді.


Мен бауырларыммен татумын. Мен үшін отбасы ештеңеге айырбастай алмайтын қымбат құндылық.


Отбасында адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер  қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім  жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі деп санаймыз.



«Өз үйім өлең төсегім» деп қазақ даналығында айтылғандай, өз отбасың, өз үйің әрқашан жылы, бәрінен жақын. Сол себепті де әр адам өз отбасын сыйлап, құрметтей білуі шарт. Отбасын қалай қадірлейміз, дәл солай Отанды да қадірлеп, қолдан келгенше аялауымыз керек!


Отанның бір бөлшегі отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн!





Пікір жазу