20.01.2022
  146


Ғылымның пайдасы

Мектеп қабырғасында жүргенде мұғалімдеріміз бізге "Мектеп – кеме,білім – теңіз. Барар жерге тез жетеміз" деп хормен айтқызушы еді ғой. Ол кездері бұл екі жолдың мағынасын түсінбейтін едік. Ал өсе келе ұғынамыз, көреміз.



Қазіргі таңда ғылым қарыштап дамуда. Ғылымның арқасында адамзат тұрмысына, өміріне қажетті жаңалықтар ашылуда. Ал ғылымның әр саласы білімнің дамуымен тығыз байланысты.


"Заман өзгерді ме, адам өзгерді ме?" деп жатамыз. Меніңше,адам өзгерді. Себебі,бүгінгі таңда адамдар біздің үш ұйықтаса түсімізге кірмейтін жаңалықтар ашып,өнертабыстарды жасап шығаруда.


Ғылымның адам өмірінде пайдасы үлкен деп ойлаймын. Тіпті,ғылымсыз бүгінгі күні адам өмірін елестету мүмкін емес. Ғылымның нәтижесінде алпауыт өнертабыс саналатын,барлығымыздың көз алдымызда жүрген компьютердің өзі адам кәдесіне жарап-ақ жүр. Небір ғалымдар күн,түн демей,көз майын тауысып, адам өміріне қажетті әрі көздің жауын алатын өнертабыстарды жасау үстінде. Әрине, көп ізденіс,көп тер қажет. Біз бұл өнертабыстарды қолдану себебіміз оның ыңғайлылығында деп білемін. Олар уақыт үнемдейді, адам істей алмайтын заттарды істей алады. Міне, ғылымның пайдасы осында деп білемін.





Пікір жазу