20.01.2022
  142


Автор: Айдар ТЕМІРБЕКҰЛЫ

Кітап білім бұлағы

Мектеп қабырғасында жүрген жылдарымда әдебиет-тарихтан басқа пәндерге аса ден қоймадым. Шынымды айтсам сабақ оқып қатырмайтынмын) Алтыншыға дейін жоғарғы сыныптардың әдебиетін оқып таустым. Одан әрі мектеп оқулықтарында мен қызығатын кітап қалмады. Содан сабақ оқуды мүлдем қойдым десем болады. Алтыншы сыныптан кейін, алтыншы сабаққа қатысып көрген бала емеспін)


Енді кітапханаға ауыстым. Ауыл кітапханасы мен үшін бөлек бір әлем еді. Сонда кіруге асығатынмын. Балаларға арналған кітаптарды ғана оқуға кеңес берген ұстазым болды. Бірақ ондай кітап шағын кітапхананың сөресінде шамалы ғана болатын. Табылған кітапты таңдамайда, талғамайда оқи беретін болдым. Мектепке алып барып сабақ үстінде оқимын. Үйде оқимын. Қанша кітап оқығанымды санаймын. Жүз кітапқа жуық оқығанымды бір сыныптасыма айтып едім. Сендіре алмадым. Тіпті өтірікшідей көріндім. Осыдан кейін қайтып кітап құмарлығымды ауызға алған емеспін. Содан біртіндеп жеке қалғанды, жұрттан оқшау жүргенді ұнататын болдым. Салт атқа мініп тау аралап, табиғат тамашалап, махаббат мазалап дегендей "біртүрлі бала" бола бастадым) Бірақ кейін өзімді дер кезінде тоқтатып, сабама түстім.


Баланың шамадан тыс кітап құмарлығы ортадан оқшауланып қалуына әкеліп соғады. Менің негізгі айтпағымда осы. Түрлі жанырда жазылған терең мағыналы кітаптар бала психологиясына әсер етпей қоймайды. Бойынан ойы озып кеткен бала өз қатарластарынан ана құрлым алға шығып кетеді. Озық жүрген жақсы әрине, бірақ өз қатарынан ортақ әңгіме табылмай оқшауланып қалатыны жаман. Не ерексектердің санатына жатпайды.


Бұл енді бұрынырақтағы әңгіме ғой. Дәл қазір мұндай жағдайға жеткенше кітап оқитын бала жоқтың қасы. Сондықтан тыңдайтын құлақ болса бір мезгіл кітап ашуға кеңес берер едім.


Мәдениет — кітапханалардан басталады. Мұхтар Әуезовтің "Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады" деген керемет сөзі бар.





Пікір жазу