meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  20.01.2022
  183


Автор: Арман Шеризат

* * *

Мың бұралаң өмірдің көшесімен,
Жөңкіле жылдар көшті неше түмен.
Әкетеді ақыры тұңғиыққа,
Батқан күннің бұлт сипап шекесінен.
Жүз құбылса жалғанның түр-кескіні,
Қоза түсер пенделер күндестігі ...
«Өмір — базар» деп жүрген кей адамдар,
«Базар — өмір» емесін білмес түбі.
Базаршылап кеткенде халық түгел,
Көңіліме менің де қамық түнер.
Көзін қойып кетердей өзін сатып,
Саудаласып үйренген сауықшыл ел.
Ойларымның бірі — үміт, бірі — күмән.
Бұл тірліктің басы — ашық, түбі — тұман.
Баянымен ән сап тұр қайыршы шал,
Баянсыз дүниенің бұрышынан.





Пікір жазу