20.01.2022
  218


Автор: Арман Шеризат

Қыранмен қоштасу

Тояттауға хақың жоқ, қолға қарап,
Қыран болсаң , қанекей, қомда қанат.
Иең сені бәтір-ау дәл өзіндей
Тұтқын етіп қоймақ қой торға қамап.
Қапастағы қайтесің ел тірлігін,
Зау биікке шық тағы, серпіл бүгін.
Тарысына тағдырдың қыт-қыттаған,
Тоналса егер тауықсың еркіндігің.
Қасиеттім болсаңшы, ездікке кек,
Ұшырайын босатып ... Мендік көмек...
Баба таудың иығын тұғыр етіп,
Қанатыңды жай-дағы, кеңдікке кет!
Көк аспанға кет енді, қарайлама,
Сызат салма, титтейін ар айнаңа.
Тобыр бізге еркіндік беріп пе еді?
Торда сені қалдырам қалай ғана?
... Шаңқ етті де рухын шақырды “кек”,
Шарасыз бір менде де жатыр жүрек.
Қанды көзін қадады ол қара жерге,
Мен де жерге қарадым ақырғы рет.


 


қыран буркіт суреті





Пікір жазу