meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  20.01.2022
  138


Автор: Арман Шеризат

Жасын

Беймарал ойын қуғызбай,
Бозөкпе шақта уыздай,
Ағыла кеткен ащы жыр —
ашуы айғыр қымыздай.
Тірсек бос шақта, күстабан,
Тәңірім беріп күш маған.
Өмірді білген кезде мен,
Өлеңнің жалын ұстағам.
Қара Жер — шешем, әкем — Күн,
Қайғысын қатар көтердім.
Жасынды сүйем өлердей,
Жасын боп кетер ме екенмін!..





Пікір жазу