meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  19.01.2022
  143


ҚИЗАТ МҰБАРАК

Теңіздерше жұмбақтау

Алыс жақтан ұнады ана жұлдыз,
Қалай бөлек кеткен деп қарап жүрміз.
Ана жақта біреудің сырғасы бар,
Жапырақтан түскенше сырласып ал.
Себебі осы аспанды ұлы құдай,
Алып кетпек қарамай шырылыңа.
Қанша теңіз тасталды басқа жаққа,
Адам құдай қалауын басқара алмас.
Кім біледі өзге бір теңіздерді,
Құдай бізден қосты ма егіз көріп.
Ана жақта айдын көл ойланады,
Құшағыңның түбіне бойлап ағып.
Ал, сен көлде жатырсың күн қақталып,
Тісті толқын денеңді шырмап талып.
Арасында шулаған өзің де емес,
Толқындатып бересің сезімге елес.
Иен жатқан қырқада өмір барма?
Иен жатқан аспаннан көңіл жаумай.
Адам өлсе, осы жер түгел өлі,
Буға айналып кетеді түрегеліп.
Адам өлсе осылар шошынады,
Елдің жасын жөргектеп қосып ағып.
Бұл ауада не қауқар, амал да жоқ,
Біз де содан шамалы алаңдап ек.
Білесің ғой сен тұрсаң орныңнан,
Теңіз бері жүгірер, долы мұңнан.
Адам келіп өзінше рахаттанып,
Адам кетсе жатқан теңіз екен ғой азаптанып!
Бұл теңізбен қоштасып түрегеліп,
Аспанға ұшып кеттің ғой жүре беріп.





Пікір жазу