19.01.2022
  302


Қабанбай батыр

Қазақтың даңқты қолбасшысы, елді жаудан қорғаған бақадүр Қабанбай батырдың есімі әркезде де халық жадында. Атамекенді жау қолынан тазартып, елдің амандығын ойлаған батыр қашанда құрметке лайық.


 


Батырлығымен тарихта қалған Қабанбай  1692 жылы дүниге келіп, 1770 жылы бұл өмірден озады. Осы уақыт аралығында халқының амандығы үшін жан аямай жаумен күресіп, халқына қорған бола білген ер азамат. Қабанбай батырдың азан шақырып қойған есімі – Ерасыл.Әкесі мен ағасы жоңғар жауынгерінің қолынынан қайтыс болып, батыр он алты жасында ағасын өлтірген жоңғарды өлтіріп, кегін қайтарады. Кейіннен апасы мен жездесінің қолында тәрбиеленіп, ер жетеді. Өзіңе шапқан қабандарды жайратып, содан ел арасында «Қабанбай батыр» атанып кетеді.


Жерін қорғау үшін қаншама соғыстарға шығып, қол астындағы жауынгерлеріне батыр қолбасшы бола білді. Тарихтан мәлім Аңырақай шайқасына қатысып, Ертіс бойындағы соғыстарда болып, Абылай ханның бас батыры атанады. 1741 жылы Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауды жеңгені үшін «Дарабоз» атанады.


Батырдың өмірін Бұқар жырау, Ақтамберді, Тәтіқара ақын-жыраулар жырларына арқау етіп, жазушы Қабдеш Жұмаділов «Дарабоз» романын жарыққа шығарған. Қазіргі таңда елімізде қала көшелері батырдың есімімен аталса, әр қала батырдың ерлігіне арнап ескерткіш бейнесі қойылған. Мұның бәрі батырдың ерлігін өскелең жастарға насихаттау. Сол арқылы жастардың жүрегіне туып өскен елге, халқына деген сүйіспеншілігі мен махаббатын арттыру, патриоттық сезімін ояту.





Пікір жазу