19.01.2022
  530


Жол жүру ережелері.

Жол жүру ережелері біздің өмірімізді қорғаушы құралдар. Көшеде жол жүру ережелерін сақтап жүрсек қауіптен алыс болар едік. Жол жүру ережелерін балаларға балабақшада, мектепте үйретіледі. Жол бойындағы әртүрлі тақтайшаларда жол жүру ережесі жазылған. 


 


Әр ереженің өзіндік белгісі болады. Әдете барлығы дөңгелек немесе үшбұрыш тәрізді белгілер болып,сол арқылы көлік жүргізушілері жолда тәртіпті сақтап жүреді. Жол ережесін сақтау бұл өмірімізді қауіпсіз сақтау болып табылады.


Көшеде жүру үшін әуелі бағдаршамды үйрену қажет. Жолдың қарсы бетіне өту үшін бағдаршамның жасыл түсі жанғанын күтіп, сары түсте дайындалып, қызыл түс жанғанда тоқтап тұру керектігін басты үйрену қажет. Жолдың ортасында адамдардың жүруіне арналған сары мен ақ түсті жолақтар бар. Жәнеде жолда жөндеу жұмыстары болып жатса, айналып өтуді көрсететін белгі тұрады. Сол арқылы жолды айналып өтуіміз қажет.


Көп апаттар жол ережесін сақтамағаннан болып жатады. Сол себептіде көшеде жүргенде жол ережесін дұрыс сақтап жүруіміз керек. Өйткені өмірімізді сақтау өзіміздің қолымызда.





Пікір жазу