Наурыз
Наурыз - қазақттың жаңа жылы, жыл басы. Иә, қазақтар әуелде күн жылып жаңа тіршілік басталған көктемнің бірінші айында жаңа жыл туады деп есептеген. Расымен де көктем ерекше мезгіл, қар еріп, жер көгеріп, мал жайлауға оралып, егін егіліп айнала жаңашылдықпен оянатын кезді жаңа жыл есептеу ағаттық емес болса керек. Әр жылдың 22 наурыз күні адамдар жиналып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірігіп дастархан жайып, келе жатқан жаңа жылды тойлап, улап, шулап қарсы алады.«Наурыз» сөзі парсы тілінен шыққан, «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Ал қазақтарда наурызды "аман" деп те атаған екен.
Әз наурызды тек қазақтар ғана емес, көптеген мұсылман елдері тойлайды. Олардың айырмашылықтары да жоқ емес. Айырмашылық тек тағамдарда болмаса, жаңа жыл бәрінде жаңа жыл. Қазақтарда бар жақсының аты балаға берілсе, наурыз мерекесінің құрметіне қойылған есімдердің саны да баршылық. Мәселен Наурыз, Наурызбай, Наурызгүл... Наурыз сондай-ақ ешқандай діни мереке емес, себебі бұл мереке әр түрлі күнтізбе негізінен атап өтілген.
Наурыз өте ерекше мереке. Әлі күнге дейін еш өзгеріссіз келе жатқан мерекелердің бірі. Наурыз көже, алтыбасқан, түрлі дәмділер мен ұлттық ойындарға қарық болып тойланатын өте бір керемет мереке десе де болады. Наурызды ертеректе жайлауда мал сойып, ауыл әйелдері жиылып, бауырсақ пісіріп, көже пісіріп тойласа, бүгінде бұл дәстьүр сақталып көшелерде тойланатын болған. Сондай ақ арнайы осы мереке үшін мемлекеттік мекемелерде демалыс беріледі.Ал наурыз қарсаңында мектеп оқушылары 3-тоқсанды аяқтап, екі апта демалысқа шығады.